Атырау қаласының тұрғыны заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде ақылы тапсыру акциясы аясында полицияға Winchester ұңғылы ойық винтовкасын өз еркімен тапсырды. Азаматтың айтуынша, қару оған атасынан мұра болып қалған және ұзақ жылдар бойы сақталған. Акция туралы білгеннен кейін оны полицияға өткізу туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда қаруға Атырау облысы полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері тарапынан тиісті сараптама жүргізілуде. Егер оның тарихи құндылығы расталса, Атырау облысы полиция департаментінің музей қорына табысталып, тарихи жәдігер ретінде сақталады. Айта кетейік, Winchester қаруы XIX ғасырдың аяғында америкалық қару конструкторы Джон Браунингтің жобасы бойынша әзірленген. Ол өз кезеңінде сенімділігімен ерекшеленіп, кеңінен қолданылған қарулардың бірі саналған. Полиция заңсыз…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife. 9 шілде. 8 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай сұрпы – CPC Blend маркалы мұнайдың бағасы барреліне 77,93 АҚШ долларын құрады. Бұл туралы OilPrice.com порталы хабарлады. Салыстыру үшін айтсақ, әлемдік эталон саналатын Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 78,39 АҚШ долларына жетті. Осылайша екі мұнай сұрпының арасындағы айырмашылық небәрі 46 центті құрады. Сарапшылардың айтуынша, бұған дейін қазақстандық мұнай Brent бағасынан едәуір төмен бағамен сатылып келген. Оған тасымалдау тәуекелдері, Ормуз бұғазы маңындағы геосаяси шиеленіс және әлемдік нарықтағы белгісіздік себеп болған. Алайда қазіргі таңда баға айырмашылығының айтарлықтай қысқаруы CPC Blend құнының әлемдік эталон деңгейіне барынша жақындағанын көрсетеді. Reuters агенттігінің мәліметінше, Brent…
CaspianLife. 9 шілде, Қазақстандықтар арасында автонесиеге деген сұраныс азайды. Автокредит беру көлемі шамамен 37%-ға қысқарды. Бұған банктердің қарыз алушыларға қоятын талаптарының күшеюі себеп болды. 1 шілдеден бастап несие беру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді банктер ең алдымен ресми расталған табыс көзінің болуына ерекше назар аударады. Сонымен қатар, зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінің тұрақты аударылуы да ескеріледі. Бұл мәліметтердің барлығы арнайы ақпараттық жүйелер арқылы тексеріледі. Мұндай шаралар қарыз жүктемесі онсыз да жоғары азаматтардың берешегін одан әрі көбейтпеу мақсатында қабылданған. Алайда сарапшылар жаңа талаптардың тек қарыз алушыларға ғана емес, бизнеске де әсер етуі мүмкін екенін айтады. Әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған…
CaspianLife. 9 шілде. Маңғыстау облысында жыртқыш және Қызыл кітапқа енген құстарды құтқаруға арналған уақытша оңалту орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды «24KZ». Орталықтың негізгі мақсаты – жарақат алған немесе әлсіреген құстарды қабылдап, ветеринарлық көмек көрсету, емдеу және оңалтудан кейін оларды табиғи мекеніне қайта жіберу. Мамандардың айтуынша, Маңғыстау – қоныс аударатын құстардың маңызды көші-қон бағыты. Сондықтан өңірде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар құстар жиі ұшырасады. Алайда олар электр желілеріне, көлікке немесе өзге де инфрақұрылым нысандарына соғылып жарақат алып, кейде заңсыз аулаудың құрбанына айналады. Орталық мамандары тұрғындарды жараланған немесе әлсіреген жыртқыш әрі Қызыл кітапқа енген құстарды өз бетінше емдеуге әрекет жасамауға…
