CaspianLife, 4 қыркүйек. Атырауда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабының таныстырылымы өтті. Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, басқосуға жетекшілік етті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, тарихшылар, философтар, әдебиеттанушылар, профессор-оқытушылар мен жастар қатысты. Кездесуде жинақтың мазмұны талқыланып, Мемлекет басшысының әр жылдары айтқан ой-тұжырымдарының қазіргі қоғамдық үдерістермен сабақтастығы айтылды. «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бергі баяндамаларда, мақалаларда, сұхбаттар мен кітаптарда айтылған ойлар енгізілген. Еңбекте мемлекеттілікті нығайту, әділеттілік пен заң үстемдігі, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, тарихи сана, мәдениет, тіл мен руханият, сондай-ақ…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 қыркүйек. Атыраудағы қоғам назарын аударған атышулы «Жангелдин ісіне» қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Аталған қылмыстық іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шығарылып, балаларымен кездесті. Белгілі болғандай, анасы балаларын көру үшін алғаш рет биылғы жылдың 27 тамызында Атырау облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барған. Бұл сағынысқа толы кездесуден кейін ол 1 қыркүйек – Білім күні мерекесінде балаларын құттықтау үшін арнайы барып, олармен тағы да жүздесті. Еске сала кетейік, Ақбаян Мұқанғалиеваның жолдасы Сұлтан Сарсемалиев осыған дейін резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына түрмеге жабылған болатын. Ал Ақбаянның өзі…
CaspianLife, 4 қыркүйек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Мәдениет және ақпарат министрін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл лауазымға оған дейін 2025 жылғы ақпаннан бастап Мемлекет басшысының ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған 49 жастағы Арман Қырықбаев тағайындалды. Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Астана қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясында білім алған, сондай-ақ 2000-2002 жылдары ҚР СІМ Дипломатиялық академиясында «халықаралық экономист» мамандығы бойынша даярлықтан өткен. Мемлекеттік органдардағы еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болып бастаған, кейін қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорын басқарған. 2006 жылғы сәуірден 2008 жылғы ақпанға…
Caspianlife, 3 қыркүйек. Ақтөбеде ұлттық киімдер мен әшекей бұйымдар дүкеніне ақша салған 100-ге жуық адам алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып отыр. Дүкен иесі салынған қаражатты пайызымен бірге қайтаруға уәде берген. Ал бонус ретінде салымшыларға дүкендегі кез келген тауарды алуға мүмкіндік ұсынған. Уәдеге сенгендердің бірі 5 миллион теңге, енді бірі одан да көп ақша салған. Алайда қаражат қайтарылмаған. Енді зардап шеккендер полицияға жүгінуде. Ақтөбе тұрғыны Гүлзат Бөгебайқызы болған жағдайды айтып берді: «Мен шамамен 5 миллион теңге салдым. Ақшаны жарты жылдан кейін қайтарамыз деп уәде берді. Бірақ сәуір айынан бастап ол жасырына бастады, қоңырауларға жауап бермейді. Дүкенге де бардық, бірақ ол жабық болып…
CaspianLife, 3 қыркүйек. Тазы – дала төсінде жүйрік болған аңшы ит қана емес. Ол – көшпенділер мәдениетінің ажырамас бөлігі, тазалық пен тектіліктің символы. Мереке ұлттық құндылықтарды дәріптеу және асыл тұқымды иттерді қорғау мақсатында енгізілді.
CaspianLife, 2 қыркүйек. 1 қыркүйекте Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым аясындағы экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды мәселені көтерді. Мемлекет басшысы ШЫҰ елдерінің өзара тауар айналымы 1 триллион долларға жақындағанын, алайда қолда бар экономикалық әлеуеттің әлі де толық пайдаланылмай отырғанын атап өтті. «Бірлескен күш-жігердің арқасында ШЫҰ елдерінің өзара тауар айналымы 1 триллион долларға сенімді түрде жақындап келеді. Алайда біздің ойымызша, экономикалық өзара байланыс әзірге қолда бар мүмкіндіктерге толық сәйкес келмейді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресурстық, өндірістік және технологиялық әлеуетін барынша тиімді пайдаланып, жаңа өсу нүктелері мен тұрақты іскерлік байланыстар қалыптастыру…
CaspianLife, 2 қыркүйек. Қазақстанда сот процестеріне қатысушылар мен сотқа келушілерді өткізу тәртібіне және объектішілік режимге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 30 шілдедегі №5 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №568 бірлескен бұйрығымен бекітілген қағидаларда көрсетілген. Құжат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 тамызда №39589 болып тіркелген. Жаңа талаптардың негізгі мақсаты — сот ғимараттарына сот процесіне қатысушылардың, сотқа келушілердің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кіру тәртібін реттеу, сондай-ақ сот объектілеріндегі қауіпсіздік пен белгіленген ішкі тәртіпті қамтамасыз ету. Қағидалар сот ғимаратына кіретін азаматтарға қойылатын талаптарды, өткізу тәртібін және объектішілік…
CaspianLife, 2 қыркүйек. Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт кеше сағат 17:00-де басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке қоқыстың өздігінен тұтануы себеп болған. Жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнына құтқарушылар мен әскери қызметшілер жедел жетті. Өртті сөндіруге 93 адам мен 61 арнайы техника жұмылдырылды. Жалынды кешкі сағат 21:00-ге жуық уақытта оқшаулауға мүмкіндік болған. Қазіргі уақытта мамандар түтіндеп жатқан аумақты топырақпен көміп, өртті толықтай сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ақтөбе қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің инспекторы Талғат Наурызов: «Кеше сағат 17:00-де қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыстың өздігінен тұтануы салдарынан өрт шықты. Өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метрді…
CaspianLife, 2 қыркүйек. Ақтау гарнизонында мерзімді әскери қызметші Ербол Әзімов музыкаға қызығушылық танытатын әскердегі достарымен бірге «Бүркіт» музыкалық тобын құрды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұжым алғаш рет шілде айында әскери бөлімнің құрылған күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетті. Ербол Әзімов 2026 жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке шақырылған. Бүгінде ол әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери борышын өтеп, Маңғыстау облысының әуе кеңістігін қорғау міндеттерін атқарып жүр. Әскерге шақырылғанға дейін Ербол музыкамен кәсіби түрде айналысқан. Ақтау қаласында «Level Improve Music» студиясын ашып, вокалдан сабақ берген. Сонымен қатар домбыра, гитара және фортепианода ойнауды үйреткен. Өнерге жақын жас…
СaspianLife, 2 қыркүйек. Екі оқушы қыз лотос тұқымын 2 жыл бұрын Қытайдың маркетплейсінен сатып алған. Оны әуелі аквариумда өсіруге тырысқан. Нәтиже болмаған соң, қалған тұқымдарды үй маңындағы Перетаска арнасына сепкен. Бір жылдан кейін алғашқы жапырақтар пайда болып, биыл жазда лотос гүлдей бастады. Екі жыл ішінде бірнеше тұқымнан шамамен футбол алаңындай лотос алқабы пайда болды. Бұл лотос Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер қатарына жатады. Алқапқа қос қыздың құрметіне «Шаттық-Айым» деген атау берілді.
