CaspianLife, 26 тамыз. Қазақстанда электрлі самокаттарды пайдалану тәртібі қатаңдатылды. Полиция қызметкерлері самокат жүргізушілері үшін енгізілген жаңа талаптар мен шектеулерді еске салды.
Басты өзгерістің бірі — 25 тамыздан бастап электросамокаттардың тротуармен жүруіне толықтай тыйым салынды.
Жолдың жүру бөлігімен қозғалу талаптары
Самокатпен жолдың жүру бөлігіне (проезжая часть) шығу үшін мына талаптарды орындау міндетті:
-
Жас шектеуі: Жүргізушінің жасы 18-ден асқан болуы тиіс.
-
Құжаттар: Кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы шарт.
-
Қорғаныс жабдығы: Баста арнайы шлем болуы керек.
-
Түнде жүру: Түнде және қараңғы уақытта үстіде жарық шағылыстыратын элементтер (жилет, наклейкалар) болуы талап етіледі.
Қатаң тыйым салынған әрекеттер:
-
Тротуармен жүру: 25 тамыздан бастап тротуарда самокат тебуге тыйым салынады.
-
Жолаушы мен жүк тасу: Самокатқа екі адамның мінуіне және көлемді жүктерді тасымалдауға болмайды.
-
Жаяу жүргіншілер өткелі: Жолды жаяу жүргіншілер өткелінен (зебра) өтерде самокаттан түсіп, оны жаяу жетектеп өту міндетті.

