CaspianLife, 2 қазан. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Қалымұлы Дербісов Түпқараған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Ербол Қалымұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» бакалавры мамандығы бойынша және 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері болып бастады. 2012-2015 жылдары «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заң бөлімінің бастығы. 2015-2021 жылдары «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директордың орынбасары. 2017-2021 жылдары «ДКБ-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2021 жылы «Каспий-Ак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2021 жылы Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 қазан. Қазақстан құрамасының өкілі Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан финалда Иордания өкілі Зияд Ишаишті төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
CaspianLife, 1 қазан. Алматы қаласындағы Egin мәдени кеңістігінде қазақстандық заманауи өнер өкілі Асхат Ахмедияровтың «Жетіқарақшы» атты жеке көрмесі ашылды. Жоба Батыс Қазақстанда орналасқан AMA Foundation for Culture and Education қоғамдық қоры мен «Еуразиялық мәдени альянс» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге суретшінің 2024–2026 жылдар аралығында жасаған жаңа туындылары қойылған. Экспозицияның негізгі тақырыбы – уақыт, оның мәні мен адам санасындағы көрінісі. Автор өз жұмыстарында уақытты күнтізбемен немесе сағатпен өлшенетін құбылыс ретінде емес, адамның ішкі сезімі мен жан дүниесінде сақталатын ұғым ретінде бейнелейді. «Уақыт – біздің ішімізде қалатын нәрсе», – дейді суретші. Көрменің кураторлары – Әсел Ахметжанова мен Әсел Мұқашева. Экспозиция 24 қазанға…
Caspianlife, 1 қазан. Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін әскери оқу-жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік мәселесі қайта күн тәртібіне шықты. 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан еді. Осыған байланысты Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев Үкіметке депутаттық сауал жолдап, оқу-жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік талаптарын күшейтуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, әсіресе әскери, арнайы және авариялық-құтқару оқу-жаттығуларында қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы қажет. Ол оқу-жаттығу аумағын дрондар арқылы тұрақты бақылауға алуды және әр қатысушыға жеке электронды белгі беруді ұсынды. Әр әскери қызметшіге геолокациялық құрылғы берілуі мүмкін Аббат Өрісбаевтың сөзінше, арнайы құрылғы әскери қызметшінің нақты орналасқан жерін анықтап қана қоймай, қауіп төнген жағдайда автоматты түрде SOS белгісін жіберуі тиіс.…
CaspianLife, 1 қазан. Атырауда болашақ медицина мамандары арасында MEDSKILLS ATYRAU-2026 республикалық чемпионаты басталды. Еліміздің 16 өңірінен келген студенттер «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша сайысқа түсіп жатыр. Чемпионаттың мақсаты – «Мейіргер ісі» мамандығында білім алып жатқан студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру. Чемпионаттың ашылу салтанатында облыс әкімі Болат Ақшолақов қатысушыларға сәттілік тілеп, мейіргер мамандығының маңыздылығына тоқталды. «MEDSKILLS ATYRAU-2026 – жай ғана кәсіби байқау емес. Бұл – білім мен тәжірибе тоғысатын, жастардың таңдаған мамандығына деген жауапкершілігін қалыптастырып, үнемі ізденуге ынталандыратын алаң. Мейіргер – абыройлы мамандық. Ол тек медициналық көмек көрсетумен шектелмейді, науқасқа қамқорлық жасап, шынайы жан жылуын сыйлауды да қамтиды. Сондықтан әр қатысушының…
