CaspianLife. 22 шілде. Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майко Киевтің Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымы мен танкерлеріне жасалған шабуылдарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бул консорциум арқылы қазақстандық мұнайдың шамамен 80%-ы экспортталады. Дипломат бұл туралы Exclusive.kz сілтеме жасап, Times of Central Asia басылымына берген түсініктемесінде айтты. Майконың сөзінше, Украина мұнай инфрақұрылымына жасалған соққыларға байланысты Қазақстанның алаңдаушылығын түсінеді, алайда шабуылдардың украин тарапынан жасалғанын дәлелдейтін айғақтар жоқ. Сонымен бірге дипломат бұл оқиғалардың ресейлік арандатушылықтың бір бөлігі болуы мүмкін екенін де жокқа шығармады. «Украина билігі жақында өзге де арандатушылықтардың, соның ішінде украиндық ұшқышсыз аппараттарды пайдалану арқылы жасалуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Ресейлік радиоэлектронды күрес жүйелері…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife. 22 шілде. Каспий құбыр консорциумы (КТК) Новороссийск маңындағы теңіз терминалында орын алған дрон шабуылдарына байланысты 21 шілдеден бастап Қазақстан аумағынан шикізат қабылдауды уақытша тоқтатқанын хабарлайды. Инфрақұрылым қауіпсіздігі мен тасымалдау процесінің іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл шешім туралы салалық дереккөздер мен халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. КТК мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Южная Озереевка ауданындағы №1 және №3 жүзбелі айлақ құрылғыларында (ЖАҚ) мұнай тиеу жұмыстары жүріп жатқан сәтте ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрон) шабуылы тіркелген. Шабуыл нысанасына екі экспорттық танкер ілікті: «Asia» танкері — «Тенгизшевройл» компаниясының мұнайын тиеу барысында; «Nissos IOS» танкері — «Кашаган Б.В.» және «Матен» («ҚазМұнайГаз»…
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексеріп, жобаның белгіленген кестеден айтарлықтай кешігіп жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, келісімшарт бойынша құрылысқа 36 ай қарастырылған. Оның 29 айы өтіп кеткенімен, нысанның жалпы дайындық деңгейі небәрі 40 пайызды құрайды. Ал құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуы 13 пайыз ғана. Сондай-ақ бетон құю жұмыстары да жоспардан едәуір қалып қойған. Жоспарланған 58,4 мың текше метрдің орнына әзірге 7,5 мың текше метр ғана орындалған. Технологиялық жабдықтарды жеткізу ісінде де кідірістер бар. Тапсырыс берілген 259 позицияның тек 98-і ғана жеткізілген. Осыған байланысты министр мердігерлерге жабдықтарды жеткізуді жеделдетуді, шетелдік өндірушілермен…
CaspianLife. 20 шілде. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КТК) терминалында тұрған ASIA және NISSOS IOS танкерлеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасалған шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, шабуыл жасаған тарап азаматтық кемелер туралы ақпарат алмасу тетігін әдейі елемеген. Соның салдарынан экипаж мүшелерінің өміріне қауіп төнген. СІМ Қазақстан өз мүдделерін қорғау үшін халықаралық құқықта көзделген барлық тетіктерді пайдалануға және келтірілген шығынның өтелуін талап етуге құқылы екенін мәлімдеді. Ресми Астана мұндай шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырып, халықаралық қауымдастықты оларды қатаң айыптауға үндеді. Сонымен қатар, энергетикалық ресурстарды экспорттау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта келтірілген…
CaspianLife. 20 шілде. Каспий теңізінің суы соңғы жылдары бұрынғыдан да жылдам тартылып жатыр. Ресей Ғылым академиясының Океанология институты жүргізген зерттеуге сәйкес, 1996–2025 жылдар аралығында теңіздің су айдыны 28,6 мың шаршы шақырымға қысқарған. Бұл – Албания мемлекетінің аумағымен шамалас көрсеткіш. Ғалымдардың мәліметінше, Каспий теңізінің деңгейі 1995 жылдан бері тұрақты түрде төмендеп келеді. Осы уақыт ішінде су деңгейі шамамен 3 метрге азайған. Егер 2005–2019 жылдары теңіз деңгейі жылына орта есеппен 8,16 сантиметрге төмендесе, 2020–2024 жылдары бұл көрсеткіш 22,7 сантиметрге жеткен. Мамандар теңіздің тартылуы жағалаудағы инфрақұрылымға да әсер етіп жатқанын айтады. Атап айтқанда, Ақтау маңындағы жағалау, каналдар мен айлақтардың тайыздануы кеме қозғалысын қиындатып,…
CaspianLife. 20 шілде. Атырау–Ақтөбе бағытындағы №691/692 жолаушылар пойызында билетсіз мінген ер адам жол үстінде қайтыс болды. Оқиға 13 шілдеде болған. «Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, жолаушыны вагонға жолсеріктердің бірі өткізген. Жолда оның жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған. Оқиғадан кейін жүргізілген қызметтік тексеру нәтижесінде пойыз бастығы мен екі жолсерік жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ филиалдың бірқатар басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне екіжақты пневмония себеп болуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.
CaspianLife. 17 шілде. 2026 жылғы FIFA футболдан әлем чемпионаты аясында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы Сапопан қаласында (Халиско штаты) өткен FIFA Fan Fest фестивалінде кеңінен насихатталды, деп хабарлайды dimashnews.com. FIFA ұйымы мен штат үкіметінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен бұл ресми жанкүйерлер алаңы әлем чемпионатының ең ауқымды мәдени-спорттық кеңістіктерінің бірі саналады. Мұнда алып экрандар арқылы матчтар көрсетіліп қана қоймай, музыкалық концерттер, фольклорлық бағдарламалар, гастрономиялық және интерактивті алаңдар мен Мексиканың мәдени дәстүрлерін таныстыратын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Фестивальдің мәдени бағдарламасына қатысушылардың бірі – 13 жастағы мексикалық жас орындаушы Анхель Херардо Коваррубиас Кабрера (Angeloo). Оның айтуынша, ол Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен он жасында танысып, әншінің…
CaspianLife. 17 шілде. Жаңаөзен қаласында «Жарқын болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. 333 түлектің 77-сі мектепті бітірсе, 256 студент техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша колледждерде білім алды. Сонымен қатар олардың қатарында денсаулық сақтау және спорт саласының болашақ мамандары да бар. Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзеге асырып келеді. Соңғы бес жылда Маңғыстау облысының жасөспірімдері еліміздің әртүрлі өңіріндегі жетекші білім беру ұйымдарында сапалы білім алу мен жан-жақты даму мүмкіндігіне ие болуда. Биылғы түлектердің жетістіктері де ерекше, себебі 13 түлек «Алтын белгі» иегері атанды, 15 түлек үздік аттестатқа ие болды, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі ең жоғары нәтиже – 131 балл, 19 колледж…
Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Мұнайлы өңірдің жаңа басшысы мұнай-газ және энергетика саласында көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман ретінде танымал. Еңбек жолы Болат Ақшолақов еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakhstan банкінде экономист болып бастаған. Кейін Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінде басшылық қызметтер атқарды. Мұнай-газ саласында «Қазақойл», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда бизнес-талдаушы және қаржы директоры қызметтерін атқарған. Мемлекеттік қызметте Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, кейін Мұнай және газ министрлігінде вице-министр болды. 2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметін атқарса, кейін Мемлекет басшысының кеңесшісі болды. 2025 жылдан бері KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметін…
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды. Серік Шәпкенов бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарған. Әкімдікке дейін Атырау қаласының әкімі, облыс әкімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және министрі қызметтерінде болған.
