CaspianLife, 27 тамыз. Биыл Атырауда тарихи-мәдени мұраны зерделеу және қорғау бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Жыл басынан бері 41 ескерткіштің қорғау аймағы белгіленіп, 171 тарихи-мәдени нысанға мониторинг жүргізілді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Экспедициялық топ 20 күн бойы Қызылқоға, Құрманғазы, Индер және Исатай аудандарын аралап, нысандардың жай-күйін зерделеді. Нәтижесінде Қызылқоғада 90, Құрманғазыда 40, Индерде 34, Исатайда 7 нысан тексерілді. Сонымен қатар 100 нысанға сараптама жүргізіліп, оның 80-іне ескерткіш мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қорғау аймақтарын белгілеу жұмыстары да жалғасын тапты. Биыл 41 ескерткіштің аумағы белгіленді. Бұған дейін облыстағы 180 ескерткіштің қорғау аймағы бекітілген. Мамандардың айтуынша, ендігі міндет – қорғау аймақтары…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 тамыз. Атырау облысында электр тауарларын сатушы қауіпсіздік талаптарына сай емес техниканы құжатсыз және тиісті таңбасыз сатқаны үшін 843 375 теңге айыппұл төледі. Тексеруге Атырау тұрғынының шағымы себеп болған. Ол аяқ пен арқаға арналған электр массажерлерін сатып алған. Алайда сатып алынған тауар техникалық қауіпсіздік регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеген. Осыған байланысты Атырау облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкер «Amanat Group»-қа қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Өнімде таңбалау және қазақ және орыс тілдеріндегі пайдалану жөніндегі құжаттар болмаған. Сондай-ақ тауардың ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» және ТР ТС 020/2011…
Caspianlife, 27 тамыз. Еліміздегі төрт саяси партия жаңа Құрылтай құрамына өткен депутаттар тізімін жариялады. 10 мандатқа ие болған «Ауыл» партиясының бекітілген тізіміне Қайрат Айтуғанов, Шахмардан Байманов, Захира Бегалиева, Серік Егізбаев, Мұрат Іргібаев, Ажар Қажыбекова, Владимир Киян, Алмас Мұхаметов, Динара Райханова және Рабиға Тоқсейітова енді. Сайлау қорытындысы бойынша 9 мандатқа ие болған Respublica партиясынан Құрылтай депутаты болып Бекжан Айтқұлов, Руслан Ыдырысов, Мейірхат Қасымбаев, Олжас Күспеков, Динара Наумова, Екатерина Сергеевна, Нұргүл Тау, Махамбет Хасенов және Айдарбек Қожаназаров сайланды. Олардың бесеуі бұған дейін VIII сайланған Мәжілістің депутаты болған еді. 8 мандаттан иеленген ЖСДП мен «Ақ жол» партияларының да депутаттық құрамы белгілі болды. ЖСДП…
Caspianlife, 27 тамыз. Астанада өткен тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесінде реформаларды тек реформа жасау үшін, яғни нақты мазмұны мен тиімділігі дәлелденбестен жүргізуді тоқтатуды талап етті. Нәтижесіз өзгерістер Педагогтермен кездесуде Мемлекет басшысы білім беру саласында кезекті ауқымды реформаны сылтау етіп, қысқа мерзім ішінде бүкіл жүйені түбегейлі өзгертуге болмайтынын айтты. «Бұрынғы өзгерістерден қалған келеңсіз нәтижелер осы маңызды саланы әлсіреткенін білеміз. Мұндай эксперименттер білім беру жүйесіне үлкен зиян келтірді. Реформа деген аты ғана бар, нақты мазмұны жоқ өзгерістерді реформа үшін жүргізуді тоқтату қажет», – деді Тоқаев. Президенттің айтуынша, реформалар мен өзгерістер қажет. Алайда олар мұғалімдерді толық қажытып, күйзеліске ұшыратпауы тиіс.…
Caspianlife, 26 тамыз. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында шақырту кезінде қайтыс болған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотталушы МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) төрайымы Сәуле Жұбаниязованың адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрағанымен, өтініш қанағаттандырылмады. Қорғау тарапының уәждері: Сотталушының адвокаты Дәурен Еслямбеков тергеу барысында біршама процессуалдық заңбұзушылықтар орын алғанын мәлімдеді: Мәртебенің шұғыл өзгеруі: Сәуле Жұбаниязова сот басталардан небәрі бір ай бұрын ғана «куәгер» мәртебесінде болған. Хаттамалардағы кемшіліктер: Тергеу әрекеттерінің кейбір хаттамаларында сотталушы мен оның қорғаушысының қолдары қойылмаған. Құрылыс ақаулары: Сот-құрылыс-техникалық сараптамасы қасбеттің құлауына кірпіш қалаудың сапасыздығы, тіктен ауытқу және сынған кірпіштерді пайдалану сияқты ғимаратты салу кезіндегі кемшіліктер себеп болғанын…
