Caspianlife, 27 шілде. Сонымен қатар 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында көктемгі гидравликалық сынақ барысында анықталған ақауларды жою мақсатында ұзындығы 6,9 шақырым жылу және ыстық су желілерін ауыстыру жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін ашық электронды конкурс жарияланды. Биыл қысқы маусымға дайындалуы тиіс 1174 көпқабатты тұрғын үйдің 490-ы, яғни 49 пайызы толық дайын. Оның ішінде 1025 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал жеке жылу қазандықтарынан жылу алатын 79 тұрғын үйдің дайындығы қызмет көрсетуші ұйымдардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның жылу қазандығы мен оған қарасты 14 тұрғын үйге дейінгі жылу құбырларында тексеру және…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 шілде. «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған ауқымды жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды. Тізімге енген тарихи нысандар Халықаралық мұралар тізіміне өңірдегі бес бірегей жерасты мешіті енгізілді: Шопан ата жерасты мешіті; Қараман ата жерасты мешіті; Шақпақ ата жерасты мешіті; Сұлтан епе жерасты мешіті; Бекет ата жерасты мешіті. Тарихи-мәдени маңызы ЮНЕСКО аталған кешендердің сопылық дәстүр мен көшпелі мәдениеттің ғасырлар бойғы сабақтастығын көрсететін ерекше тарихи-мәдени құндылығын моюндып отыр. Тарихи-мәдени кешендердің құрамына…
CaspianLife, 27 шілде. DWP Congress — әлем бойынша жетекші той индустриясы мамандары мен сарапшыларының басын біріктіретін халықаралық форумдардың бірі. B2B форматындағы платформаға 75-тен астам мемлекеттің мамандары қатысады. Платформа планетадағы ең әсерлі үйлену тойы локациялары мен безендірулерінің арнайы топтамасын жариялады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Аталған топтамаға Грекия, АҚШ және Еуропада түсірілген жұмыстармен қатар, Маңғыстаудың ақ борлы жартастары аясында өткен неке қию рәсімінің фотосы да енген. Бұл – Маңғыстаудың қайталанбас табиғатының халықаралық деңгейде мойындалғанының тағы бір дәлелі. Өңірдің ерекше ландшафты әлемдік үйлену тойы индустриясы өкілдерінің назарын аударып, Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен танытуға ықпал етуде. 📹: @alga.peterburg
CaspianLife, 27. шілде. Ақтау қаласында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Жартасты соқпақ» (Скальная тропа) аумағының белгілі бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шектеу 2026 жылғы 26–29 шілде аралығында 4А шағын ауданда орналасқан «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйі аумағындағы бағыт бөлігінде қолданылады. Әкімдіктің мәліметінше, уақытша шектеу тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аталған аумаққа кіру қайта ашылады. Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен турстерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, орнатылған қоршаулар мен ескерту белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
CaspianLife. 24 шілде. Маңғыстау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 2,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, 3,6%-ға нақты өсім көрсетті. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі өзгерістер байқалуда: дәстүрлі өндіруші салалармен қатар өңдеу өнеркәсібі озық өсім қарқынын көрсетті. Биылғы қаңтар–маусым айларында өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 39%-ға артып, 186 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер шикізаттық емес сектордың дәйекті түрде кеңейіп келе жатқанын және қосылған құны жоғары өнім өндірісінің артып отырғанын айқын көрсетеді. Оң серпін инвестиция саласында да сақталуда. Алты айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметі хабарлады. Өнеркәсіптік және көлік инфрақұрылымының дамуы өңірдің…
CaspianLife. 24 шілде. Маңғыстау облысының қолайлы географиялық жағдайы және теңіз порттарының болуы оның транзиттік тасымалдарды дамытудағы ерекше рөлін айқындайды. Теңіз және құрлық дәліздері арқылы жүк тасымалы көлемінің ұлғаюы нәтижесінде көлік қызметтері 8,5%-ға өсіп, 272,6 млрд теңгені құрады. Порт инфрақұрылымының жүктемесін одан әрі арттыру, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту және теміржол, автомобиль мен теңіз тасымалдары арасындағы байланыстарды нығайту айрықша маңызға ие. Ішкі саудада да оң көрсеткіштер байқалды. Оның айналымы 500 млрд теңгеге жетіп, нақты мәнде 3,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 17,8 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда көрсеткіш 1,9%-ға өсті.
