Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10. қыркүйек. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемін арттырды. Компанияның шоғырландырылған көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға өсті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Өсім бірден бірнеше бағыт бойынша қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, шикізатты Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу көлемі артса, экспорттық бағыттарда да оң динамика байқалды. Әсіресе жекелеген халықаралық бағыттардағы көрсеткіштер айтарлықтай өскен. Компания мәліметінше, «ҚазТрансОйлдың» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы сегіз айда 30 млн тоннадан астам мұнай тасымалданған. Оның едәуір бөлігі ішкі нарыққа бағытталды. Шикізат еліміздің үш ірі мұнай өңдеу зауыты мен «CASPI BITUM» кәсіпорнына жеткізілді. Қазақстандық мұнай…

Read More

Caspianlife, 10 қыркүйек. Атырауда 1 қазаннан бастап электр энергиясының тарифі тұрғындар үшін шамамен 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. Ал заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар үшін тарифті 34 пайызға көтеру ұсынылып отыр. Бұл туралы «Атырау Жарық» ЖШС мамандары тарифті өзгерту мәселесіне арналған жария тыңдау барысында мәлімдеді. Егер жаңа тариф бекітілсе, қазіргі таңда 1 кВт/сағат электр энергиясы үшін 22,29 теңге төлейтін тұрғындар бұдан былай 28,98 теңге төлейтін болады. Монополистер тарифті көтеру қажеттігін сыртқы ұйымдардан сатып алынатын қызметтер құнының өсуімен, электр энергиясын өткізу көлемінің өзгеруімен және электр энергиясының қымбаттауымен байланыстырып отыр. «Атырау Жарық» өкілдерінің айтуынша, аталған шығындардың барлығы компанияның тарифіне тікелей әсер етеді. Сондықтан…

Read More

CaspianLife, 10 қыркүйек. Шалқар қаласында төбелестен қаза тапқан 17 жастағы Әлихан Жәнібековтің ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Қайғылы оқиғы биыл наурыз айында болған. Сот отырысында 18 жастағы айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, марқұмға пышақ жарақатын өзін қорғау үшін салған. Сотта прокурор айыптау актісін жариялады. Қазір тараптардың ұстанымы тыңдалып, іс бойынша дәлелдер зерттеліп жатыр. Прокурор айыптау актісін оқып бергеннен кейін сот тараптардың ұстанымдарын тыңдап, дәлелдемелерді зерттеуге кірісті. Прокурор Гүлзира Кочербаева: «Кәмелетке толмаған Жәнібеков алынған дене жарақаттарының әсерінен оқиға орнынан қаза тапқан. Сөйтіп кәмелетке толмаған…… өзінің іс-әрекеттерін адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, бұзақылық…

Read More

CaspianLife, 10 қыркүйек. Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы акваториясында 8 қыркүйектен 9 қыркүйекке қараған түні дронның қатысуымен оқиға тіркелді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Нефть Капитал» хабарлады. Қауіпсіздік мақсатында №2 және №3 сыртқы айлақ құрылғыларындағы (ВПУ-2 және ВПУ-3) мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Алайда танкерлер мен жүк тиеу жүйелерін тексеру барысында ешқандай зақым анықталған жоқ. Мұнай өнімдерінің төгілуі тіркелмеді, акваториядағы экологиялық жағдай тұрақты күйінде қалды. 9 қыркүйек күні таңертең мұнай тиеу операциялары штаттық режимде қайта жанданды. Қазақстандық мұнай жөнелтушілерден мұнай қабылдауға ешқандай шектеу енгізілген жоқ. Оқиға КҚК теңіз терминалы орналасқан Новороссийск қаласына жасалған ауқымды дрон шабуылымен…

