Қайғылы оқиға 3 қараша күні түстен кейін болған. 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған іске байланысты марқұмның бұрынғы бірге тұрған азаматы ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне қатысты жанжал туындаған.
Балалардың алдағы тағдырына қатысты Ақтөбе облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев түсініктеме берді.
«Отбасылық жағдайларға байланысты кәмелетке толмаған екі бала «Үміт» балалар үйіне орналастырылды. Жағдай Бала құқықтарын қорғау басқармасы мен құзырлы органдардың бақылауында. Балаларға қатысты алдағы шешімдер заңда белгіленген тәртіппен, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып қабылданады», – деді ол.
Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ, Ақтөбе облысы
Фото: aktobetimes.kz

