CaspianLife, 27. шілде. Ақтау қаласында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Жартасты соқпақ» (Скальная тропа) аумағының белгілі бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шектеу 2026 жылғы 26–29 шілде аралығында 4А шағын ауданда орналасқан «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйі аумағындағы бағыт бөлігінде қолданылады.
Әкімдіктің мәліметінше, уақытша шектеу тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін аталған аумаққа кіру қайта ашылады.
Осыған байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен турстерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, орнатылған қоршаулар мен ескерту белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.
Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

