Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife. 2 шілде. Атырауда бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіру зауытын жаңғырту жұмыстары жоспарланған мерзімнен қалып барады. Бұл олқылықты облыстық мәслихат депутаттары құрылыс нысандарын тексеру (мониторинг) барысында анықтады. Бұл бағдарлама Балық шаруашылығы комитеті мен «NCOC» компаниясы арасындағы балық ресурстарына келтірілген шығынды өтеу туралы келісім аясында жүзеге асырылып жатыр. Мердігер ұйымның өкілі Шынболат Рахметовтің айтуынша, алғашқы екі айдағы жұмыстың тұрып қалуы бастапқы кестенің бұзылуына әкеп соққан. «Барлық каналдар бөлшектелгенімен, құрылыс әлі толық аяқталған жоқ. Атқарылатын ұсақ-түйек жұмыстар қалып қойды. Қазір үшінші каналдың құрылысына енді ғана кірістік. Ауа райының қолайсыздығы, яғни күннің жиі жауын-шашынды болуы жұмысты бөгеп тастады. Жер батпақ болғандықтан, техникамыз өте…

Read More

CaspianLife. 2 шілде. Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Chevron корпорациясының Upstream (барлау және өндіру) бағыты жөніндегі президенті Клэй Нефф кездесті. Тараптар екі компания арасындағы көпжылдық серіктестіктің негізгі бағыттарын талқылап, оны одан әрі нығайтудың қадамдарын айқындады. Кездесудің басты тақырыбы — Қазақстандағы ең ірі мұнай активтерінің бірі Теңіз кен орнын одан әрі игеру мәселесі болды. Қатысушылар «Теңізшевройл» ЖШС-нің тұрақты өндірістік қызметін қамтамасыз етуге және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұдан бөлек, ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық келешегін сөз етті. Тараптардың мәліметінше, қазіргі уақытта компаниялар Қазақстан аумағындағы болашағы зор геологиялық барлау жобаларына бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін зерделеп…

Read More

CaspianLife, 1 шілде. Бейжіңдегі Халық жиналысы сарайында Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Осы айтулы шара аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мемлекет пен қоғамның дамуына, әсіресе шекаралық аймақтардың әлеуметтік әлеуетін арттыруға өлшеусіз үлес қосқан бірқатар тұлғаға елдің ең жоғары партиялық марапаты — «1 шілде» орденін салтанатты түрде табыстады. Биыл бұл мәртебелі марапатқа ие болған сегіз тұлғаның қатарында тұңғыш рет қазақ ұлтының өкілі, белгілі ақ халатты абзал жан, ардагер дәрігер Ухас Сүлеймен бар. Бұл — аталған жоғары орденнің тарихында қазақ азаматының тұңғыш рет иеленуі ретінде тарихқа енді. Ат үстінде өткен 40 жыл: Жайлау шипагерінің өмір жолы Қытайдың ресми бұқаралық…

Read More

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан негізінен қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы адамдар босатылады. Заңға сәйкес, сотталғандардың белгілі бір санатына жасалған қылмыстың ауырлығы, келтірілген залалдың…

Read More

CaspianLife,1 шілде. Бүгін, 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Осы тарихи оқиғамен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа Конституция ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесінде қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Конституция деңгейінде қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы бекітілді. Бұл ұлттық мемлекеттік-құқықтық дәстүрдің үздіксіздігін айқындап, азаматтық бірегейліктің негізін нығайтады. Жаңа Конституция заң үстемдігі қағидатын орнықтырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің құқықтық тетігін күшейтті. Әділетті Қазақстан қағидаттарына конституциялық мәртебе берілді. Адам құқығы мен бостандығын қорғау кепілдігі едәуір кеңейтіліп, Конституцияда азаматтардың цифрлық құқығы мен ұсталған сәттен бастап заң көмегін алу құқығы бекітілді. Конституция саяси…

Read More

Caspian life, 1 шілде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады. 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен…

Read More

CaspianLife. 30 маусым. Атырауда прокуратураның талабы бойынша төрт кәсіпкерлік нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды. Атырау қаласының прокуратурасы жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын төрт кәсіпкерлік нысанын мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл жылжымайтын мүлікті өткен жылы әкімдік сенімгерлік басқаруға берген, алайда кәсіпкерлер шарт талаптарын орындамаған, ал атқарушы орган оны уақтылы кері қайтарып алу шараларын қолданбаған. Бұдан бөлек, ұзақ уақыт бойы мақсатты тағайындалуы бойынша пайдаланылмаған нарықтық құны 300 млн теңгені құрайтын 28 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Құқық бұзушылықтарды қалалық прокуратура қызметкерлері жер қатынастары және мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңдылыққа талдау жүргізу барысында анықтады. Атырау қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Жаслан Нұриденовтің айтуынша,…

Read More

CaspianLife, 30 маусым. Оңтүстік Кореялық компания Қазақстанда газ өңдеу зауытын салады. Бұл туралы lsm.kz өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды. Қуаттылығы 5 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытының EPC-мердігері оңтүстіккореялық «Hyundai Engineering Co., Ltd.» компаниясы мен «SICIM Kazakhstan LLP» консорциумы болады. Жобаның егжей-тегжейін «QazaqGaz» компаниясы LS басылымына айтты. Қазіргі уақытта тараптар тек ниет туралы хатқа ғана қол қойды, ал келісімшарттың өзі әлі келісу сатысында жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі мен жобаның түпкілікті құны құжатты келісу аяқталып, негізгі техникалық параметрлер бекітілгеннен кейін анықталады. Іске асыру кестесі де жобалық шешімдер нақтыланғаннан кейін белгілі болады. Зауыт жыл сайын шамамен 4,1 млрд текше метр тауарлық…

Read More

CaspianLife, 30 маусым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысында Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі елдің қоғамдық-саяси дамуындағы жаңа кезеңге жол ашады. Ал алдағы сайлау ашық, адал және әділ бәсеке қағидаттарына сай өтуге тиіс. Kazinform сайтының мәліметіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың басты заң шығарушы орган ретінде барлық бағыт бойынша сабақтастықты және институционалды дәстүрді сақтап, жылдар бойы қалыптасқан бірегей парламенттік мәдениетті жоғалтпай, оны одан әрі дамытуға баса мән беруге тиіс екенін айтты. — Еліміздің жоғары өкілді органы Құрылтайдың негізгі мақсаты — баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу…

Read More

CaspianLife, 30 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқорасындағы Ақжан есімді келісті байталды Астананың символына балап жүргендер бар. Қылаңбоз Ақжандай аяулы қылқұйрық жоқ болып тұр қазір елорда төңірегінде. Солай болмай қайтсін, Президенттің сүйікті жануары жер бетінде сирек кездесетін түгінің түсімен-ақ, әлеуметтік желінің көзайымына айналып отыр. Kazinform.kz сайтының мәліметінше, қазақ даласында аты аңызға айналған жылқы баласы жетерлік. Елордадан Көкшетауға шыға берісте мен мұндалап тұрған Құлагердің мүсіні соған дәлел. Солардың ізін жалғап Ақжанның арқа төсінде тууы заңдылық деуге де болады. Ақжандай қылаңбоз түкті жылқы Ақалтеке тұқымының өз ішінде 3 пайызға жетпейді. 2025 жылдың 30 наурызында туған жылқының сұлу төлі түгінің түсімен ертегі тұлпарларын еске…

Read More