CaspianLife, 1 қазан. Құрылтайдың пленарлық отырысында «Компьютерлік қылмыс туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң қабылданды. Құжат шетелде сақталған цифрлық деректерді жедел алуға және электрондық дәлелдемелермен алмасуға мүмкіндік береді. Ішкі істер министрлігінің брифингінде соңғы үш жылда Қазақстанда интернет-алаяқтық жағдайлары 40 пайызға азайғаны айтылды. Зардап шеккен азаматтарға 6 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылған. Ал тағы 5,5 млрд теңгенің шетелге шығарылуына тосқауыл қойылған. Сонымен қатар 170 млн-нан астам күмәнді қоңырау бұғатталған. Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов биылғы сегіз айдың қорытындысын да жариялады. Оның айтуынша, осы кезеңде интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстар саны 13 пайызға төмендеген. «Егер 2025 жылы 16 564 қылмыс тіркелсе, биыл олардың саны 14…
CaspianLife, 1 қазан. Қазақстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері CASA теміржол жобасын бірлесіп пысықтауға келісті. Жоба Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістанды теміржол арқылы байланыстырып, Пәкістанның теңіз порттарына шығуға мүмкіндік беруді көздейді. Тиісті өзара түсіністік туралы меморандумға Қазақстан мен Өзбекстанның көлік министрліктері және БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрлігі қол қойды. Қазақстанның Көлік министрлігінің мәліметінше, жоба Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік байланысын күшейтіп, халықаралық тасымал, сауда, логистика және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Үш елдің министрліктері жобаның техникалық және экономикалық негіздемесін зерделеп, қажетті инфрақұрылымды дамыту мүмкіндігін бағалауды жоспарлап отыр. Министрлікте атап өткендей, Қазақстан мен Өзбекстанның дамыған теміржол инфрақұрылымы мен транзиттік…
CaspianLife, 1 қазан. Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын кеңейтіп, жаңа мұнай өңдеу және мұнай-химия кешенін салу арқылы мұнай өңдеу көлемін жылына 39 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан KIOGE 2026 көрмесінде Энергетика министрлігінің өкілі Дәулет Арықбаев мәлімдеді. Жаңа кешеннің қуаты жылына 10 млн тоннаға дейін болады. Оны 2033 жылға дейін іске қосу жоспарланған. Қазір Ұлытау, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы төрт ықтимал алаң қарастырылып жатыр. Өңір жыл соңына дейін таңдалады. Сонымен қатар қолданыстағы зауыттардың қуаты 18 млн тоннадан 29,2 млн тоннаға дейін арттырылады. Шымкент МӨЗ-інің қуатын 2030 жылға қарай 12 млн тоннаға, Павлодар мұнай-химия зауытын 2031…
CaspianLife, 30 қыркүйек. Атырауда электр энергиясының тарифі тұрғындар үшін 10 пайызға, ал жылу энергиясының бағасы 5 пайызға өсті. Жаңа тарифтер 2026 жылдың қазан айынан бастап қолданылады. Бұған дейін энергетикалық компаниялар жария тыңдау барысында электр энергиясының тарифін шамамен 30 пайызға, ал жылу энергиясының тарифін 31 пайызға көтеруді ұсынған болатын. Электр энергиясының тарифі қанша болды? Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мамандарының айтуынша, жеке тұлғалар үшін электр энергиясының тарифі 10 пайызға көтерілді. Осыған дейін тұрғындар 1 кВт/сағат электр энергиясы үшін қосылған құн салығынсыз 22,29 теңге төлесе, енді тариф 24,52 теңгені құрайды. Ал заңды тұлғалар мен бюджеттік мекемелер үшін тариф өсімі…
CaspianLife, 30 қыркүйек. Атырауда жол-көлік оқиғасына түскен 8 жедел жәрдем көлігі әлі күнге дейін жөнделмеген. Олардың жалпы құны 202 млн теңгені құрайды. Бұдан бөлек, құны 1 млрд 57,2 млн теңге болатын тағы 32 санитарлық көлік пайдаланылмай тұр. Бұл деректер облыстық тексеру комиссиясының Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдарға жүргізген аудиті барысында анықталды. Аудит барысында денсаулық сақтау басқармасына қарасты 7 ұйымның қызметі қамтылды. Атап айтқанда, перинаталдық, фтизиопульмонологиялық және кардиологиялық орталықтар, жедел медициналық жәрдем станциясы, балалар ауруханасы, стоматологиялық емхана және тері-венерологиялық диспансер тексерілді. Тексеру кезінде жалпы құны 62,6 млрд теңге болатын активтер қамтылып, оның 17,5 млрд теңгесіне қатысты түрлі бұзушылықтар анықталған.…
