CaspianLife, 8 қыркүйек. 7–8 қыркүйек күндері Атырау облысында ауа райының қолайсыздығы күтіледі. Өңірде шаңды дауыл, қатты жел, жаңбыр және найзағай болуы мүмкін.
Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарға қажеттілік болмаса, сыртқа шықпау ұсынылады. Найзағай мен қатты жел кезінде қауіпсіз жерде болған жөн.
Сондай-ақ терезелерді жауып, ауладағы және балкондағы заттарды жел ұшырып кетпейтіндей етіп бекіту қажет.
Тұрғындарға ауа райына қатысты ресми ескертулерді бақылап отыру ұсынылады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