CaspianLife, 26 тамыз. Қазақстанда электрлі самокаттарды пайдалану тәртібі қатаңдатылды. Полиция қызметкерлері самокат жүргізушілері үшін енгізілген жаңа талаптар мен шектеулерді еске салды. Басты өзгерістің бірі — 25 тамыздан бастап электросамокаттардың тротуармен жүруіне толықтай тыйым салынды. Жолдың жүру бөлігімен қозғалу талаптары Самокатпен жолдың жүру бөлігіне (проезжая часть) шығу үшін мына талаптарды орындау міндетті: Жас шектеуі: Жүргізушінің жасы 18-ден асқан болуы тиіс. Құжаттар: Кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы шарт. Қорғаныс жабдығы: Баста арнайы шлем болуы керек. Түнде жүру: Түнде және қараңғы уақытта үстіде жарық шағылыстыратын элементтер (жилет, наклейкалар) болуы талап етіледі. Қатаң тыйым салынған әрекеттер: Тротуармен жүру: 25 тамыздан бастап тротуарда самокат тебуге тыйым салынады. Жолаушы мен жүк тасу: Самокатқа екі адамның мінуіне және көлемді жүктерді…
Caspianlife, 26 тамыз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға аз. Өрт есебінен 3 адам көз жұмып, 8 адам жарақат алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Абдуллин мәлім етті. Өрттің алдын алу мақсатында облыс аумағында тұрақты түрде түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілуде. Өрт қауіпті кезеңде 8 мобильді топ 200 рейд өткізген. Рейд барысында орман, дала алқаптары мен тұрғындардың демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 72 жағдайы анықталды. Оның ішінде 65 адамға ескерту жасалып, 7 адамға айыппұл салынды. – Өрттің алдын алуда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы…
CaspianLife, 26 тамыз. Атырау халықаралық әуежайында экипажы шұғыл қону туралы шешім қабылдаған ұшақтың жолаушысы қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік компанияға тиесілі әуе кемесі Түркиядан Ресейге бағыт алған. Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлаған. Осыған байланысты экипаж жедел түрде Атырауға қону туралы шешім қабылдаған. Алайда жолаушыны құтқару мүмкін болмады — ол ұшақ қонғаннан кейін қайтыс болған. Оқиға 25 тамызда Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта қызметкерлер жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, істің бұдан кейінгі егжей-тегжейлері жарияланбайды. Бұл Қазақстан Республикасының…
Caspianlife, 26 тамыз. Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған. Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымдағы бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылады. Мемлекет басшысы бұл шешімді Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес қабылдады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Ақорда мәліметінше, бұл – Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы.
Caspianlife, 25 тамыз. 25 тамызда сағат 12:55-те «112» пультіне Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Нысанның ерекшелігі ескеріліп, Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жоғары шақыру дәрежесі бойынша оқиға орнына жедел жіберілді. Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметтерінен шамамен 65 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, барлық күштер мен құралдардың жұмысы үйлестірілді. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оның одан әрі таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.
