CaspianLife, 3 тамыз. Маңғыстау облысында түйе шаруашылығы мен шұбат өндірісін дамытуға арналған Shubat Fest фестивалі ұйымдастырылады. Жоба Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, өңірдің дәстүрлі кәсібін дамытуға, ұлттық тағамды кеңінен насихаттауға және сала мамандарының тәжірибе алмасуына арналған маңызды алаңға айналмақ. Фестивальдің негізгі мақсаты – шұбатты ұлттық бренд ретінде дамыту, түйе шаруашылығының экономикалық әлеуетін арттыру, отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен таныстыру, сондай-ақ саладағы заманауи тәжірибе мен инновацияларды біріктіру. Байқауға қатысу үшін онлайн өтінім қабылдау 1–10 тамыз аралығында жүргізіледі. Одан кейін қатысушыларды аккредиттеу кезеңі өтіп, қазылар алқасы бағалау жұмыстарын жүргізеді. Ал «Үздік шұбат» номинациясы бойынша жеңімпаз лабораториялық сараптама нәтижелері мен халықтық онлайн дауыс…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 31 шілде. Бүгін, 31 шілдеде Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі жас қызметкерлерінің Батыс өңірлік слетінің екінші күні өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Батыс өңірлік слетке Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген жас қызметкерлер жиналды. Іс-шараның мақсаты – кадрлық әлеуетті нығайту, жас мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе алмасу. Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов, өңірдің құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты. Қатысушыларды құттықтаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қазіргі…
Caspianlife, 31 шілде. Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды. Akorda.kz
CaspianLife, 31 шілде. Атырау қаласының Самал ықшамауданында салынып жатқан шипажай-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жоба өткен жылдың жазында басталған. Жалпы аумағы 173 гектарды құрайтын кешеннің құрылыс алаңында қазіргі таңда іргетас құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында табиғи тұзды көлдер тереңдетіліп, олардың жағалауы абаттандырылады. Сонымен қатар демалыс аймақтары, серуендеу жолдары мен амфитеатр салу жоспарланған. Бұған қоса, көл суының құрамы ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелмек. Кешенде ақылы және тегін қызметтер қатар көрсетіледі. Әсіресе түрлі сырқатқа шалдыққан балаларға арналған сауықтыру және оңалту бағдарламалары тегін ұйымдастырылмақ. «Texol Group» компаниясының PR-директоры Мадина Қазбекованың айтуынша, жобаның алғашқы кезеңін 2027 жылдың тамыз айында…
CaspianLife, 31 шілде. 2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі. 2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдаумен қамтылады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Көмектің ең төменгі мөлшері бір балаға 50 851 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы мүмкін. Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік…
Caspianlife, 31 шілде. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті. Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді. Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі…
CaspianLife, 30 шілде. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен және Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына Нұржан Мақсотұлы Ермұханов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов таныстырды. Ол Нұржан Ермұхановтың кәсіби тәжірибесі өңірлік палатаның жұмысын нығайтуға, кәсіпкерлер қауымдастығымен өзара іс-қимылды күшейтуге және бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Мұратбек Махановтың айтуынша, бұл шешімді қабылдау кезінде Нұржан Ермұхановтың мол басқарушылық тәжірибесі мен өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі ескерілді. «Нұржан Ермұханов Атырау қаласы әкімінің орынбасары және қала әкімінің міндетін атқарушы қызметтерін атқарған кезеңде облыс орталығының сәулеттік…
Caspianlife, 30 шілде. Атырау облысында кәсіпкерлерді қалдықтарды қайта өңдеу саласына тарту және мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіруге арналған жиын өтті. Басқосуда EcoQoldau ақпараттық жүйесіне тіркелу тәртібі, қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеуге берілетін мемлекеттік субсидияларды алу шарттары таныстырылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазір жергілікті кәсіпорындарды бағдарламаға тарту жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік қолдауға ие болу үшін кәсіпорында қабылдау пункті немесе кемінде үш фандомат, сұрыптау алаңы және арнайы техника болуы қажет. «Жасыл даму» АҚ өкілі Сәкен Шаймұраттың айтуынша, бүгінде республика бойынша қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеумен айналысатын компанияларға 1,5 млрд теңге көлемінде субсидия төленген. Осындай қолдаудың аясында Атырау облысында мемлекеттік оператордың қолдауымен…
CaspianLife, 30 шілде. Атырауда полицейлер жолда қалған италияндық туристерге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық тасжолының 103 — шақырымында қызмет атқару барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Мейірбек Маженов пен Құмар Ескендірұлы жол жиегінде тоқтап тұрған шетелдік автокөлікті байқап, жүргізушілерге көмек көрсетті. Италия елінен келген екі турист жолдағы шұңқырға түсіп, автокөліктің дөңгелегі зақымдануына байланысты жолда қалып қойған. Полицейлер дөңгелекті Құлсары қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталығына жеткізіп, жөндеткеннен кейін автокөлікке қайта орнатуға көмектесті. Нәтижесінде шетелдік азаматтар сапарларын қауіпсіз жалғастырды. Италиялық туристер полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен көрсеткен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді. Бұл оқиға жол сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті…
CaspianLife, 30 шілде. Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 10-қабаттағы пәтердің ашық терезесінің сыртқы жақтауына шығып кеткен бала полицейлердің жедел әрекетінің арқасында аман құтқарылды. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама түскен бойда патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Олар баланың ғимараттың сыртқы жағында тұрғанын анықтап, шұғыл әрекет еткен. Қауіпті жағдайға қарамастан тәртіп сақшылары кәсіби әрі батыл қимылдап, бүлдіршінді аман-есен құтқарып қалған. Оқиға салдарынан бала зардап шекпеген. Баланың өмірін сақтап қалуға Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ержан Көкенов пен Данияр Татиевтің жедел әрі үйлесімді іс-қимылы ықпал еткен. Дереккөз: Маңғыстау облысы полиция департаменті.
