Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 18 тамыз. Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын бес киелі кешен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Бұл шешім Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» атауымен ұсынылған сериялық нысанның құрамына Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпі киелі кешендері енді. ЮНЕСКО-ның ресми сипаттамасына сәйкес, бұл кешендер Маңғыстау түбегіндегі жартастарға қашалып жасалған қасиетті орындар мен оларға іргелес кең ауқымды қорымдарды қамтиды. Номинацияны әзірлеу және ұсыну жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына…

Read More

Caspianlife, 18 тамыз. Грецияның мұнай танкері Ресейден шыққан жүкке мұнай тиегеннен кейін Қара теңізде ұшқышсыз ұшақтың шабуылына ұшырады. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып, Forbes.kz хабарлайды. Suezmax класына жататын және шамамен 1 млн баррель мұнай тасымалдауға қабілетті «Skiros» кемесі Новороссийск ауданындағы Каспий құбыр консорциумының терминалына мұнай тиегеннен кейін соққыға жығылды. Оқиға жексенбіде терминалға жақын жерде орын алды. Афинадағы кеме иесі компания қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін, мұнайдың төгілуі де тіркелмегенін хабарлады. Компания одан әрі түсініктеме беруден бас тартты. Бұл оқиға дерлік үш апталық тыныштықтан кейін КҚК терминалына кірген кемеге жасалған алғашқы шабуыл болды. Бұған дейін АҚШ вице-президенті…

Read More

Caspianlife, 17 тамыз. Оралда темекі өнімдерінің заңсыз айналымының ірі схемасының жолы кесілді. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері акциздік маркалары мен міндетті цифрлық таңбалауы жоқ 102 мыңнан астам қорап темекіні тәркіледі. Ведомство мәліметінше, заңсыз схеманы Орал қаласының тұрғыны ұйымдастырған: темекі өңірге еліміздің басқа облыстарынан жеткізіліп, ал тауардың ірі партиялары Орал қаласы мен Бәйтерек ауданындағы тұрғын үйлерде, оның ішінде сақтау мақсатында туыстары мен таныстарының үй-жайларында жасырылған. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан жалпы құны 99 млн 400 мың теңге болатын 102 418 қорап темекі бұйымдары тәркіленді. Бұл ретте бюджетке 37 млн теңге акциздік төлем түспеген. Тәркіленген өнімдер жойылуға жатады. Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру…

Read More

Caspianlife, 17 тамыз. Атырау облысында өткен «Lotus Fest-2026» фестивалі екі күн ішінде 40 мыңнан астам көрерменнің басын қосты. Мәдени-бұқаралық шара аясында 50 кәсіпкердің қатысуымен жәрмеңке, фудкорт, фотоаймақтар мен ойын алаңдары жұмыс істеді, сахнада жергілікті әртістер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, фестиваль жарқын гала-концертпен аяқталды. Өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында фестивальге елімізге танымал тревел-блогерлер шақырылды. Олардың бірі Өркен Кенжебек өз әсерімен бөлісті: «Атырау облысы Алматы немесе Шығыс Қазақстан облыстары сияқты танымал бағыттармен қатар туристерді тартудың орасан зор әлеуеті бар екенін дәлелдеп жатқан сияқты. Осындай орындардың бірі — лотостар фестивалі. Бұдан бөлек, бізде Ақкергешін үстірті, Сарайшық қалашығы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде диверсанттар…

Read More

Caspianlife, 17 тамыз. Әлемдегі ең ірі мұнай жобаларының бірі бойынша сот процесі жаңа деңгейге көтерілуде: Қазақстан халықаралық консорциумды келісімшарттарды бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық схемаларын қолданды деп айыптауда және Қашағандағы көпжылдық кешігулердің салдарларын қайта қарауды талап етуде. Бұл туралы бірнеше дереккөзге сілтеме жасай отырып, Зерттеуші журналистердің халықаралық консорциумы (ICIJ) хабарлайды. Талап-арыздың мәні «Құпия халықаралық арбитраж шеңберінде Қазақстан үкіметі 2000-шы жылдары North Caspian Operating Consortium (NCOC) халықаралық инжинирингтік және құрылыс компанияларымен жасасқан жалпы сомасы 10,7 млрд доллар болатын онға жуық келісімшарт заңбұзушылықпен — тараптардың жеке мүддесі, шығындарды негізсіз асыра көрсету жемесе пара беру есебінен алынған деп мәлімдейді. Бұл туралы ICIJ-ге істің барысымен…

