Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 8 қыркүйек. Мемлекеттік қолдау алған Ақтөбе облысының кәсіпкерлері өндірістік қуаттарын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр. Мемлекет бөлген қаржының нәтижесі өңірдегі жұмыс істеп тұрған нысандардан көрініс табуда. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков жұмыс сапары барысында «Aktobe Med Service» ЖШС-нің «ERKEMED» медициналық орталығы мен «Euro Plast Company» ЖШС-нің пластикалық конструкциялар шығаратын цехына барды. Екі жоба да мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен жүзеге асырылған. «ERKEMED» медициналық орталығының жобасына 432 млн теңге инвестиция салынған. Кәсіпкерлік нысаны субсидиялау және кепілдендіру тетіктері арқылы мемлекеттік қолдауға ие болған. Қазір орталық тұрғындарға сұранысқа ие медициналық қызмет көрсетіп, заманауи…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек. Қызылорда қаласындағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өрт Шоқай көшесінде орналасқан кәсіпорын аумағында болған. Әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар өртенген. Оларда жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі болған. Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып жатқан. Сонымен қатар өрттің маңындағы тағы үш резервуарға таралу қаупі болған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел басқару үшін өрт сөндіру штабы құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау мақсатында тасымалды лафеттік оқпандар қолданылып,…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек. Атырауда қоғамдық орындарда және әлеуметтік желілерде былапыт сөз қолдануға байланысты істер көбейіп келеді. Биылдың алғашқы алты айында осыған қатысты жүздеген іс қаралған. Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Гүлжан Азаматтың айтуынша, алты ай ішінде 540 дерек бойынша іс қаралған. Оның ішінде қоғамдық орындарда балағат сөз қолдану, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тіл тигізу фактілері бар. Сот шешімімен 284 адам әкімшілік қамаққа алынған, ал 190 адамға айыппұл салынған. Мамандардың айтуынша, былтыр бір жылдың ішінде осындай 787 іс қаралған. Биыл көрсеткіштің өсуіне қоғамдық орындардан бөлек, әлеуметтік желілердегі шағымдардың көбеюі де әсер етіп отыр. Қазір азаматтар TikTok, Instagram және…

Read More

Caspianlife, 8 қыркүйек. Ақтаудан Ақтөбеге әскерге аттанған 18 жастағы сарбаз қазір ауруханада жатыр. Ата-анасының айтуынша, әскери бөлімде ұлын сержанттар бірнеше рет ұрып-соққан көрінеді. Үш күн бұрын ұлдарының емдеу мекемесінде жатқанын естіген әке-шешесі Ақтаудан Ақтөбеге бірден жеткен. Қазір олар сап-сау әскерге кеткен ұлының денсаулығына алаңдап отыр. Сарбаздың әкесі Данил Досымбетов ұлы болған жағдайды ұзақ уақыт бойы жасырғанын айтты. Кейін оның сөзінше, әскери бөлімдегі сержанттардың бірі ұлының шап тұсынан бірнеше рет соққы жасаған. Осыдан кейін жас жігіт өздігінен зәр шығара алмай қалған. Сарбаздың анасы Гүлдана Кетибаева ұлының ауруханадағы жағдайына алаңдаулы екенін жеткізді. Оның айтуынша, әскери қызметке кеткен кезде баласының денсаулығында ешқандай мәселе…

Read More

CaspianLife, 8 қыркүйек. 7–8 қыркүйек күндері Атырау облысында ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Өңірде шаңды дауыл, қатты жел, жаңбыр және найзағай болуы мүмкін. Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарға қажеттілік болмаса, сыртқа шықпау ұсынылады. Найзағай мен қатты жел кезінде қауіпсіз жерде болған жөн. Сондай-ақ терезелерді жауып, ауладағы және балкондағы заттарды жел ұшырып кетпейтіндей етіп бекіту қажет. Тұрғындарға ауа райына қатысты ресми ескертулерді бақылап отыру ұсынылады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Read More

