CaspianLife. 19 қараша. Батыс Қазақстан облысындағы балабақшалардың бірінің есепшісі бюджет қаражатының 29 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, әйел балабақша меңгерушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасын иемденіп, соның көмегімен қаржылық операциялар жүргізген. Ол бухгалтерлік бағдарлама арқылы өзіне негізсіз жалақы есептеп, ақшаны жеке банктік шотына тұрақты түрде аударып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 29 млн теңгені құраған.
«Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы мен бухгалтерлік бағдарламаны пайдалана отырып, ол жүйелі түрде өзіне негізсіз жалақы есептеп, қаражатты жеке банктік шотына аударып отырған», – деді Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Лаура Уразғалиева.
Зарема ӨТЕПОВА, Батыс Қазақстан облысы

