Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 30 шілде. 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында алғаш рет киберспорт, дәстүрлі спорт және заманауи технологияларды біріктіретін халықаралық фиджитал турнирі өтеді. Халықаралық додаға әлемнің 34 елінен 800-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Турнир цифрлық және классикалық спорт түрлерін ұштастыратын жаңа форматтағы жарыс ретінде ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар жалпы 8 бағыт бойынша сынға түседі. Атап айтқанда: фиджитал-футбол; фиджитал-баскетбол; фиджитал-жекпе-жек; фиджитал-шутер; фиджитал-би; Dota 2; Mobile Legends: Bang Bang; PUBG: Battlegrounds. Фиджитал спорт – цифрлық ойындар мен дәстүрлі спорт элементтерін біріктіретін жаңа бағыт. Мұндай формат қатысушылардың тек физикалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар тактикалық ойлау қабілеті мен цифрлық ортадағы шеберлігін…

Read More

CaspianLife, 30 шілде.  Бұл жолы «Теңізшевройлдың» мұнайын тиеп жатқан NISSOS SIFNOS танкеріне дронмен шабуыл жасалған. Оқиға Мәскеу уақытымен сағат 01:48-де болған. Шабуылдан кейін кемеде өрт шыққан. Алайда экипаж бен Каспий құбыр консорциумының үш қосалқы кемесі өртті тез сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Мұнай теңізге төгілмеген. Сонымен қатар терминалдан алты теңіз милі жерде тұрған MARATHI танкеріне де шабуыл жасалған. Каспий құбыр консорциумы мәліметінше, Қазақстан мен консорциумның шетелдік акционерлері халықаралық энергетикалық нысандарға шабуыл жасамауға шақырған. Бірақ бұл үндеулер ескерілмей, танкерлерге қайтадан шабуыл жасалды.

Read More

CaspianLife, 29 шілде. Бүгін, 29 шілдеде сағат 12:39 шамасында Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы Т. Жұмағалиев көшесінде орналасқан салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, құрылысқа арналған жылу оқшаулағыш материалы – көбік (Plex) жанған. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті сағат 13:10-да толықтай сөндірді. Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. IMG_1273

Read More

Caspianlife, 29 шілде.  Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ұйымдастырған кинологиялық көпсайыс бойынша біріншілік өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарысқа Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Жаңаөзен қалаларындағы алты әскери бөлімнің кинологтары қызметтік иттерімен бірге қатысып, өзара мықтыны анықтады. Үш күнге созылған тартысты додада қатысушылар адамды іздеу, жасырылған заттарды, есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, құқық бұзушыны ұстау, сондай-ақ жалпы дайындық нормативтері бойынша сынға түсті. Төрешілер қызметтік иттердің дайындығымен қатар кинологтардың кәсіби шеберлігі мен өзара үйлесімді жұмысына жоғары баға берді. Жарыс қорытындысы бойынша Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің кинологтары командалық есепте күміс жүлдеге ие болды. Үш күн бойы Ақтау және…

Read More

Caspianlife, 29 шілде. Маңғыстау облысының тұрғындары үшін өзге өңірде тұрмыс жағдайын жақсартып, кәсіп бастауға бағытталған тиімді бастама ұсынылып отыр. Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Шилі ауылында оқушылар санының азаюына байланысты мектепті сақтап қалу мақсатында мектеп жасындағы балалары бар көпбалалы отбасылар ауылға қоныс аударуға шақырылуда, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Көшуге келісім берген отбасыларға мемлекет тарапынан жері бар тегін тұрғын үй мен 5 бас ірі қара мал беріледі. Сондай-ақ малды асырауға 2 жылға жететін шөп тегін үлестіріліп, көшу шығындары толықтай өтеледі. Бұдан бөлек, ауылға қоныстанған ерлі-зайыптылардың екеуі де тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Берілген мал 5 жылдан кейін толықтай отбасының меншігіне өтеді. Ал…

Read More

CaspianLife, 29 шілде. Қазақстанда еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын азаматтарды қолдау бағдарламасы жаңартылды. Енді бағдарламаға қатысушылар баспана сатып алу үшін 7 миллион теңгеге дейін қаржылай қолдау ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Бағдарламадағы негізгі өзгерістердің бірі – экономикалық мобильділік сертификатының көлемінің артуы. Енді оның ең жоғары мөлшері 7 миллион теңгеге дейін (1 625 АЕК) ұлғайтылды. Бұл қаражат қоныс аударғаннан кейін жеке тұрғын үй сатып алуға жұмсалады. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтардың жаңа өңірде тұрақтап, толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беруге бағытталған. Бағдарлама аясында тұрғын үй алуға берілетін қаражаттан бөлек, азаматтарға: көшу…

Read More

CaspianLife, 29 шілде.  Жыл басынан бері Атырау облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 1477 азаматтан өтініш түскен. Оның 788-і бойынша тұтынушылардың мәселесі оң шешімін тапса, тағы 419 шағым бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Департамент мамандарының мәліметінше, тұрғындардың басым бөлігі өз құқықтарын толық білмейді. Әсіресе, алдын ала төлемге қатысты дау-дамайлар жиі кездеседі. Облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Гүлайхан Нұрсұлтанованың сөзінше, егер қызмет көрсетілмесе немесе тауар берілмесе, тұтынушы шартты бұзып, алдын ала төлеген қаражатын толық қайтаруды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайлардың бірі маусым айында Атырау қаласында тіркелген. Тұрғын мерекелік кешке көйлек жалға алу үшін алдын ала аванс…

Read More

CaspianLife, 28 шілде.  «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысының тұрғындарымен кездесіп, «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын таныстырды. Партия өкілдері өз бағдарламасындағы өңірлерді дамытуға қатысты ұсыныстарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Басқосуда ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыру, адами капиталды күшейту, инфрақұрылымды жаңарту, көлік жүйесін жетілдіру, экологиялық мәселелерді шешу және жастар мен еріктілерді қолдау бағыттары сөз болды. Кездесу барысында экология мәселесіне ерекше назар аударылды. Құрылтай депутаттағына кандидат Арман Хайруллин өндірістік кәсіпорындардан түсетін экологиялық төлемдер мен айыппұлдардың бір бөлігін қоршаған ортаны қалпына келтіру жұмыстарына бағыттау қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл қаражат бүлінген аумақтарды жаңғыртуға, халық денсаулығын қорғауға, елдімекендерді көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға жұмсалуы тиіс.…

Read More