CaspianLife. 8 шілде Ақтауда теңіз жағалауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында алғаш рет эко-тимбилдинг ұйымдастырылды. Өңірдің әр ауданынан жиналған 80 ерікті теңіз жағалауын қоқыстан тазалады. Іс-шараны ұйымдастырған облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері басты мақсат — экологиялық жауапкершілікті арттыру және волонтерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту екенін айтады. Меруерт ҚОНАҚБАЕВА, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы -Негізі эко-тимбилдингтің мақсаты — тазалық жұмыстарын жүргізу. Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында одан кейін облыс бойынша волонтерлардың бастарын біріктіріп ұйымшылдыққа бірге жұмыс жасауға тарту. Осыған дейін облыс бойынша жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жоқ бұл бізде бірінші рет. Іс-шара барысында қатысушылар ойынға қатысып, жаңа таныстар тапты.…
CaspianLife. 7 шілде. Ақтауда Каспий теңізіне екі адам батып кетті. Қайғылы оқиға облыс орталығынан 41–42 шақырым қашықтықтағы жағалауда, шомылуға арналмаған жерде болған. 42 жастағы ер адамның денесін сол жерде жүрген адамдар судан шығарып алған. Арада көп уақыт өтпей, осы маңнан тағы бір оқиға туралы хабар түскен. Құтқарушылар жеткенге дейін куәгерлер 14 жастағы баланың денесін судан алып шыққан. Сондай-ақ, олар 35 жастағы ер адам мен оның 8 жастағы баласын да ажалдан арашалап қалды. Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілсе, әкесі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Ерлан СОЛТАНМҰРАТОВ, Маңғыстау облыстық ТЖД ресми өкілі — Екі оқиғаның салдарынан бір ересек адам, бір…
CaspianLife. 2 шілде. Ақтөбелік зейнеткер бір күннің ішінде барлық жинаған ақшасынан ғана емес, жалғыз баспанасынан да айырылып қалды. Әйел адам WhatsApp желісінде «электр есептегішін ауыстыру» туралы хабарламадан басталған қоңыраулар сериясынан кейін алаяқтардың құрығына түскен. Бәрі неден басталды? 22 наурызда қарт әйелге WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз біреулер хабарласқан. Өзін энергиямен жабдықтайтын ұйымның қызметкерімін деп таныстырған ол есептегішті ауыстыру керектігін айтып, 1414 нөмірінен келетін кодты айтуды өтінген. Көп ұзамай екінші қоңырау шалынған. Бұл жолы өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырған адам зейнеткердің шотына қауіп төніп тұрғанын айтып, оны несие рәсімдеуге көндірген. Тіпті, алаяқтар әйелдің қасына бірге жүретін дәл өзіндей тағы бір зейнеткерді «көмекші»…
CaspianLife. 2 шілде. Қазақстан шикізат экспортына тарихи тәуелділікті жүйелі түрде азайтып, Орталық Азияның негізгі инвестициялық хабы ретіндегі мәртебесін нығайта отырып, тұрақты әрі әртараптандырылған экономикалық өсім көрсетіп отыр. Бұған Reuters ақпарат агенттігінің платформасында жарияланған World Impact Media Organization (WIMO) халықаралық ұйымының талдау есебіндегі мәліметтер дәлел болады. Халықаралық сарапшылардың тұжырымына сәйкес, республиканың макроэкономикалық жетістіктері жаһандық құбылмалылық — әлемдік ЖІӨ-нің баяулауы, нарықтардың жоғары волатильдігі (тұрақсыздығы) және капитал үшін шекарааралық қатаң бәсекелестік аясында өте сенімді көрінеді. WIMO сарапшылары өз пайымдарын мықты статистикалық базамен негіздейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ЖІӨ-нің өсімі 6,5% деген жоғары көрсеткіште тіркелді. Бұл қарқын қазіргі кезеңде де сақталып отыр: 2026…
Бар ғұмырын білім беру саласына арнаған ұстаздың өліміне қатысты іске нүкте қойылды. 58 жастағы әйелін қызының көзінше өлтірген зейнеткер 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкіміне сәйкес 63 жастағы Атырау тұрғыны қылмыстық кодекстің «аса қатігездікпен адам өлтіру» бабымен кінәлі танылды. Сот үкім шығарарда айыпталушының зейнеткер екенін және іс-әрекетін мойындағанын ескерген. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Ал марқұмдардың туыстарына 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Зарема ХАМИДУЛЛИНА, судья -Ең ауыр жағдай барлығы жас баланың, сіздің 12 жасар кішкентай қызыңыздың көз алдында болды. Сіз сол кезде қызыңыздың диванда анасының қасында ұйықтап жатқанын білесіз. Ол осы жерде жылап тұрып жауап берді.…
