Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 тамыз.  Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Read More

CaspianLife, 28 тамыз. Атырау қаласының Кенөзек ауылдық округінде белгісіз аурудан ірі қара мал қырылып жатыр. Соңғы бірнеше айда 20-дан астам сиыр өлген. Жергілікті тұрғындар жауапты тұлғалардың жағдайға ұзақ уақыт бойы атүсті қарағанына наразылық білдіруде. Ал билік әзірге ешқандай болжам жасай алмай отыр. Фермер Қалбек Жиенбаев шығынының көлемін айтып берді: «Тек менің шаруашылығымда 2026 жылдың басынан бері 19 бас ірі қара өлді. 8 миллион теңге шығынға баттым. Бұл тек менің жағдайым емес, көптеген шаруашылық зардап шекті. Біз үшін ең бастысы — малдың қандай аурумен ауыратынын анықтау. Жануарлар жайылымнан қайтып келе жатқанда немесе қорада тұрған жерінде өліп жатыр». Фермерлер өлген малдың өлекселерін…

Read More

CaspianLife, 28 тамыз. Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің көші-қон қызметі еліміздің теміржол және әуе көлігі нысандарында көші-қон заңнамасын бұзудың 2 730 фактісін анықтады. Жауапкершілікке 2 261 шетел азаматы тартылды. Оның ішінде сот шешімімен 595 адам Қазақстан аумағынан шығарылды. Сонымен қатар қос азаматтықтың 190 фактісі тіркеліп, әрбір жағдай бойынша тиісті шаралар қабылданды. Тексеру барысында Қазақстан азаматтарына қатысты да заңбұзушылықтар анықталды. Елде шетел азаматтарын қабылдау және олардың болу тәртібін бұзған 469 адам белгілі болды. Жұмыстың тағы бір бағыты — шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту. Осыған байланысты 37 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов бұл бағыттағы жұмыстардың…

Read More

CaspianLife, 28 тамыз. Қазақстанда оқушыларға 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен сыйлық сыйлауға тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді. Оның айтуынша, тиісті хаттар жергілікті атқарушы органдарға жолданған. Енді мектеп аумағында мұғалімдерге гүл сыйлауға және қандай да бір сыйлық сатып алуға болмайды. Бұл талап арнайы көрсетілген. Бірінші сынып оқушыларына да гүл сыйлаудың қажеті жоқ. «Біз тиісті хаттарды жергілікті атқарушы органдарға жолдадық. Мектептерде гүл сыйлауға, қандай да бір сыйлық сатып алуға жол берілмейді. Нақтырақ айтқанда, мектеп аумағында сыйлық беруге болмайды. Біз мұны хатта нақты көрсеттік. Бірінші сынып оқушыларына да гүл сыйлаудың қажеті жоқ», —…

Read More

Caspianlife, 28 тамыз. Ақтөбе қаласының шетіндегі Көктем ауылының балалары әлі күнге дейін жұмысшыларға арналған бұрынғы жатақхана ғимаратында білім алып жүр. Оқу орны ретінде қайта жабдықталған бұл ғимарат 600 оқушыға есептелгенімен, қазір мұнда мыңнан астам бала оқиды. Сыныптар шамадан тыс толы Бұл мектепте Көктем ауылының ғана емес, көршілес Сая және Мағаджан ауылдарының, сондай-ақ бау-бақша серіктестіктерінің балалары да білім алады. Жыл сайын оқушылар саны артып, білім беру мекемесі жүктемені көтере алмай отыр. Көктем ауылының тұрғыны Дүйсенғали Есбосынов: «Мұнда Заречный ауылынан ғана емес, Летвоздың төртінші учаскесінен де балалар оқиды. Барлығы мыңнан асады. Іші тар, балаларға қолайсыз. Белсенді оқушылар материалды тез меңгерсе, тұйық балалар…

Read More

Caspianlife, 28 тамыз. I шақырылымдағы Қазақстан Құрылтайының бірінші сессиясында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына сайланды.   Төрағалыққа кандидатты сайлау барысында Құрылтай депутаттарының 138-і оның кандидатурасын қолдап дауыс берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 57-бабына сәйкес бұл лауазымға Айбек Дәдебайдың кандидатурасын өзі ұсынды. Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі көпжылдық тәжірибесін, біліктілігі мен жауапкершілігін жоғары бағалап, депутаттарды бұл кандидатураны қолдауға шақырған болатын. Айбек Дәдебай туралы қысқаша: Тәжірибесі: Еңбек жолында ҚР Президентінің Іс басқарушысы, Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметтерін атқарған. Партиясы: 2026 жылдан бастап «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып табылады (сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы Құрылтайдан 110 мандат алған).

