Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 14 мамыр. 12 мамырда Астанада классикалық шахматтан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы аяқталды. Турнирдің басты қаһарманы атыраулық 16 жастағы Зарина Нұрғалиева болды — ол блицте барлық қарсыластарын жеңіп, әйелдер арасында «алтын» иеленді. Әйелдер турнирі аса тартысты өтті: 13 турдың қорытындысы бойынша бірден төрт шахматшы 9 ұпайдан жинады. Титул тағдырын тай-брейк шешті. Финалдық блиц-партияларда Зарина мінсіз ойын көрсетті — Меруерт Камалиденованы 2:0 есебімен жеңіп, ел чемпионатының алтынын атыраулық спортшы қоржынға салды. Заринаның еншісінде бұған дейінгі Қазақстан чемпионаттарының «қола» және «күміс» жүлделері, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтыны және 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы блицтен әлем чемпионы атағы бар.…

Read More

Caspianlife, 14 мамыр. Жуырда Семей қаласында Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейтхановты еске алуға арналған турнир өз мәресіне жетті. Журналистер арасында өтетін дәстүрлі республикалық турнирге Атырау өңірінен де БАҚ қызметкерлері қатысты. Он екі комада бақ сынасқан тартысты додада Атырау құрамасы өз тобынан жеңіліссіз шығып, ширек финалда турнир жеңімпаздары, яғни, Абай облысынан пенальти сериясында есе жіберген болатын. Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған футбол жарысына Атырау өңірі бастапқы жылынан қатысып келеді. Екі жыл қатарынан турнирдің қола жүлдегері де атанды. Осы ретте, Атыраулық тілшілер байрақты бәсекеге қатысуына қолдау білдірген Атырау облысы әкімдігіне, облыстық ішкі саясат басқармасына және «Атырау» футбол клубының…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр.  Маңғыстауда дәрігерлер 7 жастағы баланың өмірін аман алып қалды. Құрық ауылында басына темір құбыр құлаған бүлдіршінге облыстық көпбейінді балалар ауруханасында шұғыл ота жасалып, ауыр бас-ми жарақатынан кейінгі жағдайы тұрақтанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылынан 7 жастағы бала жедел-жәрдем желісімен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Тұрмыстық жарақат салдарынан баланың басына НКТ темір құбыры құлаған. Науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер ауыр ашық бас-ми жарақатын, оң жақ төбе сүйегінің бас сүйек негізіне өтетін жаншылған көпжарықшақты сынуын, мидың жаншылуын, пневмоцефалияны, ликвореяны, мидың ауыр дәрежедегі ісінуін,…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ұялы байланыс тарифтерінің негізсіз қымбаттауы мен интернет сапасының төмендігі қатаң сынға алынды. Депутаттар кейбір операторлардың қызмет құнын 300 пайызға дейін өсіргенін мәлімдеп, үкіметтен бақылауды күшейтуді талап етті. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлайды. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев телекоммуникация нарығындағы бағаның өсуі халықтың наразылығын тудырып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы жылдары тарифтердің өсімі рекордтық көрсеткішке жеткен. «2022-2023 жылдан бері тарифтер 20-дан 90 пайызға дейін өсті. Кейбір операторларда бұл көрсеткіш тіпті 300 пайызға жетіп отыр. Операторлар бағаны өздері белгілегенімен, мемлекет оның қаншалықты негізді екенін тексеретін тетіктерге ие болуы тиіс», — деді депутат Нартай Сәрсенғалиев. Цифрлық…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр. Ақтөбедегі Оңтүстік-Батыс ықшам ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері сапалы жолдың жоқтығына шағымданып келеді. Халықтың айтуынша, тұтас бір ауданға 15 жылдан бері талапқа сай жол салынбағанын, деп хабарлайды Caspian News. Тұрғындардың сөзінше, көшелердің ойдым-ойдым болуы салдарынан аудан халқы батпақ пен шаңнан көз ашпай отыр. Сонымен қатар мердігер компаниялардың жиі ауысуы құрылыс жұмыстарының созылып кетуіне себеп болған. Оңтүстік-Батыс ықшам ауданының тұрғыны Құрманғали Мұзбаев бөлінген қаржыға қарамастан, жол мәселесі шешілмей отырғанын айтты. – Миллиардтаған ақша бөлінеді. Бірақ көше салынбайды. Бордюрді салып, қайта алып тастайды. Жолды төсеп, келесі жылы қайта бұзады. Қармен бірге еріп кетеді. Осылай 15 жыл өтті. Такси де…

