CaspianLife, 7 тамыз. Ақтөбе облысында құны 35 миллион еуроны құрайтын ірі жылыжай кешені салынады. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов пен инвестор компания өкілдері жаңа нысанның құрылысын бастауға дайындық мәселелерін талқылады. Жылыжай кешені өңірдің агроөнеркәсіптік секторындағы ең ірі инвестициялық жобалардың біріне айналмақ. Нысанның жалпы құрылыс аумағы 103 мың шаршы метрден асады. Кешен құрамына өндірістік блоктар, көшет өсіру бөлімі және көкөніс өнімдерін толық циклмен өсіруге мүмкіндік беретін инженерлік-техникалық инфрақұрылым кіреді. Жоба іске қосылғаннан кейін 300 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жылыжай кешенінің жұмысы көкөніс өндірісінің көлемін ұлғайтуға, импорттық өнімге тәуелділікті азайтуға және өңір тұрғындарын жыл…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 7 тамыз. Атырауда жекеменшік балабақшада болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі кішкентай тәрбиеленушіге жүйелі түрде күш қолданған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда әйелдің баланы қолынан дөрекі тартып, жұлқылап, күштеп ұйықтатуға әрекет жасағаны анық көрінеді. Жәбірленген бала бұл балабақшаға небәрі бес күн ғана барған. Алғашында ата-анасы оның жылауы мен мазасыздануын бейімделу кезеңімен байланыстырған. Алайда көп ұзамай ұлының құлағынан қан аққан жарақат пен иығындағы тістің ізін байқап, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген. Жазира Ғабиден, баланың анасы: «Төрт күн бойы – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері ол менің баламды қорлаған. Видеодан көргенімді айтып жеткізу мүмкін емес.…
CaspianLife, 6 тамыз. Атырау облысында судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 90 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Айбек Құспанғалиев мәлімдеді. Спикердің айтуынша, жыл басынан бері облыстың су айдындарында 10 адам қаза тапқан, оның үшеуі – бала. Ал шомылу маусымы басталғалы 9 адам суға кеткен, олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Қазіргі таңда су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күн сайын 80-ге жуық қызметкер полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және қоғам белсенділерімен бірлесіп рейдтік-патрульдік жұмыстар жүргізуде. Осы уақытқа дейін 2700-ден астам…
CaspianLife, 6 тамыз. Ақтауда 14 жастағы мектеп оқушысын аяусыз соққыға жыққан дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұған әлеуметтік желілерде тараған, екі жасөспірімнің оқушыны ұрып-соғып жатқан сәті бейнеленген видео себеп болды. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, мектеп оқушысы дүкенге шыққан кезде оны жасы 16–17 шамасындағы екі жасөспірім тоқтатқан. Олар баладан досын алдап сыртқа шығарып беруін талап еткен. Оқушы бас тартқан соң күдіктілер оны аяусыз соққыға жыққан. Болған оқиғаны видеоға түсіріп, кейін оны досына жіберіп, қорқытқан. Отбасының айтуынша, шабуыл жасағандар досы сыртқа шықпаса, оған бұдан да ауыр жағдай болатынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Қазіргі уақытта 14 жастағы оқушы ауыр бас-ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасында…
CaspianLife, 6 тамыз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Орталық Азия елдері арасында бөлшек сауда өсімінің ең айқын баяулауы байқалған мемлекетке айналды. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 5,7%-ды құрады. Бұл туралы INFOLine зерттеу орталығының «Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің тұтыну нарықтары» атты зерттеуінде айтылды, деп хабарлайды Forbes.kz. 2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша өңірдің барлық елдерінде бөлшек сауда көлемі өскенімен, өсім қарқыны біркелкі болмаған. Өзбекстан ішкі сұраныстың рекордтық қарқынын сақтап қалса, Беларусь пен Қырғызстан тұрақты өсім көрсеткен. Ал Қазақстанда салық реформасының салдары байқалса, Ресейде ресми статистика мен ірі сауда желілерінің нақты көрсеткіштері арасында айырмашылық күшейген.…
