Caspianlife, 18 қыркүйек. Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар маңызды мемлекеттік органдардың басшылары тағайындалды.
Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Тиісті Жарлықтарға Мемлекет басшысы қол қойды.




