CaspianLife, 28 шілде. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының Атырауға сапары қаладағы «Atyrau Creative Hub» алаңында жалғасты. Онда облыстың креативті жастарымен кездесіп, заманауи білім беру, цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллектіні пайдалану, креативті экономиканы қалыптастыру сынды заман келбетін қалыптастырып отырған маңызды салаларды сөз етті. Кездесу барысында партия өкілдері алдағы жылдары ел экономикасына 400 мыңнан астам жаңа маман қажет болатынын атап өтті. Осыған байланысты жастарды болашақ еңбек нарығының талаптарына бейімдеу, білім беру жүйесін жаңа технологиялар мен экономиканың сұранысына сай жаңғырту маңызды екені айтылды. Сонымен қатар партия волонтерлік қозғалысты қолдауға бағытталған ұсыныстарын таныстырды. Оның ішінде белсенді еріктілердің қоғамдық қызметін жоғары оқу орындары мен колледждерге…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 28 шілде. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен және мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесті. Кездесуде партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, мұнай-газ саласын дамыту, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және білікті жас кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Басқосу барысында Атырау облысының ел экономикасындағы стратегиялық рөлі айтылды. Сондай-ақреспубликалық сайлауалды штабтың өкілдері энергетикалық қауіпсіздікті күшейту, мұнай-газ химиясы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық кәсіпорындар мен сервистік компанияларды қолдау, өндірісті цифрландыру және жаңа сапалы жұмыс орындарын құру бағыттарына назар аударды. Партия өкілдерінің айтуынша, энергетикалық тұрақтылық пен өндірістің тиімділігін қарттыру – сайлауалды бағдарламаның маңызды басымдықтарының бірі. Сонымен қатар…
CaspianLife, 28 шілде. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысындағы ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесіп, өндірісті цифрландыру, инженерлік кадрлар даярлау және мұнай-газ саласын дамытуға қатысты ұсыныстарын таныстырды. Алғашқы кездесу Атырау мұнай өңдеу зауытында өтті. Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу кәсіпорны саналатын зауыт бүгінде жылына 5,5 млн тоннаға жуық мұнай өңдеп, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірісті автоматтандыру, цифрлық технологияларды енгізу және техникалық мамандар даярлау мәселелерін көтерді. Партия бұл бағыттарды экономиканы жаңғыртудың маңызды бөлігі деп санайтынын жеткізді. «Атырау – еліміздің энергетикалық жүрегі. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету партияның сайлауалды бағдарламасындағы он негізгі басымдықтың қатарына…
CaspianLife, 28 шілде. Атырауда қауіпсіздік талаптарын сақтамаған автогаз құю станцияларының иелеріне жалпы сомасы 756 875 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары хабарлады. Олардың сөзінше, жыл басынан бері 31 заңды және жеке тұлғаға тексеріс жүргізілген. Оның ішінде «Promgaz BP» ЖШС, «Гаухар» ЖК, «НИЕТ ЛТД» ЖШС, «СнабСтройСервис» ЖК, «Меtan Gaz» ЖШС, «Бірлік 2» ЖШС, «Архитектура, дизайн и проектирование» ЖШС т.б. кәсіпкерлік субъектілері бар. Мамандар автогаз құю бекетіндегі өндіруші белгілеген нормативтік қызмет ету мерзімін өтемеген қауіпті техникалық құрылғылар үш жылда бір рет тексеріліп тұратынын айтады. Ал мерзімін өтеген үлкен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар жылына бір рет тексерілуі…
CaspianLife, 28 шілде. Қазақстанда 2026 жылғы 4 тамыздан бастап киік мүйіздерін өткізу тәртібі өзгереді. Енді киік мүйіздері мен одан өндірілген өнімдер тек электронды аукцион арқылы сатылатын болады. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Жаңа тәртіп Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген. Жаңа ережеге сәйкес, электронды аукционға коллекционерлер мен жеке тұлғалар қатыса алмайды. Саудаға тек фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар және киік мүйізі сияқты шикізатпен жұмыс істеуге заңды рұқсаты бар компаниялар ғана жіберіледі. Киік мүйіздерінің әрбір партиясын сатуға қатысты шешімді уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды. Ол сатылатын көлемді, бастапқы бағаны және конкурстық комиссияның құрамын бекітеді.…