CaspianLife, 6 тамыз. Технологиялардың қарқынды дамуы, еңбек нарығындағы талаптардың өзгеруі және жасанды интеллекттің өмірдің барлық саласына кеңінен енуі Қазақстандағы мектеп білімінің мазмұнын жаңартуды қажет етті. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы педагогтердің республикалық тамыз конференциясында берген тапсырмасын орындау мақсатында басталды. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, кейіннен бұл бағыттағы құқықтық негіз де нығайтылды. 2025 жылдың қарашасында «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданса, 2026 жылдың мамырында Президенттің жасанды интеллектті орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлығы шықты. Осы құжаттарды іске асыру аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру…
CaspianLife, 5 тамыз. Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылықты жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, заң күшіне енген алғашқы күннен бастап еліміздің барлық өңірінде сотталғандардың материалдарын қарау басталған. Құқық қорғау органдары құжаттарды уақытылы дайындау, оларды соттарға жолдау және қабылданған шешімдердің орындалуын күнделікті бақылауда ұстап отыр. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаевтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жолданған. Оның ішінде 4 400-ге жуығы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен, ал 6 900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған. Қазіргі уақытқа дейін соттар мыңнан астам материалды қарап үлгерген. Соның нәтижесінде: қылмыстық-атқару…
CaspianLife, 5 тамыз. Құрық портында КӨК-1 және КӨК-2 көтергіш-өтпелі көпірлерін жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, жаңғырту нәтижесінде порттың өндірістік тиімділігі едәуір артып, паромдарды өңдеу уақыты қысқарған. Атап айтқанда, теміржол паромдарын өңдеу мерзімі 18 сағаттан 12 сағатқа, ал автопаромдарды өңдеу уақыты 10 сағаттан 6 сағатқа дейін азайды. Сонымен қатар теміржол паромдарының сыйымдылығы 40 вагоннан 48 вагонға дейін ұлғайтылды. Бұл порттың өткізу қабілетін жақсартып, жүк тасымалы көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Көлік министрлігінің айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту Құрық портының Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойындағы стратегиялық маңызын күшейтіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға жол ашады. 2026…
CaspianLife, 5 тамыз. Үкімет Ақтөбе облысындағы Сарыбұлақ жерасты су кен орнынан тартылатын топтық су құбырын салуға Арнайы мемлекеттік қордан 5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Қаражат шетелге заңсыз шығарылып, кейін мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бөлінген. Жоба Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан және коммуналдық желілерге түсетін жүктеме артып отырған «Батыс-1», «Батыс-2» және «Батыс-3» шағынаудандарын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сарыбұлақ кен орны облыс орталығынан 56 шақырым жерде орналасқан. Жоба аясында мұнда 20 артезиан ұңғымасы бұрғыланып, жабдықталады. Сондай-ақ топтық су құбыры салынып, инженерлік желілер тұрғын үй алаптарына дейін тартылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін тәулігіне…
CaspianLife, 5 тамыз. Соңғы үш жылда Атырау қаласындағы жоғары оқу орындарын мемлекеттік білім гранты есебінен 1489 түлек аяқтап, жас мамандар қатарына қосылды. Алайда олардың 269-ы гранттық міндеттемесін орындамаған. «Қаржы орталығы» АҚ-ның мәліметінше, қазіргі таңда 260 іс бойынша талап қою алдындағы және талап қою жұмыстары жүргізілуде. Тағы 3 түлекке қатысты азаматтық іс қозғалған. Ал 6 түлекке қатысты сот шешімі шығып, олар оқу шығындарын мемлекетке қайтарып, айыппұл төлеуге міндеттелген. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, мемлекеттік грант есебінен білім алған түлектер оқуын аяқтаған жылдан кейінгі қыркүйек айына дейін жұмысқа орналасып, бұл туралы «Қаржы орталығын» хабардар етуі тиіс. Егер түлек жұмысқа орналаса алмаса, тұрғылықты жеріндегі мансап…
