CaspianLife. 29 маусым. Маңғыстау облысының 41 жастағы тұрғыны көп мөлшердегі есірткімен ұсталды. Арнайы операцияны Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облысының полицейлері бірлесіп өткізген. Нәтижесінде жалпы салмағы 34 келіге жуық екі қап марихуана тәркіленді. Ұсталған жігіт еліміздің батыс өңіріне Жамбыл облысынан есірткі тасымалдауды ұйымдастырған. Ол психотропты затты сәлемдеме ретінде рәсімдеп, жүк тасымалдау қызметі арқылы қораптарға салып жіберген.
Әлима ҒАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы
— Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған есірткі партиясы еліміздің батыс өңірлерінде одан әрі таратылуға арналған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Есірткі жеткізу арнасының жолын кесу нәтижесінде ірі көлемдегі тыйым салынған заттардың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.

