CaspianLife, 29 маусым. Атырау қаласында жылу маусымына дайындық басталды. Биыл қала ішіндегі 17,7 шақырым жылу құбырын ауыстыру жоспарланған. Оның 5,5 шақырымын алмастыру қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мойнында. Қазір Балықшы, Авангард және Орталық ықшамауданындағы құбырларды ауыстыру жұмысы аяқталып келеді. Орталық жылу жүйесіне қосылған 1 174 көпқабатты тұрғын үйдің де дайындығы тексеріліп жатыр. 300-ге жуық үй гидравликалық сынақтан өткізілген.
Елтай АЙБАТОВ, Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй бөлімінің сектор меңгерушісі
-Одан бөлек көктемгі гидравликалық сынақ кезінде анықталған 6,9 км жылу және ыссы су желілерін ауыстыру қолға алынды. Күні бүгінде осы жұмыстар үшін ашық конкурс жарияланып, қорытындысына сай жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

