CaspianLife, 22 қыркүйек. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биылғы сегіз айда дрондардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды.
Оның ішінде:
• қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 3 198 фактісі;
• көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 055 фактісі;
• қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1 678 фактісі;
• сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 1 481 фактісі;
• маневр жасау қағидаларын бұзудың 1 207 фактісі;
• басып озу қағидаларын бұзудың 771 фактісі;
• мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарудың 87 фактісі.
Тағы 9 мыңнан астам дерек жол қозғалысы ережелерінің өзге де бұзушылықтарына қатысты.

