Caspianlife, 26 тамыз. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға аз. Өрт есебінен 3 адам көз жұмып, 8 адам жарақат алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Атырау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Абдуллин мәлім етті.
Өрттің алдын алу мақсатында облыс аумағында тұрақты түрде түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілуде. Өрт қауіпті кезеңде 8 мобильді топ 200 рейд өткізген.
Рейд барысында орман, дала алқаптары мен тұрғындардың демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың 72 жағдайы анықталды. Оның ішінде 65 адамға ескерту жасалып, 7 адамға айыппұл салынды.
– Өрттің алдын алуда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы өте маңызды. Әсіресе табиғат аясына демалуға шыққанда отты қараусыз қалдырмау, темекі тұқылын тастамау және құрғақ шөптерді өртемеу қажет, – деді Бағдат Абдуллин.
Еске сала кетейік, былтыр дала аумағында 2 өрт тіркеліп, 775 гектар жерді қамтыды. Құрғақ шөп пен қамыстың 103 рет жануы болған. Оның жалпы аумағы 434,6 гектарды құрады.

