CaspianLife. 9 шілде. 8 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай сұрпы – CPC Blend маркалы мұнайдың бағасы барреліне 77,93 АҚШ долларын құрады. Бұл туралы OilPrice.com порталы хабарлады. Салыстыру үшін айтсақ, әлемдік эталон саналатын Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 78,39 АҚШ долларына жетті. Осылайша екі мұнай сұрпының арасындағы айырмашылық небәрі 46 центті құрады.