CaspianLife. 24 шілде. АҚШ Президенті Дональд Трамп Әлемдік сауда өкіліне (USTR) 1974 жылғы «Сауда туралы заңның» 301-бабы шеңберінде бірқатар мемлекеттерге қатысты тарифтік шаралар қолдануды тапсырған меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қазақстаннан баратын тауарларға 12,5 пайыздық қосымша адвалорлық баж салығы салынады. Шешімнің себебі неде? АҚШ Тарапы 2026 жылдың наурыз айында 60 елге қатысты арнайы тергеу бастаған болатын. Вашингтон бұл елдердің мәжбүрлі еңбек арқылы өндірілген тауарлардың импортына тыйым салуда немесе оның орындалуын қадағалауда кемшіліктерге жол бергенін және бұл АҚШ саудасына кері әсер ететінін алға тартады. Зерттеу қорытындысы бойынша АҚШ сауда өкілдігі аталған елдердің саясаты «негізсіз әрі АҚШ саудасын шектейді» деген шешімге келген.…
CaspianLife. 24 шілде. «QazaqGaz Processing» ЖШС басшылығында кадрлық ауыс-түйіс болды. Атырау облысында қуаттылығы 2,5 млрд м³ құрайтын газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасының директоры лауазымына Талғат Аманбаев тағайындалды. Талғат Аманбаев 1997 жылы ҚазҰТЗУ-ды бітіріп, еңбек жолын Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кенішінде далалық геолог ретінде бастаған. Кейін «Nelson Resources» компаниясында аға геолог, кен орындарын игеру жөніндегі жетекші инженер лауазымдарын атқарды. 2006 жылы — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаментінің бас менеджері; 2010 жылы — «PSA» ЖШС Жобаларды басқару департаментінің директоры; 2017 жылы — NCOC компаниясы Brownfield жобаларының бас менеджері; 2023 жылы — «Қаламқас-Хазар Оперейтинг» ЖШС Жағалаудағы технологиялық кешен және жерүсті инфрақұрылымы…
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның жұмысы аясында үкіметтер басшылары Олжас Бектенов пен Абдулла Арипов Ақтау халықаралық теңіз сауда портына барды. Премьер-министрлер кәсіпорын аумағын аралап, нысан инфрақұрылымы мен порттың өндірістік қуатын қарап шықты. Ақтау халықаралық теңіз сауда порты – Қазақстандағы ең ірі теңіз торабы және Транскаспий халықаралық көлік бағытының негізгі нысандарының бірі. Жалпы ауданы 44 гектарды құрайтын кәсіпорын жылына шамамен 12 млн тоннаға дейін жүк өңдеуге қауқарлы. Порт Кавказ, Орталық Азия және Каспий өңірі елдері бағытында жыл бойы тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етеді. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Үкіметі өңірдің теңіз инфрақұрылымын…
CaspianLife. 23 шілде. Саясаттанушы Марат Шибутов Атырау облысында мұнай сақтайтын қойма салу мәселесіне қатысты өзіне жолданған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ресми жауаптарын жариялады. Министрліктің мәліметінше, Президенттің тапсырмасы аясында ірі мұнай қоймасын салу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда жүргізілген талдау нәтижесінде мұндай жобаны жүзеге асыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз деген қорытынды жасалған. Ведомствоның пікірінше, қойманы пайдалану жиілігі төмен болады, ал оны салу мен күтіп ұстауға кететін шығындар айтарлықтай жоғары. Осыған ұқсас ұстанымды «ҚазМұнайГаз» та білдірді. Компания халықаралық тәжірибені зерттей келе, стратегиялық мұнай қорын негізінен мұнай импорттайтын мемлекеттер қалыптастыратынын атап өткен. Сондай-ақ Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобалары мен Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қолданыстағы сақтау…
