CaspianLife, 25 маусым. Жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары жанармайды шетелге заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолын кесті. Қаржылық мониторинг агенттігі Ішкі істер министрлігі және Шекара қызметімен бірлесіп мұнай өнімдерінің контрабандасы мен заңсыз айналымына қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін бастаған. Шулы істердің бірі – Маңғыстау облысында анықталған жасырын шағын мұнай өңдеу зауыты. Ол 2022 жылдан бері есепке алынбаған 28,5 мың тоннадан астам мұнайды өңдеп, өндірілген өнімдерді мазут ретінде көрсетіп, шетелге жөнелтіп отырған. Түркістан облысында құқық қорғаушылар мемлекеттік шекараның астымен қазылған туннель арқылы бензинді Өзбекстанға заңсыз тасымалдаумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі. Кінәлілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ АИ-92…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 маусым. Екі жылдан астам уақыт бойы тағдыры бүкіл Қазақстанды алаңдатқан Ербаян Мұхтар 23 маусым күні сағат 21:40-та Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақатының салдарынан дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы болған. Жас жігіт жарақатты Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген кезінде алған. Әскерилердің ресми нұсқасы бойынша, ол дәретханада құлап, басын кафель еденге соққан. Алайда отбасы алғашқы күннен бастап ұлдарының аяусыз соққыға жығылғанын айтып келеді. 2023 жылдың желтоқсанында Ербаян комаға түскен. Бас әскери прокуратура 2024 жылдың жазында әскери қызметшілер арасындағы жарғылық емес қарым-қатынас фактісі бойынша тергеу жүргізіліп…
Caspianlife, 24 маусым. Маңғыстау облысында күштік құрылымдардың бірлескен арнайы операциясы барысында заңсыз айналымнан шамамен 20 келі марихуана тәркіленді. Операцияға облыстық полиция департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және прокуратура қызметкерлері қатысып, барлық іс-шаралар республикалық «Қарасора» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық шаралары аясында жүргізілді. Күдікті Ақтау қаласындағы базарлардың бірінде ұсталды. Оның қоймасы мен тұрғылықты мекенжайын тінту барысында өсімдік тектес есірткі заттары және оларды пайдалануға арналған құралдар табылған. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың аса ірі көлемдегі марихуана екенін растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. – Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және прокуратураның үйлестіруімен заңсыз айналымнан шамамен 20 келі марихуананы тәркіледі. Күдікті ұсталып, уақытша…
CaspianLife, 24 маусым. Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысының (ГКДҚ) құрылыс алаңында қарлығаштардың 13 белсенді ұясы анықталды. Құстар бақылау-өткізу бекетінің ғимаратын мекендеп, қазіргі уақытта балапан басып отыр. Ұяларды еңбек қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандары аумақты жоспарлы тексеру кезінде тапқан. Барлық 13 ұя белсенді деп танылды, яғни құстар оларды дәл қазір көбею кезеңінде пайдаланып жатыр. Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, ұя салған орындар қорғауға алынды. Сондықтан маусым аяқталғанға дейін қарлығаштарды мазалауға тыйым салынады. Құстар ұяларын тастап кеткеннен кейін мамандар қайта тексеру жүргізіп, ғимаратқа қатысты алдағы шараларды анықтайды. Жылына 1 млрд текше метр газ өңдеуге қауқарлы ГКДҚ…
CaspianLife, 24 маусым. Президенттің Брюссельге сапары аясында «Самұрық-Қазына» қоры Францияның Technip Energies компаниясымен Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытына (МӨЗ) арналған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мемлекеттік қордың басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Жақыповтың айтуынша, жоба бойынша зерттеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Осыдан кейін инвестициялық шешім қабылданады. Мемлекеттік қор басшысының бейнепікірін «Ұлысмедиа» басылымының Telegram-арнасы жариялаған. Қазақстан Энергетика министрлігінің бұған дейін хабарлауынша, жаңа зауыттың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталып кеткен. Жоспар бойынша, жаңа МӨЗ жылына 10 миллион тоннаға дейін мұнай өңдей алады. Шикізат көзі ретінде Қашаған және Теңіз кен орындарының мұнайы, сондай-ақ…
CaspianLife, 24 маусым. Қандыағаштағы тойда болған жаппай улану оқиғасынан кейін тергеу органдары санитариялық талаптар мен гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жалпы саны 113 адамға жеткен. Олардың барлығы мейрамханада өткен тойға қатысқаннан кейін ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жүгінген. Зертханалық тексеру нәтижесінде 34 адамнан сальмонеллез инфекциясы анықталды. Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа ауырлықтағы деп бағалап отыр. Алғашқы улану жағдайлары 19 маусым күні тіркелген. Оқиғаның салдарын жою және себептерін анықтау үшін жедел штаб құрылып, мамандар жаппай уланудың нақты себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.
