Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 14 тамыз. Маңғыстауда аса ірі көлемдегі есірткі партиясы тәркіленді. «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді. 6 тамыз күні сағат 22:00 шамасында Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы шаруашылық нысандарының бірінде жүргізілген тінту барысында өсімдік тектес зат салынған бес ірі қап анықталды. Сараптама нәтижесінде оның жалпы салмағы 83 келі 300 грамм марихуана екені расталды. Есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаеваның айтуынша, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып…

Read More

Caspianlife, 14 тамыз. «Кендірлі» су тұщыту зауыты тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытады. Автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін нысанда көпсатылы сүзгілеу, ультрасүзгілеу, кері осмос, қайта минералдандыру және залалсыздандыру жүйелері орнатылған. «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржыландыруымен салынған зауыттың негізгі жабдықтары Түркия, Австрия, Германия және Ресейден жеткізілген. Нысан Жаңаөзен қаласы мен оған жақын елді мекендерді, сондай-ақ Ақтау қаласын ауызсумен қамтамасыз етеді. «Кендірлі» су тұщыту зауытының бас директоры Мақсат Ибағаровтың айтуынша, тәулігіне 15 мың текше метр су өндіруден басталған жоба бүгінде 50 мың текше метрге дейін су тұщытуға қауқарлы. «Мамыр айында тәуліктік су беру жоспары 15 мың текше метрді, маусымда – 21 500, ал…

Read More

CaspianLife, 14 тамыз. Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов «Көктем» базары маңындағы Жастар көшесін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бұған дейін атыраулықтар жол жөндеу жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанына шағымданған. Мердігердің айтуынша, битум тұрақтандырғышын жеткізу кешігуіне байланысты көлік қозғалысын ашу мерзімі кейінге шегерілген. Жолды 20 тамызға дейін ашу жоспарланып отыр. Атырау қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы орынбасары Алмас Сәрсеновтің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының мерзімі 29 ай, ал жобаның жалпы құны 18,7 млрд теңге. Ашық электронды конкурс нәтижесінде жеңімпаз атанған «АИС» ЖШС жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қазір Құрманғазы және Тлендиев көшелерінің қиылысына дейінгі 500 метрлік учаскеде негізгі қабат төселіп, ірі түйіршікті асфальтбетон…

Read More

CaspianLife, 13 тамыз. Қазақстанда 589 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеді. Негізінен инфекциялық, жүрек-қан тамырлары және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге қолданылатын препараттардың құны арзандаған. Республика бойынша барлығы 2555 дәрі атауының бағасы тексерілген. Оның ішінде 1257 препараттың бағасы өзгеріссіз қалған. Мәселен, «Зитмак 250 мг №6» препаратының бағасы 24,25%-ға, «Цефтриаксон 1 г» – 22,03%-ға, ал «Пантап 20 мг №14» препараты 20,1%-ға арзандаған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сұлушаш Қуанғалиеваның айтуынша, фармацевтикалық өнімдердің нарықтағы бағасына мониторинг дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі арқылы жүргізіледі. «Бұл платформа дәрілік заттардың медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты бағаны…

Read More

CaspianLife, 13 тамыз. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен Хорватияның көмірсутектер жөніндегі агенттігінің еншілес ұйымы Geoenergija Razvoj d.o.o. компаниясының бірлескен кәсіпорны – «Shygys Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа компания Ақтөбе облысындағы Шығыс жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін оператор болады. Жоба аясындағы ең төменгі жұмыс бағдарламасына 500 погондық километр көлемінде 2D сейсмикалық барлау жүргізу және тереңдігі 3500 метр іздеу ұңғымасын бұрғылау кіреді. Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен «Shygys Operating» ЖШС бас директоры болып Нұрлан Қонысов сайланды. Оның мұнай және газ геологиясы саласында жоғары білімі және «ҚазМұнайГаз» жүйесінде көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын…

