Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 24 тамыз. Маңғыстау облысында апатты тұрғын үйлерді жаңарту бойынша ауқымды бағдарлама басталады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 61 апатты үй анықталған. Билік ескі ғимараттарды кезең-кезеңімен бұзып, тұрғындарды жаңа пәтерлерге көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы өңір әкімдігі хабарлады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласындағы, сондай-ақ Бейнеу және Қарақия аудандарындағы апатты тұрғын үй қорын жаңғырту жобаларымен танысты. Жұмыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылады. Апатты үйлердің ең көп саны Жаңаөзенде — 25 нысан. Олар Вокзал, Шаңырақ және Шұғыла шағынаудандарындағы 322 пәтерді қамтиды. Тұрғындар жаңа үйлерге көшірілгеннен кейін ескі ғимараттар сүріліп, олардың орнына 180 және 160 пәтерлі жаңа үйлер салынады. Сонымен қатар…

Read More

CaspianLife, 24 тамыз. Атырау облысы бойынша Экология департаменті «Потенциал Ойл» ЖШС-не қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізді. Тексеру нәтижесі компания үшін көңіл көншітерліктей болмады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Экология департаменті хабарлады. Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, өндірістік экологиялық бақылаудың талапқа сай жүргізілмеуі, ағынды суларды бақылау және есептілікті тапсыру кезінде заң бұзушылықтарға жол беру, қоршаған ортаға ластаушы заттарды шығару, экологиялық рұқсатсыз жекелеген жұмыстарды жүргізу, жол берілетін шығарындылар нормативтерінің асып кетуі, топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу талаптарының бұзылуы тіркелді. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 1 млрд 433,8 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Алайда бүгінгі таңда…

Read More

Caspianlife, 24 тамыз. Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit-poll нәтижелері жарияланды. Сауалнама қорытындысы бойынша саяси партиялардың дауыстарды бөлу көрсеткіштері ұсынылды. Сайлау заңнамасына сәйкес, өкілетті органға өту үшін саяси ұйымдар тиісті шекті межеден (5 пайыздық кедергіден) өтуі қажет. Дауыс берудің нақты әрі ресми қорытындысын ҚР Орталық сайлау комиссиясы арнайы брифингте хабарлайды.

Read More

Caspianlife, 23 тамыз. Елімізде тағы бір маңызды саяси науқан өз мәресіне жетті. Алғашқы Құрылтай сайлауында Атырау облысы бойынша жұмыс істеген 278 сайлау учаскесі жұмыстарын аяқтады. Қазіргі уақытта сайлау комиссиялары бюллетень санауды бастап кетті. Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, атыраулықтардың 71,17 пайызы дауыс берген. Еліміз бойынша белсенді өңірлердің қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Жетісу мен Қызылорда облыстары 91,19 және 90,75  пайыздармен көш басында орналасқан. Алматы қаласының тұрғындары сайлау науқанында дауыс беруге құлық танытпады. Олардың 43,23 пайызы ғана бюллетень алған. Жалпы ел бойынша 9 352 151 адам дауыс берген. Бұл жалпы сайлау құқығы бар жандардың 74,19 пайызы.  Астана қаласы – 51,67 Абай облысы –…

Read More

Caspianlife, 23 тамыз.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Read More

CaspianLife, 21 тамыз.  Жолдың жалпы конструкциялық қалыңдығы 80 сантиметрді құрайды. Мұнда инженерлік коммуникациялар көшіріліп, 3 автотұрақ жасалды. Қазір жолдың екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынуда. Ал аялдамалардағы автобус павильондарын жаңасына ауыстыру жоспарланған. Бұл «Жастар – Еркінқала» бағытындағы автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жасалып жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жоба аясында бүгінге дейін 4 шақырым жолға асфальт төселді. Ал Жұмыскер шағын ауданындағы Тайманов мектебі тұсынан Сатыбалдиев көшесіне дейінгі 2,4 шақырым учаскеде асфальт төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жолдың жалпы ұзындығы – 11,8 шақырым. Оның 8,7 шақырымы төрт жолақты, ені 15 метр болатын жолға дейін кеңейтіледі. Қалған 3,1 шақырым…

Read More

Caspianlife, 21 тамыз. Атырауда жыл басынан бері 50 272 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған. Бұл төлемдер еңбекке қабілетінен және жұмысынан айырылған, жүктілік пен босануға, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылған азаматтарға берілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Өңірде жұмысынан айырылуына байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың 18 800-ге жуығына әлеуметтік төлем тағайындалса, бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемді 19 400-ге жуық адам алған. Атырау облысы “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ филиалының директоры Алмагүл Шатенованың айтуынша, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үшін өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы немесе электронды түрде egov.kz, enbek.kz порталдары мен…

Read More

Caspianlife, 20 тамыз.  Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін шетелдік көрерменге танытатын фильмдер мен деректі жобалар елдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Солардың бірі әлемдік деңгейдегі танымал трэвел — блогер Джо Хаттабтың — «Inside Kazakhstan (Nuclear Missiles, Space Rockets & Eagle Hunters)» атты фильмі. YouTube желісінде жарияланған бұл туынды 3 миллионнан астам қаралым жинаған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Фильм арқылы Қазақстанның тарихы, табиғаты, ұлттық мәдениеті мен заманауи келбеті халықаралық аудиторияға ұсынылған. Туындының жоғары қаралымы Қазақстанға, оның ішінде Маңғыстаудың ерекше табиғатына деген әлемдік қызығушылықтың бар екенін аңғартады. Фильмдегі ерекше назар аударарлық көріністердің бірі – Маңғыстаудың қайталанбас табиғаты. Кадрларда түрлі түсті жартас…

Read More

Caspianlife, 20 тамыз. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілін латын графикасына көшіруге бөлінген бюджет қаражатының негізгі бөлігін қазынаға қайтарғанын хабарлады. Толық көшу процесі жаңа әліпби мен емле ережелері ресми түрде бекітілгеннен кейін ғана қайта басталмақ.   А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары әліпби жобасы мен жаңа емле ережелерін әлі де жетілдіріп жатыр.   Қосымша бюджеттік қаражат бөлу және бірыңғай цифрлық коммуникациялық құралдарды әзірлеу мәселесі тиісті нормативтік-құқықтық актілер ресми мақұлданғаннан кейін ғана қайта қаралады.   Министрлік жаңа әліпби толық бекітілгенге дейін жергілікті әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға ғимараттардағы латын қарпіндегі маңдайшалар…

Read More

Caspianlife, 20 тамыз. Қазақстанда алғаш рет тез дайындалатын өнім форматында дайын бешбармақ сатылымға шықты. Бұл идея Жылыой ауданынан шыққан кәсіпкер Анар Бейсенге тиесілі. Ол дәстүрлі қазақ асханасына жаңалық енгізіп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, өнім толық сублимациядан өтеді. Соның арқасында тағамның түсі мен табиғи дәмі бастапқы қалпында сақталады. Анар өз кәсібін сублимацияланған балмұздақ пен жемістерді сатудан бастаған. Кейін кептіру технологиясын жан-жақты зерттеп, нарыққа өнімнің жаңа түрлерін шығара бастаған. «Алдымен сублимацияланған таңқурай мен басқа да жемістерді тапсырыспен жеткізіп жүрдік. Сұраныс артқан кезде оларды көп мөлшерде сатып алып, сата бастадым. Кейін “бәрін өзіміз өндіріп көрсек қалай болады?” деген ой келді. Технологияны зерттей келе, арнайы…

Read More