CaspianLife, 24 маусым. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында, Ақтау қаласынан 56 шақырым жерде құтқарушылар 27 жастағы ер адамның мәйітін іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қайғылы оқиға 21 маусым күні болған. Ер адам Каспий теңізі жағалауының жабдықталмаған аумағында суға түскен кезде батып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына облыстық ТЖД-ның 11 қызметкері, 4 арнайы техника, 2 жүзу құралы, сүңгуірлер мен суасты дроны жұмылдырылған. Күшті дауыл құтқару жұмыстарына айтарлықтай қиындық туғызғанымен, мамандар іздеуді тоқтатпай жүргізіп жатыр. – Құтқарушылар таңертеңнен бастап теңіздің басылуын күтті. Бүгін де іздеу жұмыстары қайта жалғасты. Алайда әзірге ер адамның мәйіті табылған жоқ, – деді Маңғыстау облыстық ТЖД ресми өкілі Ерлан Солтанмұратов. Шомылу маусымы…
CaspianLife, 23 маусым. Ақтаудың 5-шағынауданының тұрғыны су төлемі бойынша артық есептелген соманы анықтаған. Су есептегіші уақытша жұмыс істемей тұрған кезде «МАЭК» ЖШС орташа көрсеткіштің орнына норматив бойынша есеп жүргізіп, түбіртекке артық 2 630 теңге қосқан. Тұрғын бұл жағдай бойынша «е-Өтініш» платформасы арқылы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментіне шағым түсірген. Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде заңбұзушылық расталды. – Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша «МАЭК» ЖШС тұтынушыға негізсіз қосымша төлем есептегені анықталды. Департамент тарапынан қысқартылған тәртіппен 3 миллион 460 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, толық өндірілді, – деді Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары Абылайхан Атжариев. Тексеру қорытындысы бойынша…
CaspianLife, 23 маусым. Қазақстанда шегірткеге қарсы 1,3 миллион гектар алқап өңделді. Бұл жылдық жоспарланған көлемнің 62 пайызын құрайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күнге дейін химиялық өңдеу жұмыстары 1,3 миллион гектар ауыл шаруашылығы алқабын қамтыған. Бұл – биылғы жылға болжанған жұмыс көлемінің 62 пайызы. Қорғаныс шараларын 20 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Өңдеу жұмыстары фитосанитариялық мониторинг нәтижелері негізінде жүргізілуде. Яғни, шегіртке ошақтары анықталып, зияндылықтың экономикалық шегіне жеткен жағдайда ғана химиялық өңдеу жасалады. Науқанға шамамен 3,5 мың маман, 556 техника бірлігі, оның ішінде әуе кемелері мен 103 ұшқышсыз ұшу…
CaspianLife, 23 маусым. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабул қаласына гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды. Қазақстан Ауғанстанға әуе рейсі арқылы дәрі-дәрмек жеткізіп, теміржол арқылы азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарлар тиелген сегіз вагон жөнелтті. Сонымен қатар гуманитарлық жүкпен бірге ауған халқына медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобы да барған. Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы аясында екі елдің 50-ден астам компаниясының қатысуымен өткен кездесуде Серік Жұманғарин Астананың стратегиялық ұстанымын таныстырды. Оның айтуынша, Ауғанстан Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын маңызды логистикалық хаб ретінде қарастырылады, ал Қазақстан өнімдер, технологиялар, машина жасау және химия өнеркәсібі тауарларын жеткізетін сенімді серіктес болуға…