Read More

Caspianlife, 17 тамыз. Қазақстан «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға өз мұнайын жеткізуді уақытша тоқтатты — бұған транзит тарапындағы техникалық шектеулер себеп болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне ҚР Энергетика министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, «Атырау — Самара — «Дружба» бағыты бойынша экспорт қазіргі уақытта жүзеге асырылмайды, бірақ республика жеткізілімдерді қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл үшін бар инфрақұрылымдық шектеулерді жойып, барлық мүдделі тараптармен шарттарды келісу қажет. Бұл мәселе бұрыннан бар: 1 мамырдан бастап қазақстандық мұнай ГФР-ге «Дружбаны» айналып өтіп жеткізілуде — бұған транзиттің өзгерген техникалық мүмкіндіктері себеп болды. Ол кезде Энергетика министрлігі жеткізілімдерді ресейлік Усть-Луга порты арқылы және Каспий құбыр консорциумы жүйесі…

Read More

CaspianLife, 14 тамыз.  Атырауда сотталған азаматқа арналған сәлемдемеден күтпеген олжа табылды. Қарапайым көрінген піскен қарақұмық ботқасының ішіне үш ұялы телефон мен қуаттағыш жасырылған. Оқиға Атырау қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесінің №15 мекемесінде болған. Сәлемдемелерді тексеру барысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері азық-түлік өнімдерінің бірінен күдік тудырған белгілерді байқаған. Мұқият тексеру кезінде қарақұмық ботқасының ішінен үш ұялы телефон мен бір қуаттағыш құрылғы табылды. Осылайша, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жеткізу әрекетінің жолы дер кезінде кесілді. Мамандардың айтуынша, бұл жағдай сәлемдемелерді, әсіресе азық-түлік өнімдерін тексеру кезінде қызметкерлердің қырағылығы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен қылмыстық-атқару жүйесі…

Read More

CaspianLife, 14 тамыз. Вьетнам астанасы Ханойда AIMO халықаралық математикалық олимпиадасының финалы өтті. Азиядағы беделді математикалық жарыстардың біріне Қазақстаннан 63 оқушы қатысып, оның 59-ы жүлделі орындарға ие болды. Жүлдегерлер қатарында Атырау облысының оқушысы Дарын Жайлыбай да бар. Ол қола медаль иеленді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Дарынның айтуынша, халықаралық олимпиада әр елден келген оқушылардың білімін сынайтын жарыс қана емес, тәжірибе алмасып, жаңа білім мен мотивация алуға мүмкіндік берген. – AIMO олимпиадасына сәуір айында өтінім беріп, онлайн тест тапсырдым. Нәтижесі бір айдан кейін жарияланып, бірінші орын алдым. Осылайша, Вьетнамдағы финалға жолдама алдым. Бастапқыда қобалжу болды. Алайда нәтижемді көргенде еңбегімнің ақталғанын түсіндім, –…

Read More

Caspianlife, 14 тамыз. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу үшін тағы 405 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша шетелдік байқаушылардың жалпы саны 656 адамға жетті. Байқаушыларды аккредиттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Байқаушылар жеті шет мемлекет пен тоғыз халықаралық ұйымның өкілдері. ҚР ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, ТМД Байқаушылар миссиясынан – 75, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламенттік ассамблеясынан – 23, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан – 208, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясынан – 23, Түркі мемлекеттері ұйымының Байқаушылар миссиясынан – 10, Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының Байқаушылар миссиясынан – 22, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Байқаушылар миссиясынан – 11, АӨСШК Байқаушылар миссиясынан –…

Read More

CaspianLife, 14 тамыз. Маңғыстау облысында жасанды интеллект саласындағы деректерді өңдеу және есептеу орталықтарына арналған ірі инфрақұрылымдық кластер салу жоспарлануда. Жобаның құны 1,4 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл туралы өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың «Ample Solution Limited» компаниясының өкілдерімен кездесуінде айтылды. Тараптар бастаманы іске асыру перспективаларын талқылады. Болашақ кешеннің жалпы қуаты 500 МВт-қа дейін жетуі мүмкін. Оның құрамына деректерді өңдеу орталықтары, газ генерациясы және жаңартылатын энергия нысандары, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылым кіреді. Есептеу қуаттарын жасанды интеллект модельдерін оқытуға, бұлтты сервистерді дамытуға және үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге пайдалану жоспарланып отыр. «Жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамыту бүгінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы…

Read More