Caspianlife, 28 тамыз. I шақырылымдағы Қазақстан Құрылтайының бірінші сессиясында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына сайланды.
Төрағалыққа кандидатты сайлау барысында Құрылтай депутаттарының 138-і оның кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 57-бабына сәйкес бұл лауазымға Айбек Дәдебайдың кандидатурасын өзі ұсынды.
Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі көпжылдық тәжірибесін, біліктілігі мен жауапкершілігін жоғары бағалап, депутаттарды бұл кандидатураны қолдауға шақырған болатын.
Айбек Дәдебай туралы қысқаша:
Тәжірибесі: Еңбек жолында ҚР Президентінің Іс басқарушысы, Президент Әкімшілігінің Басшысы қызметтерін атқарған.
Партиясы: 2026 жылдан бастап «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып табылады (сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы Құрылтайдан 110 мандат алған).