Read More

CaspianLife, 13 мамыр. ІІМ стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында «Қазақмыс корпорациясы» нысандарында ұйымдастырылған бірнеше ұрлық схемасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Ведомство мәліметінше, Ұлытау облысында өткен жылдан бері кәсіпорын аумағынан ұрлық жасаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келтірілген шығынның 94,5 пайызы өтелген. Тергеу барысында жергілікті қылмыстық топтардың жетекшілігімен әрекет еткен адамдардың құрамында бағалы металдар көп кен қорытпаларын ұрлау схемасын ұйымдастырғаны анықталған. Биыл полицейлер ірі көлемде шығын келтірілген төрт бірдей ұрлық дерегін ашқан. Сонымен қатар 7 мамыр күні компания аумағынан жанармай ұрлауға қатысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді. Жедел іс-шаралар барысында ұрлықты ұйымдастырды…

Read More

Caspianlife, 13 мамыр.  Қалада масаға қарсы кешенді өңдеу жұмыстары басталып, дезинсекцияға арнайы 2 дрон қолданылып, жетуі қиын аумақтар әуе арқылы өңделуде. Жұмыстар қала аумағында, көпқабатты үйлердің жертөлелері мен подъездерінде, сондай-ақ су айдындарында жүргізіліп жатыр. Мамандар қолданылатын препараттардың адам денсаулығына және жануарларға зиянсыз екенін айтады. Өңдеу жұмыстары кешкі уақыттан түн ортасына дейін жүргізіледі. Жұмыстарды ТОО “AG Disinfection Services” мекемесі атқаруда.

Read More

Caspianlife, 12 мамыр.  Астанада көптен күткен жеңіл рельсті көлік жүйесі — LRT алдағы демалыс күндері жолаушы тасымалын бастайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев журналистерге арналған баспасөз турында мәлімдеді. Caspian News сайтының хабарлауынша, компания өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарына LRT желісінің жұмысын таныстырды. Алғашқы кезеңде жаңа көлік жүйесі тәулігіне 25–45 мың жолаушы тасымалдайды деп жоспарланып отыр. Ұзындығы 22 шақырым болатын бағыт «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан басталып, елорданың сол жағалауы арқылы халықаралық әуежайға дейін жалғасады. Жалпы желіде 18 станция қарастырылған. Пойыздар толық бағытты шамамен 40 минутта жүріп өтеді. Жоба аясында пайдаланылатын вагондар Қытайда жасалған. Олар Астананың қатал климатына…

Read More

Caspianlife, 12 мамыр. Атырауда ата-енесі мен әйелінің бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл ақпаратты Атырау облысының прокуратурасы растады. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша, яғни екі және одан да көп адамды өлтіру дерегімен қатар, мал сату және банк карталарын жымқыру фактілері бойынша 188 және 190-баптармен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижесінде Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үш адамның қараша айында көз жұмғаны белгілі болды. Сонымен қатар сараптама күдіктіні психикалық тұрғыдан сау деп таныған. Қазіргі уақытта Сұлтан Сарсемалиев қамауда отыр. Алдын ала мәліметке…

Read More

CaspianLife, 8 мамыр. Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жансая Дадынның айтуынша, өңірде азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарларға қойылатын 15 пайыздық шекті сауда үстемесінің сақталуына бақылау күшейтілген. — Биыл төрт айдың қорытындысы бойынша департамент тарапынан 46 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 7 айыппұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асырған кәсіпкерлерге салынды. Сонымен қатар 39 дерек бойынша сауда нысандарында тауар бағасының көрсетілмеу фактілері анықталды, — деді ол.…

Read More