CaspianLife, 15 қыркүйек. Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейтуді тапсырды. Үкімет отырысында ол ұлттық валютаның жаңа цифрлық формасының төлем инфрақұрылымын жаңғыртудағы және қаржы жүйесінің тиімділігін арттырудағы маңызын атап өтті. «Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру цифрлық теңгені пайдаланудың маңызды нәтижесіне айналуы тиіс. Ол цифрлық қаржы сервистерін дамыту құралы бола алады. Цифрлық шарттар жасасу мүмкіндігі мемлекеттік сатып алулар мен корпоративтік операциялардағы есеп айырысу процестерін автоматтандыруға жол ашады. Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп, цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейту үшін қажетті шаралардың барлығын пысықтауы керек», – деді Үкімет басшысы. Бектенов цифрлық теңгенің Ұлттық банк шығаратын орталықтандырылған цифрлық…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 қыркүйек. Азғыр өңірінде ондаған жылдан бері күтілген автожол құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. «7-ші бекет – Асан – Азғыр – Балқұдық – Сүйіндік» бағытындағы күре жолдың жалпы ұзындығы 282 шақырымды құрайды. Қазір құрылыс жұмыстары трассаның үш учаскесінде қатар жүргізілуде. Алғашқы 36 шақырымның 12 шақырымына асфальт төселді. Бұл учаскеде 13 арнайы техника және 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Мамандар жолдың негізін дайындап, топырақты тегістеу және нығыздау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан кейін жол төсеміне шамамен 7 сантиметр қиыршық тас төселіп, үстінен асфальт жабындысы жүргізіледі. «Қазір жоласты негізін тегістеп, қатайтып, катокпен нығыздап жатырмыз. Су шашып, одан кейін бетіне шамамен 7 сантиметрдей…
CaspianLife, 15 қыркүйек. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі тамыз айында 6,288 млн тоннаға жетті. Бұл тәулігіне шамамен 1,6 млн баррельді құрайды және шілдедегі көрсеткіштен 22%-ға жоғары. Бұл туралы Reuters агенттігіне мұнай-газ саласындағы екі дереккөз мәлімдеген, деп хабарлайды Forbes Kazakhstan. Көрсеткіштің өсуіне Қара теңіздегі мұнай жөнелту жұмыстарының қалыпты режимге оралуы әсер етті. Танкерлерге жасалған шабуылдар саны айтарлықтай азайған. Ал шілде айында жағдай керісінше болды. Теңіз терминалынан CPC Blend маркалы мұнайды жөнелту көлемі 5,172 млн тоннаға, яғни тәулігіне 1,32 млн баррельге дейін төмендеген. Кемелерге жасалған шабуылдарға байланысты мұнай тиеу жұмыстары бірнеше рет тоқтатылған. Тамыздағы өсімге негізінен Қазақстандағы мұнай…
Caspianlife, 15 қыркүйек. Қазақстанның жер қойнауы қорын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға көмірсутектерді барлау және өндіруге лицензия алуға болатын жаңа учаскелер енгізілді. Өзгерістер Инвестициялар және даму министрінің (қазіргі уақытта – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі) бұйрығына енгізілген. Тиісті құжаттар Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған. Бір қызығы, жаңа учаскелердің кейбір аумағында зираттар мен мал қорымдары орналасқан. Маңғыстау облысындағы ірі нысандардың бірі – Ақсаз Батыс учаскесі. Оның құрамына жалпы аумағы 553,3 шаршы шақырымды құрайтын 223 блок кіреді. Бұл аумақта көмірсутектерді барлау және өндіру жоспарланған. Аталған учаскенің төрт блогында, жалпы аумағы 9,91 шаршы шақырым жерде зират орналасқан. Сонымен қатар учаске құрамынан аумағы 11,48 шаршы шақырымды құрайтын…
CaspianLife, 15 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Motor Group корпорациясының президенті, стратегия және жоспарлау жөніндегі бөлім жетекшісі Сунг Кимді қабылдады. Кездесуде инвестициялық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастық аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда жаңа ауқымды жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды. Оған корей тарапынан Hyundai Motor Group тобына кіретін Hyundai Engineering мен Kia автоконцерндерінің өкілдері қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Hyundai Motor Group корпорациясы Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтіп, өндірісті локализациялауды одан әрі тереңдету, автобөлшектерді көптеп шығару және экспорттық саладағы әлеуетін нығайту шараларының маңызына тоқталды. Бұл ретте Алматыдағы Hyundai және Қостанайдағы Kia зауыттары ерекше рөл атқарады. Осы орайда, Президент Қазақстанды автомобиль өндірісі…
