«QazaqGaz Processing» ЖШС басшылығында кадрлық ауыс-түйіс болды. Атырау облысында қуаттылығы 2,5 млрд м³ құрайтын газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасының директоры лауазымына Талғат Аманбаев тағайындалды.
Талғат Аманбаев 1997 жылы ҚазҰТЗУ-ды бітіріп, еңбек жолын Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кенішінде далалық геолог ретінде бастаған. Кейін «Nelson Resources» компаниясында аға геолог, кен орындарын игеру жөніндегі жетекші инженер лауазымдарын атқарды.
-
2006 жылы — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаментінің бас менеджері;
-
2010 жылы — «PSA» ЖШС Жобаларды басқару департаментінің директоры;
-
2017 жылы — NCOC компаниясы Brownfield жобаларының бас менеджері;
-
2023 жылы — «Қаламқас-Хазар Оперейтинг» ЖШС Жағалаудағы технологиялық кешен және жерүсті инфрақұрылымы департаментінің басшысы;
-
2025 жылдың наурызынан бастап — катарлық «UCC Holding» компаниясында Концессиялық жобаның директоры қызметін атқарды.