CaspianLife 28 шілде. «Атырау Жарық» ЖШС электр желілеріне қосылуға және реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін арттыруға өтінім беру тәртібінің өзгергенін хабарлады. Жаңа ережелер 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енді. Олар сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес енгізіліп отыр. Енді технологиялық шарттарды (ТШ) алуға өтінім беру және оның нәтижесін алу тек цифрлық ресурстар арқылы жүзеге асырылады: · eGov.kz: Электрондық үкімет веб-порталы; · Уәкілетті орган жүйесі: Сәулет және қала құрылысы істері бойынша уәкілетті органның ақпараттық жүйесі; Мемлекеттік қала құрылысы кадастры: Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі. «Атырау Жарық» ЖШС канцеляриясы, технологиялық қосылу және техникалық…
CaspianLife, 28 шілде. Атырау облысының Махамбет ауданында түн ортасында жоғалған кішкентай қыз полицейлердің жедел әрекетінің арқасында небәрі 10 минут ішінде табылды. Polisia.kz порталының мәліметінше, оқиға 25 шілде күні сағат 00:30 шамасында болған. Бүлдіршіннің жоғалғаны туралы хабарлама түскеннен кейін Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин дереу іздестіру жұмыстарын бастаған. Тәртіп сақшысы жақын маңдағы көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды тексеріп, жедел іздеу шараларын жүргізген. Нәтижесінде бүлдіршін 10 минут ішінде аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылған. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген. Полицияның хабарлауынша, мұндай жағдайларда әрбір минуттың маңызы зор. Жедел әрекет пен кәсіби тәжірибенің арқасында оқиға сәтті аяқталған.
CaspianLife, 28 шілде. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде әдепсіз, заңға қайшы контент таратқаны үшін 9 блогер мен стримерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алған құқық қорғау органдары цифрлық кеңістіктегі заңбұзушылықтардың жолын кесуді жүйелі түрде қолға алды. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, кейбір желі қолданушылары қаралым, лайк пен донат жинау үшін шектен шығып, тікелей эфирде балағат сөздер айту, қауіпті пранктер ұйымдастыру және адамдарды қорлау сияқты әрекеттерге баруда. Анықталған заңбұзушылықтар мен қолданылған шаралар: Астана қаласы: TikTok-та «Бауырсақ» лақап атымен белгілі 37 жастағы Индира Ештаева тікелей эфирде балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік айыппұл арқалады. Алматы қаласы: 32…
Caspianlife, 27 шілде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Кездесу барысында облыс басшысы аймақтағы басым міндеттер мен ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы есеп берді. Әсіресе, мұнай-газ химиясы саласын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы басты назарда болды. Талқыланған түйінді мәселелер: — Экономиканы әртараптандыру және жаңа өндіріс көздерін ашу; — Инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту; — Өңірдегі экологиялық ахуалды оңалту; — Республикалдық деңгейде қолдауды қажет ететін стратегиялық жобаларды жүзеге асыру. Жиын қорытындысында Президент Атырау өңірін тұрақты дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.
CaspianLife, 27 шілде. Каспий құбыр консорциумы 27 шілдеде Новороссийск маңындағы Южная Озереевка теңіз терминалында мұнай жөнелтуді қайта жандандырады. Бұл туралы саладағы үш дереккөзге сүйеніп Reuters басылымы хабарлады. Негізінен қазақстандық мұнайды экспорттайтын консорциум 20 шілдеде терминал маңындағы танкерге пилотсыз ұшу аппараттары (БПЛА) шабуыл жасағаннан кейін шикізат тиеуді уақытша тоқтатқан болатын. Соған байланысты Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуға мәжбүр болды. КҚК Қазақстанның бүкіл экспорттық мұнайының 80%-дан астамын тасымалдайды. Оның негізгі бөлігі Каспийдегі Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан өндіріледі. Жалпы алғанда, 2026 жылдың бірінші жартысында КТК теңіз терминалынан жөнелтілген мұнай көлемі 33,4 миллион тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (36,025 миллион…