Read More

CaspianLife, 10 қыркүйек. Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жағдайы қызу талқылануда. 1978 жылы пайдалануға берілген ғимараттың тозу деңгейі 82 пайызға жеткен. Бұған ауруханадағы жағдай туралы түсірілген видео себеп болды. Жазба 75 мыңнан астам қаралым жинаған. Автор палаталардағы тұрмыстық жағдайдың нашарлығына және санитарлық талаптардың сақталуына қатысты шағым айтқан. Ақтауда тұратын Айсәуле Шамұрадова үш күн бұрын баласымен бірге ауруханаға жатқызылған. Оның айтуынша, ғимараттың жағдайы көңіл көншітпейді. «Кереуеттер, асхана, дәретханалардың бәрі ескі. Балаларға жаңа аурухана қажет. Ал медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліміз толады. Медбикелер уақытылы дәрі-дәрмек беріп, жүйе қояды», – деді ол. Сонымен қатар тұрғын дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жұмысына…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек. Атырауда креативті индустрияға қызығушылық танытқан жастардың басын қосқан «Saraishyq Upgrade» халықаралық жастар форумы өтіп жатыр. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған шараға Қазақстанның 15 өңірінен және шетелден 300-ден астам жас қатысуда. Форумға қатысуға биыл мыңға жуық адам ниет білдірген. Іріктеу нәтижесінде олардың ішінен 300-ден астам жас таңдалды. Қатысушылар қатарында Ресейдің Астрахань облысы, Өзбекстан, Әзербайжан және Грузия өкілдері бар. Шараның басты мақсаты – жастарға креативті индустрия саласында жаңа білім беріп, өз жобаларын дамытуға мүмкіндік жасау. Биыл форум бағдарламасы алты негізгі бағытты қамтиды. Олар – кинематография, маркетинг, музыка, event, хореография және жасанды интеллект. Қатысушылар маркетинг бойынша жобаны ілгерілету мен серіктестік орнатудың…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек. 2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі енгізілді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталып, оның орнына аралық бағалау жүйесі қолданылады. Ал, 1-сынып оқушыларын бағаламау тәртібі өзгеріссіз қалады. Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиеваның айтуынша, жаңа тәсіл оқушының тоқсан ішіндегі оқу нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді. «Бағалау кезінде оқушының тек қорытынды нәтижесі емес, оқу барысындағы жетістіктері ескеріледі. Бұл мұғалімге баланың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтап, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді», – деді Айнагүл Жұмағазиева. Жаңа бағалау жүйесі бастауыш сынып оқушыларының оқу…

Read More

Caspianlife, 9 қыркүйек. «NCOC» компаниясынан 2,3 трлн теңге өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізу уақытша тоқтатылды. Бұл ақпарат Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жарияланды. Ақпараттық жүйедегі мәліметке сәйкес, мұнай-газ компаниясына қатысты іс 21 шілдеде қозғалған. Бұған «North Caspian Operating Company» компаниясының қомақты айыппұлмен келіспей, халықаралық арбитраж рәсімдеріне жүгінуі себеп болған. Атқарушылық іс жүргізу 7 қыркүйекте тоқтатылды. ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты NCOC-тың мемлекеттік сот орындаушысының әрекетіне қатысты шағымына байланысты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан. ҚР Әділет министрлігі: «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 42-бабы 13) тармақшасына сәйкес, сот іс жүргізу материалдарын…

Read More

Caspianlife, 9 қыркүйек. Үкімет отырысында білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды. Колледждерді қаржыландыруды олардың қазіргі мүмкіндіктеріне емес, еңбек нарығындағы нақты сұранысқа байланыстыру және түлектердің кейінгі жұмысқа орналасуын тұрақты бақылауға алу жоспарланып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов қазіргі кадр даярлау жүйесі заманауи экономиканың талаптарына толық сәйкес келмейтінін айтып, колледждерді түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Оның айтуынша, оқу орындарының басым бөлігі моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. «Колледж ғимараттарының 70 пайыздан астамы 40 жылдан бұрын салынған. Президент ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысын бастау жөнінде тапсырма берді. Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы тиіс. Осы міндет аясында Мемлекет басшысы колледждер салу және оларды кешенді жаңғырту тәсілдерін мақұлдады»,…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек. Атырау облысы бойынша Экология департаменті бүгін, 8 қыркүйекте, Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру бастады. Бұған ай басынан бері қаладағы ауа сапасының нашарлауы себеп болып отыр. Бұған дейін өңірдің бас экологы түнгі уақытта ауа құрамындағы кейбір ароматты көмірсутектердің шекті рұқсат етілген концентрациядан 10-15 есе жоғарылағанын хабарлап, бұл жағдайды Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметімен байланыстырған. Департаменттің мәліметінше, мәселе министрліктің бақылауында. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады. Нұрбибі ТЕМІРТАСОВА

Read More