CaspianLife, 28 шілде. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабының Атырауға сапары қаладағы «Atyrau Creative Hub» алаңында жалғасты. Онда облыстың креативті жастарымен кездесіп, заманауи білім беру, цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллектіні пайдалану, креативті экономиканы қалыптастыру сынды заман келбетін қалыптастырып отырған маңызды салаларды сөз етті.
Кездесу барысында партия өкілдері алдағы жылдары ел экономикасына 400 мыңнан астам жаңа маман қажет болатынын атап өтті. Осыған байланысты жастарды болашақ еңбек нарығының талаптарына бейімдеу, білім беру жүйесін жаңа технологиялар мен экономиканың сұранысына сай жаңғырту маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар партия волонтерлік қозғалысты қолдауға бағытталған ұсыныстарын таныстырды. Оның ішінде белсенді еріктілердің қоғамдық қызметін жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде, мемлекеттік қызметке орналасу барысында ескеру, сондай-ақ кәсіп бастағысы келетін жас волонтерлерге мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін ұсыну бастамалары бар.
Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың кәсіби және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

