Автор: Сайт әкімшілігі

 CaspianLife. 29 маусым. Қазақстан қос палаталы парламент дәуірін тәмамдады: Сенат өзінің қорытынды отырысын өткізді. Қазақстанда Парламент Сенатының соңғы жалпы отырысы өтіп, оның 30 жылдық тарихы қорытындыланды. 1 шілдеден бастап, жаңа Конституцияға сәйкес, қос палаталы Парламенттің өкілеттігі тоқтатылады. Тамыз айында жаңа бір палаталы Парламент — Құрылтайға сайлау өтеді. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай құрамында жаңа есімдердің — болашағынан үміт күттіретін саясаткерлердің, жастардың, әйелдер мен өңірлер өкілдерінің көбірек пайда болатынына сенім білдірді. Өзінің алдағы жоспарлары туралы сұраққа спикер қысқа қайырды: Мемлекет басшысы жүктеген кез келген міндетті орындауға және кез келген салада жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сенат аппаратының қызметкерлері жаңа Құрылтай мен…

Read More

CaspianLife. 29 маусым. Маңғыстау облысының 41 жастағы тұрғыны көп мөлшердегі есірткімен ұсталды. Арнайы операцияны Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының полицейлері бірлесіп өткізген. Нәтижесінде жалпы салмағы 34 келіге жуық екі қап марихуана тәркіленді. Ұсталған жігіт еліміздің батыс өңіріне Жамбыл облысынан есірткі тасымалдауды ұйымдастырған. Ол психотропты затты сәлемдеме ретінде рәсімдеп, жүк тасымалдау қызметі арқылы қораптарға салып жіберген. Әлима ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы — Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған есірткі партиясы еліміздің батыс өңірлерінде одан әрі таратылуға арналған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Есірткі жеткізу арнасының жолын кесу нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттардың заңсыз айналымға түсуіне…

Read More

CaspianLife. 29 маусым. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің сайты хабарлады. «Атырау – Орал» тас жолының Батыс Қазақстан облысымен шекаралас тұсындағы 94 шақырымдық учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр: жолдың негізі нығайтылып, зақымдалған бөліктері қалпына келтірілуде және жаңа асфальт төселуде. Нысанда 80 бірлік техника мен 65 маман жұмылдырылған. Бұл жол облыстың 720 мыңнан астам тұрғынын көлік қатынасымен қамтамасыз етеді және Ресейге шығатын транзиттік дәліз қызметін атқарады. Екі облыс арасында теміржол қатынасы жоқ екенін айта кету керек. Жұмыстар 2028 жылы аяқталуы тиіс. Нәлібаев қарқынды үдетуді және төрт…

Read More

CaspianLife, 29 маусым. Атырауда жыл басынан бері мопед жүргізушілері 245 рет ереже бұзған. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмен, — дейді Атырау облыстық ПД қызметкерлері. Олардың сөзінше бұл профилактикалық жұмыстың және жаңа заңның нәтижесі. Еске сала кетейік, былтыр 5-сәуірде Қазақстанда мопедтер мен скутерлерді автокөлікке теңестіретін заң енгізілді. Қазіргі кезде Атырау облысында 1000-нан аса мопед тіркелген. Балдай СИРАЖЕВА, Атырау облыстық ПД ӘПБ үгіт-насихат тобының инспекторы — Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдары санатына жатады. Сондықтан оларды пайдалану үшін мопедті міндетті түрде тіркеп, мемлекеттік нөмір белгісін алу және жүргізушінің «А1», «А» немесе «В» санатындағы жүргізуші куәлігі болуы…

Read More

CaspianLife, 29 маусым. Атырау қаласында жылу маусымына дайындық басталды. Биыл қала ішіндегі 17,7 шақырым жылу құбырын ауыстыру жоспарланған. Оның 5,5 шақырымын алмастыру қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мойнында. Қазір Балықшы, Авангард және Орталық ықшамауданындағы құбырларды ауыстыру жұмысы аяқталып келеді. Орталық жылу жүйесіне қосылған 1 174 көпқабатты тұрғын үйдің де дайындығы тексеріліп жатыр. 300-ге жуық үй гидравликалық сынақтан өткізілген. Елтай АЙБАТОВ, Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй бөлімінің сектор меңгерушісі -Одан бөлек көктемгі гидравликалық сынақ кезінде анықталған 6,9 км жылу және ыссы су желілерін ауыстыру қолға алынды. Күні бүгінде осы жұмыстар үшін ашық конкурс жарияланып, қорытындысына сай жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Read More

CaspianLife, 29 маусым. Өткен аптада Атырауда автогаз тапшылығына байланысты жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек болған еді. Жүргізушілер газ құю үшін сағаттап күтті. Қазір жағдай бірте-бірте тұрақтанып келеді. Облыс билігі тапшылықты Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмысымен байланыстырып отыр. 26-маусымда басталған жоспарлы алдын алу жұмысы толығымен 20 шілдеге дейін аяқталуы керек. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілінің мәліметінше, маусым айына өңірге бөлінген 6 909 тонна сұйытылған газ толық жеткізілген. Қосымша қажеттілікті өтеу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытынан 2 мың тонна, Ақтөбедегі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамынан 2 мың тонна және Оралдағы «Жайықмұнай» кәсіпорнынан 740 тонна газ жеткізілуде. Алайда құжатты рәсімдеу…

Read More

CaspianLife, 29 маусым. Атырау облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында ауа температурасы +25°С және одан жоғары болған жағдайда, күн сайын сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін бір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қолданылады. Аталған шаралар жол жамылғысын жоғары температураның әсерінен болатын деформациялардан қорғауға, автомобиль жолдарының пайдалану мерзімін ұзартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.…

Read More

CaspianLife, 25 маусым. Қазақстан ішкі нарықтағы жанармай тапшылығының алдын алу мақсатында импорттық отынға салынатын кедендік баж салығын нөлге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сенаттағы брифинг барысында Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шара бензинге, дизель отынына және авиациялық керосинге қатысты болады. Бастама үшінші елдерден, ең алдымен Қытайдан, жанармай жеткізуге жол ашуға бағытталған. – Біз белгілі бір кезеңде жанармай тапшылығы туындаған жағдайда үшінші елдерден импорт жасау мүмкіндігін қалыптастыруды көздеп отырмыз, – деді Жанель Күшікова. Вице-министрдің сөзінше, бұған дейін Қазақстан үшін негізгі жанармай жеткізуші Ресей болса, қазіргі жағдайда Үкімет балама жеткізу көздерін қарастырып жатыр. Сондай-ақ ол елдегі…

Read More

CaspianLife, 25 маусым. Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті. – Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте…

Read More

CaspianLife, 25 маусым. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипфейктер мен бағытталған эмоциялар дәуірінде отандық журналистика бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлерді нақты атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы медиа саладан мемлекеттің «иммундық жауабының» бір бөлігі болуды талап етті. Президент сөз астарын жұмсартпай, ашық айтты. Оның айтуынша, заманауи технологиялар дезинформацияның тұтас бір индустриясын тудырды: «Ботофермалар» цифрлық кеңістікке әдейі іріткі салу тұқымын себуде. Қазіргі уақытта үйреншікті түрде дипфейк деп аталатын ашық өтірік пен жаланың таралуы объективті фактілер бағытталған эмоциялармен және қаскөйлік арандатушылықтармен алмастырылатын қауіпті «пост-шындық» (постправда) феноменін қалыптастырды», — деді ол. Президентті мемлекеттік институттарға…

Read More