Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 22 қыркүйек. Қашаған кен орнындағы өнімді бөлу туралы келісім бойынша консорциум операторы NCOC 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,848 трлн теңге таза пайда тапқан. Осы көрсеткіш бойынша компания Қазақстандағы ең ірі компаниялардың арасында бірінші орынға шықты. Бұл туралы Energy Monitor Telegram-арнасының авторы Нұрлан Жұмағұлов хабарлады. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы таза пайдасы ең жоғары 20 компанияның рейтингін жариялаған. Олардың жалпы таза пайдасы 8,5 трлн теңгені құраған. «Қазақстанда кім көп табыс табады? Сіздер үшін 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы таза пайдасы ең жоғары 20 компанияның рейтингін дайындадым. Олардың жиынтық таза пайдасы 8,5 трлн теңге. Қашаған кен орнындағы NCOC таңғалдырды. Компания…

Read More

CaspianLife, 22 қыркүйек. Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0. Осы тұста MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылғанын айта кетейік. Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

Read More

CaspianLife, 21 қыркүйек. Атырау облысының әкімі Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулы Жамолиддинхожа Абдукаримовпен және көші-қон мәселелері жөніндегі атташе Достон Махмудовпен кездесті. Өңір басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысында Атырау облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 90,8 млн АҚШ доллары болған. Өңірде өзбекстандық капиталы бар 296 компания жұмыс істейді. Тараптар өзара сауда көлемін арттыру, жеткізілетін өнім ассортиментін кеңейту және екі ел кәсіпкерлерінің тікелей байланысын жолға қою мүмкіндіктері туралы сөйлесті. Өңіраралық көлік байланысы, әуе және автокөлік бағыттарын көбейту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Сондай-ақ еңбек миграциясы, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шетел мамандарын…

Read More

CaspianLife, 22 қыркүйек. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биылғы сегіз айда дрондардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның ішінде: • қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 3 198 фактісі; • көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 055 фактісі; • қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1 678 фактісі; • сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 1 481 фактісі; • маневр жасау қағидаларын бұзудың 1 207 фактісі; • басып озу қағидаларын бұзудың 771 фактісі; • мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарудың 87 фактісі. Тағы 9 мыңнан астам дерек жол қозғалысы ережелерінің өзге де бұзушылықтарына қатысты.

Read More

CaspianLife, 22 қыркүйек.  Қазақстандық каратеші Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Бэлла Самашева қола жүлде үшін өткен кездесуде Өзбекстан спортшысын жеңді.

Read More

CaspianLife, 22 қыркүйек. Қала күніне орай апатты деп танылған үйлерде тұратын 60 отбасы жаңа пәтерге көшіріліп, әлеуметтік осал санаттағы 17 азамат баспанамен қамтылады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жалпы, жыл басынан бері әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 210 пәтер берілді. Жыл соңына дейін тағы 13 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Тұрғын үй мәселесін шешудің тағы бір тетігі – жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау. 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 844 азамат осы бағдарлама аясында субсидия алып отыр. Қазір «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүйесінде облыс бойынша 47 357 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген. Оның ішінде 31 864 азамат Атырау қаласында…

Read More

CaspianLife, 22 қыркүйек. Ақтауда «Cheese Open – 2026» халықаралық ірімшік және сүт өнімдері байқауы өтіп жатыр. Биылғы байқауға әлемнің 20 елінен өкілдер мен 150-ден астам сарапшы қатысып, 400-ден астам ірімшік пен сүт өнімдерінің үлгісі ұсынылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Іс-шара Маңғыстау облысының сауда және кәсіпкерлік басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылуда. Байқау барысында халықаралық сарапшылар ұсынылған өнімдерді бес негізгі критерий бойынша бағалауда. Олар – дәмі, хош иісі, құрылымы, үйлесімділігі және сыртқы көрінісі. – Биыл байқауға әлемнің 20 елінен өкілдер қатысып отыр. Сарапшылар ұсынылған өнімдерді мұқият бағалауда. Нәтижесінде алтын, күміс және қола медаль иегерлері анықталады. Сонымен қатар Super Gold…

Read More

CaspianLife, 21 қыркүйек. Астанада Атырау және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері қатысқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өнімдер елордадағы сауда үйлері мен базарлардағы бағадан шамамен 20 пайызға арзан сатылды. Жәрмеңкені ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Егістіктен – дастарханға» қағидаты бойынша ұйымдастырды. Оның мақсаты – фермерлердің өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыға ұсынуына мүмкіндік беру және елорда тұрғындарын өңірлерден жеткізілген жаңа өнімдермен қамтамасыз ету. — «Дала дәмінің» басты мақсаты – фермерлерге өз өнімдерін тікелей сөреге шығарып, қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік беру. Мұнда делдалдар жоқ. Көріп отырғандарыңыздай, сатып алушылар өте көп. Қазақстанның әр өңірінен Астанаға қоныс аударған тұрғындар үшін туған жерінің дәмін сезінудің…

Read More

CaspianLife, 21 қыркүйек. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт мүшесі үй жағдайында дайындалған кептірілген және ысталған балықты жегеннен кейін ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Оқиға 17 қыркүйекте болған. Сол күні отбасы тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған балықты тұтынған. Зардап шеккендердің үшеуі – ересек адам, біреуі – 10 жасқа толмаған бала. Олардың жағдайы 18 қыркүйекте нашарлағанымен, медициналық көмекке тек келесі күні жүгінген. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы Марал Қадырдың айтуынша, тұрғындар үй жағдайында дайындалған әрі мұздатқышта ұзақ уақыт сақталған кептірілген және ысталған балықты тұтынған. Маманның сөзінше, соның салдарынан төрт адамның барлығында ботулизмнің ауыр түрі дамып, оларды өкпені жасанды…

Read More

CaspianLife, 21 қыркүйек. АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) сарапшылары 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда Халықаралық ұшу қауіпсіздігін бағалау (IASA) жұмысын жүргізеді. Тексеру аясында FAA тобы 24 қыркүйекте АҚШ Көлік министрлігінен бұл елге ұшу үшін рұқсат алуға өтініш берген Air Astana әуе компаниясына да барады. Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашуға жағдай жасау жұмыстары екі жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарды ҚР Көлік министрлігі, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі (ААӘ) және Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі үйлестіруде. Бағалау басталар алдында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстанға келген FAA сарапшыларымен кездесті. Тараптар алдағы тексерудің негізгі мәселелерін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін арттыру және екі…

Read More