Caspianlife, 8 қыркүйек.  Соңғы бірнеше күнде Атырау тұрғындары қаладағы өткір әрі жағымсыз иіске жаппай шағымданып жатыр. Қыркүйек айының басынан бері бірыңғай байланыс орталығына 70-тен астам өтініш, ал Экология департаментіне 40-тан астам шағым түскен. Қала тұрғындары жағдайдың нақты себебін анықтап, тиісті шаралар қабылдауды талап етуде. «Біз тіпті ұйықтай алмаймыз. Түнгі сағат екілер шамасында бүкіл жерді жағымсыз иіс басты. Терезені ашсам, ішке сасық ауа кіреді. Мұнда болу мүмкін емес, өте қиын. Зейнетке шыққандардың бәрі Алматы, Көкшетау және басқа қалаларға көшіп жатыр. Әкімдік бұл мәселені бақылауға алуы керек. Экологтар бар ғой, олар қайда қарап отыр? Өздері басқа жерде тұрып, таза ауамен тыныстап жүрген…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек. 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және елден шығудың жаңартылған ережелері күшіне енеді. Осыған байланысты иммиграциялық бақылаудан өту кезінде құжаттарды тексеру рәсімі әдеттегіден ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттардың, соның ішінде төлқұжаттың болуын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, Қытай Халық Республикасына кіру және одан шығудың қолданыстағы талаптарымен танысу ұсынылады. Сондай-ақ жолаушыларға әуежайға ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келіп, бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады. Әуекомпания Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимнің қолданыста екенін еске салады. Қазақстан Республикасының азаматтары Қытай аумағында бір сапар аясында 30 күнтізбелік…

Read More

Caspianlife, 7 қыруүйек. ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін өзгертпеу туралы шешім қабылдады. Альянс мүшелері алдымен жаңа квоталарды келісіп, жалғасып жатқан әскери қақтығысқа байланысты тәуекелдерді бағалауы қажет. Бұл туралы жексенбі, 6 қыркүйекте өткен кездесудің қорытындысына сілтеме жасап, Forbes.kz жазды. ОПЕК+-тің жеті негізгі мүшесі – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир, Қазақстан және Оман – қазан айындағы мұнай өндіру квоталарын өзгеріссіз қалдыруға келісті. Бұдан әрі мұнай жеткізілімдерін ықтимал қысқарту мәселесін қарау үшін елдер алдымен өндірістің жаңа деңгейлерін өзара келісуі тиіс. Бұл шешім аталған жеті елдің мұнай өндіру квотасын жалпы тәулігіне 188 мың баррельге арттыруды мақұлдауынан кейін қабылданды. Атап айтқанда, Сауд…

Read More

Caspianlife, 7 қыркүйек. Маңғыстау облысында балық шаруашылығын дамытуға бағытталған бірқатар жаңа жоба қолға алынбақ. Соның бірі – Аташ елді мекенінде балықты терең өңдейтін цех ашу. Бұл туралы Түпқараған ауданында өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысында айтылды. Жобаны Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Жандарбек Жанғожин жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Кәсіпкердің айтуынша, цехты келесі жылдың наурыз айында іске қосу көзделген. Сонымен қатар жоба аясында екі кеме сатып алынған. Қазір олар жөндеуден өтіп жатыр. Кемелерді жыл соңына дейін толық қалпына келтіріп, келесі жылы теңізге шығару жоспарланып отыр. Кәсіпкер алдағы уақытта балықты өңдеумен қатар, торлы қоршамаларда балық өсіру бағытын да дамытуды көздейді. Өңірде балық шаруашылығына…

Read More

CaspianLife, 7 қыркүйек.  Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов 6 қыркүйекке қараған түні атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың жоғары көрсеткіші тіркелуіне байланысты бейінді қызметтерге экологиялық ахуалдың нашарлауына әрекет етудің бекітілген алгоритміне сәйкес тексеру жүргізуді тапсырды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ауаны ластаушы ықтимал көздерді тексеріп, қосымша өлшеулер жүргізді. Тексеру шеңберінде облыс әкімі “Сасық сай” буландыру алаңдары мен АМӨЗ-ге қарасты булау станциясына барып, нысандардың қазіргі жағдайын көзбен көрді. Сондай-ақ аймақ басшысы мемлекеттік органдар мен АМӨЗ өкілдерінің басын қосып, жедел жиын өткізді. Онда мониторинг деректері, қалыптасқан жағдай және ауа сапасының нашарлау себептерін анықтау жөніндегі шаралар қаралды. Аймақ басшысы ауа сапасына мониторинг жүргізетін өңірлік жүйе құру…

Read More