Read More

CaspianLife, 13 тамыз. Жаңа оқу жылында Ж.Досмұхамбетов атындағы Атырау облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары басқа ғимаратта білім алады. Бұған 25 маусым күні сағат 10:40 шамасында ескі ғимараттың шатырында болған өрт себеп болып отыр. Қазір облыстық білім басқармасы оқушыларды уақытша орналастыратын ғимарат іздеп жатыр. Лицей 1991 жылы ашылған. Ал оның негізгі ғимараты 1948 жылы салынған, 2007 жылы оған қосымша ғимарат тұрғызылған. Білім беру ұйымы 320 оқушыға арналған. Өткен жылы мұнда 299 бала білім алған. Атырау облысы білім басқармасының басшысы Марат Абуовтың айтуынша, негізгі ғимаратқа шұғыл жөндеу жүргізіп, кейін жоспарланған жаңғырту жұмыстарын қайта қолға алу бюджетке тиімсіз. «Сондықтан осы мектептегі мәселені жедел әрі…

Read More

Caspianlife, 13 тамыз. Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты бәсекелестік заңнамасын бұзу туралы іс қазір кассациялық сотта қаралып жатыр. Бұған дейін ведомство 2021–2023 жылдар аралығында зауыттың шикізатты өңдеу тарифтерін негізсіз көтергенін анықтаған. АМӨЗ бұл шешіммен келіспей, сот тәртібімен шағымданған. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсел Әдиева мәлімдеді. Департаменттің бақылауында сұйытылған мұнай газын бөлу мәселесі де бар. Талдау барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының отынды бөлу кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзғанына қатысты белгілер анықталған. Осы факті бойынша қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. «NNC Group» ЖШС-не қатысты сот процесі де жалғасуда. Компанияның…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 2,3 миллионнан астам азамат онкологиялық скринингтен өтті. Тексеру нәтижесінде сүт безі қатерлі ісігінің 1 238 жағдайы, колоректалды қатерлі ісіктің 372 жағдайы және жатыр мойны обырының 227 жағдайы анықталды. Қазақстанда халықтың нысаналы топтары арасында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған үш түрлі скрининг тегін жүргізіледі. Олар – сүт безі обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды қатерлі ісікке арналған тексерулер. 2026 жылдың алғашқы алты айында барлығы 2 млн 362 мың адам скринингтен өткен. Дәрігерлер скрининг нәтижесінде күмәнді өзгерістердің анықталуы бірден қатерлі ісік диагнозы қойылды дегенді білдірмейтінін еске салады. Мұндай жағдайда пациент қосымша тексеруге жіберіледі. Аурудың…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз. «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 3 млн 183 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 273 мың тоннаға немесе 9%-ға көп. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ мен CNPC бірлесіп бақылайтын «СЗТК «МұнайТас» ЖШС есепті кезеңдегі өндірістік қызмет қорытындысын шығару барысында мәлімдеді. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тасымалданған мұнайдың негізгі бөлігі — 2 млн 667 мың тоннасы ішкі нарыққа бағытталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 138 мың тоннаға немесе 5%-ға артқан. Ал экспортқа 516 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұл өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 136 мың тоннаға немесе 36%-ға көп. Сонымен қатар мұнай…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз. Ресейдің Татарстан Республикасындағы Нижнекамск қаласына жасалған дрон шабуылының салдары Қазақстанның мұнай өңдеу саласына жанама кері әсерін тигізуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Конденсат» АҚ мұнай өңдеу зауытына Ресей тарапынан келетін шикізат жеткізілімі тоқтап қалу немесе шектелу қаупі туындады. Батыс Қазақстандағы «Конденсат» МӨЗ-і өндірістік қуатын толық пайдалану үшін Ресейден (оның ішінде Татарстандағы мұнай-химия кешендерімен инфрақұрылымдық байланыстар арқылы) шикізат пен бензин компоненттерін импорттап келген. Нижнекамсктегі «Танеко» және «ТАИФ-НK» сияқты ірі мұнай өңдеу зауыттары мен логистикалық хабтарға жасалған шабуылдар Ресейдің ішкі нарығындағы мұнай өнімдерінің логистикалық шынжырын бұзды. Жеткізу тізбегінің бұзылуы салдарынан «Конденсат» зауытына қажетті шикізат көлемі азайып, өндіріс жүктемесінің төмендеуіне…

Read More