CaspianLife, 15 қыркүйек. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) алаяқтардың Агенттік атынан жалған ресми хаттар тарату фактілері әлі де жалғасып жатқанын ескертті. ҚМА-ға осындай кезекті алаяқтық әрекет туралы ақпарат түскен. Мемлекеттік органға жолданған жалған хатта қаскөйлер азаматқа қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтып, оның жеке мәліметтерін, соның ішінде мінездемесі мен басқа да ақпаратты сұратқан. Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді пайдаланған. Алдымен азаматтарға ҚМА атынан жасалған жалған хат жіберіп, кейін телефон немесе мессенджер арқылы хабарласқан. Өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк деректерін алуға немесе ақша аудартуға тырысқан. ҚМА азаматтарды сақ болуға шақырады: Агенттіктің ресми хаттары…
CaspianLife, 15 қыркүйек. Атырау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшісі түйіншегі бар ұшқышсыз ұшу аппаратын анықтады. Оқиға сағат 08:30 шамасында болған. Лейтенант Мирас Исказиев қылмыстық-атқару жүйесінің №15 мекемесінен шамамен бір шақырым қашықтықта қызмет атқарып жүрген кезде, жерде жатқан орамы бар дронды байқап қалған. Тексеру барысында түйіншектің ішінен өсімдік тектес, жасыл түсті зат салынған 11 пакет табылған. Әскери қызметші күдікті зат туралы дереу кезекші қызметке баяндаған. Оқиға орнына тиісті шаралар қабылданып, табылған зат әрі қарай тексеру жүргізу үшін құзыретті органдарға тапсырылды. Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қырағылығының арқасында күдікті зат дер кезінде анықталып, қажетті қауіпсіздік…
CaspianLife, 15 қыркүйек. «Әділет» партиясының басшылық құрамы айқындалды. Партия төрағасының бұйрығымен Асхат Оралов, Нұрсұлтан Байтілесов және Эльдар Жұмағазиев төраға орынбасарлары лауазымдарына тағайындалды. Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау мәселелеріне жетекшілік етеді. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған, философия докторы ғылыми дәрежесіне ие. Оның жастар саясаты саласындағы, мемлекеттік органдар мен партиялық құрылымдардағы басшылық қызметтерде жиған мол кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрі, Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. Тағайындауға дейін…
CaspianLife, 15 қыркүйек. Атырауда дәстүрлі садақ атудан өткен «ALTYN ORDA» әлем кубогы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған халықаралық додаға әлемнің 18 елінен 100-ге жуық мерген және Қазақстанның өңірлерінен 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 12 жүлделі орынға ие болды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Спортшылар «Пута», «Қалқан» және «Жамбы» нысаналары бойынша бақ сынады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына 4 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль түсті. — Жарыс жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Әлемнің 18 елінен спортшылардың Атырауға келуі — өңіріміз үшін үлкен мүмкіндік. Мұндай халықаралық додалар ұлттық спортты дамытуға серпін беріп қана қоймай, Атыраудың…
CaspianLife, 14 қыркүйек. Атырауда әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам мергеннің басын қосқан ALTYN ORDA әлем кубогы өтуде. Оның 100-ге жуығы шет мемлекеттердің қатысушылары болса, қалғаны ел спортшылары. Үш күнге созылатын халықаралық додада садақшылар дәстүрлі садақ атудың пута, қалқан және жамбы нысаналары бойынша өзара үздікті анықтайды. Жапониядан келген қатысушы Киана Киани садақ ату спортына салыстырмалы түрде жақында қызыға бастағанын айтты. «Соңғы уақытта садақ атуға қатты қызығушылық таныта бастадым. Жапонияда садақ атудың дәстүрлі түрі – кюдо бар. Алдымен осы бағытты меңгердім. Қазір жарыстарға қатыса отырып, садақ атудың басқа түрлерін де байқап көргім келеді», – деді ол. Спортшы жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын…
