CaspianLife. 23 қазан. Форум аясында энергетика саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, сарапшылар пікірін тыңдауға және мұнай-газ нарығының болашағына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік бар.
Әлемдегі мұнай бағасына қандай факторлар әсер етіп отыр? Қазақстанның экспорттық мүмкіндігі қандай? Қазақ мұнайының қазіргі кезде қымбат бағалануы ел экономикасы үшін қаншалықты ұзақ мерзімді артықшылыққа айнала алады? Бұл сұрақтар энергетика саласы үшін ғана емес, осы саладағы жаңалықтарды жариялап жүрген БАҚ өкілдері үшін де маңызды. Форум аясында бірнеше панельдік сессия, шеберлік сабағын өткізу де жоспарланған.