Read More

Caspianlife, 28 тамыз. Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының депутаттары ресми түрде тіркеліп, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға кірісті. Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысында Құрылтайдың 145 депутаттарын тіркеу туралы шешім қабылданды. Тіркеу рәсімінен кейін сайланған өкілдер депутаттық мәртебеге ие болды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес, депутаттардың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркелген сәттен бастап басталады. Құрылтай құрамына бес саяси партияның өкілдері кірді: «Әділет» партиясынан — 110 депутат, «Ауыл» партиясынан — 10, «Respublica» партиясынан — 9, ОСДП-дан — 8, «Ақ жол» партиясынан — 8 депутат. Мандаттарын алған жаңа депутаттар қуаныштарын жасырмады.…

Read More

Caspianlife, 28 тамыз.  Атырау облыстық балалар ауруханасына 9 жастағы қыз бала бірнеше магнит жұтып қойғаннан кейін шұғыл түрде жеткізілді. Тексеру барысында баланың асқазан-ішек жолында бірнеше магнитті бөгде заттың бары анықталды. Бірнеше магниттің ағзада орналасуы ауыр асқынуларға, соның ішінде ішек қабырғасының зақымдануына және тесілуіне әкелуі мүмкін болғандықтан, дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады. Операция барысында мамандар асқазан-ішек жолынан 8 дана магнитті бөгде затты алып тастады. Дәрігерлердің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында баланың өміріне қауіп төндіретін асқынулардың алдын алуға мүмкіндік болды. Операциядан кейін қыз бала реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында, қажетті операциядан кейінгі…

Read More

CaspianLife, 27 тамыз. Жыл басынан бері Атырау облысында рұқсат етілмеген 42 қоқыс орны анықталды. Оның 39-ы қазірдің өзінде жойылып, қалған үш аумақта тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейдтік-профилактикалық іс-шаралар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өтуде. Бүгін «Балауса» шағынауданында анықталған кезекті заңсыз қоқыс орны тазартылуда. Атырау облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Жеңіс Серікұлы: «Биыл Атырау облысының аумағында ғарыштық түсірілім нәтижесінде қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 15 орны анықталды. Оның 5-еуі — Жылыой ауданында, 2-еуі — Махамбет ауданында және 8-і — Атырау қаласында. Қазіргі таңда Жылыой ауданындағы 5 учаске мен Атырау қаласындағы 4 учаске толығымен жойылды. Сонымен қатар Махамбет ауданындағы 2 учаске қатты…

Read More

Caspianlife, 27 тамыз. Ақтөбеде өз анасын өлтірді деп айыпталған 17 жастағы жасөспірімге қатысты сот процесі басталды. Қайғылы оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Кәмелетке толмаған күдікті сот отырысына қатыспады — қазіргі уақытта ол психиатриялық орталықта ем алып жатыр. Сараптама қорытындысына сәйкес, жасөспірімге «шизофрения» диагнозы қойылған. Тергеу мәліметінше, оқу үлгерімі төмендегеннен кейін ата-анасы жасөспірімді жекеменшік мектепке ауыстырған. Кейін ол анасы екеуі мемлекеттік емтихан тапсыратын пәнді таңдау мәселесіне байланысты келіспей қалған. Оқиға болған күні анасы мен баласының арасында жанжал туындап, оның барысында жасөспірім әйелге пышақ жарақатын салған. Іс бойынша 71 жастағы әжесі де жәбірленуші деп танылған. Оқиғадан кейін зейнеткер алған жарақатына байланысты ауруханада…

Read More