CaspianLife, 14 тамыз. Атырауда сотталған азаматқа арналған сәлемдемеден күтпеген олжа табылды. Қарапайым көрінген піскен қарақұмық ботқасының ішіне үш ұялы телефон мен қуаттағыш жасырылған.
Оқиға Атырау қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесінің №15 мекемесінде болған. Сәлемдемелерді тексеру барысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ҚАЖ қызметкерлері азық-түлік өнімдерінің бірінен күдік тудырған белгілерді байқаған.
Мұқият тексеру кезінде қарақұмық ботқасының ішінен үш ұялы телефон мен бір қуаттағыш құрылғы табылды.
Осылайша, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына жеткізу әрекетінің жолы дер кезінде кесілді.
Мамандардың айтуынша, бұл жағдай сәлемдемелерді, әсіресе азық-түлік өнімдерін тексеру кезінде қызметкерлердің қырағылығы қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының арқасында тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол берілмеді.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

