Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 23 маусым. Атырауда Д. Қонаев атындағы «Binom» мектебінде болған резонансты оқиғаға қатысты сот процесі басталды. Айыпталушылар орындығында – ауыр қылмыс жасады деп айыпталған 9-сынып оқушысы. Сот отырысы жабық режимде өтіп жатқандықтан, қорғау тарапы үнсіздікті бұзып, жасөспірімді қылмысқа итермелеген себептер туралы өз ұстанымын жария етті. Туыстарының айтуынша, беделді мектеп қабырғасында жылдар бойы жалғасқан буллингке мектеп әкімшілігі көз жұма қараған. Қалалық сотта алдын ала тыңдау өтті. Іс бойынша басты айыпталушы – «Binom» мектебінің кәмелетке толмаған оқушысы. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда отыр. Тергеу органдары оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, соның ішінде адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша айып…

Read More

CaspianLife, 23 маусым.  Атыраудағы «Marco» супермаркеттер желісінің қызметкерлері үш айдан бері жалақы ала алмай жүр. Сонымен қатар зейнетақы және әлеуметтік аударымдар олардың шоттарына жыл басынан бері түспеген. Қызметкерлер еңбек инспекциясы мен облыстық прокуратураға шағымданғанымен, әзірге нақты нәтиже болмаған. Супермаркетте он жылдан бері әкімші болып жұмыс істейтін Валентина Чигрина әлеуметтік аударымдардың жоқтығынан қажетті ота жасата алмай отырғанын айтты. Оның сөзінше, қызметкерлерден өз еркімен жұмыстан шығу талап етілуде. – Бізден өз еркімізбен жұмыстан шығуды сұрайды. Бірақ өз еркімізбен шықсақ, жұмыссыздар есебіне тіркеле алмаймыз, – дейді ол. Компаниядағы ең төменгі жалақы мөлшері шамамен 200 мың теңгені құрайды. Қызметкерлердің мәселесіне жеткізушілер де қосылған. Олардың…

Read More

CaspianLife, 22 маусым. 21 маусым күні Ақтөбе қаласында жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен жойқын дауыл соқты. Табиғи апат екі көпқабатты және бес жеке тұрғын үйдің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатты, жеңіл көліктерді аударып, қаланың бірнеше ауданын жарықсыз қалдырды. Қатты дауылдың арты шелектеп құйған нөсер жауынға ұласты. Тек «Астана» ауданының өзінде дауыл 80-ге жуық ірі ағашты тамырымен жұлып, көшелерді, көлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолағын бөгеп тастаған. «Қазіргі уақытта екі бригада күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, ауданымыздағы санитарлық тазалыққа жауапты 9 мердігер ұйым жан-жаққа ұшқан қоқыстарды жинап, шығару үстінде. Тазалық жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде», — деді «Астана» ауданы әкімдігінің…

Read More

CaspianLife, 22 маусым. Атырау облысының прокуратурасы өңірдегі түзеу мекемелерінің аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін белгіленген жалдау ақысының негізсіз жоғары болғанын анықтады. Тексеру барысында нысандардың функционалдық мақсаты, абаттандыру деңгейі және жалға алушылардың ұйымдық-құқықтық мәртебесі дұрыс айқындалмағаны белгілі болып, соның салдарынан жалдау құны негізсіз қымбаттаған. Қадағалау органының араласуынан кейін мемлекеттік мүлік департаменті қайта есептеу жұмыстарын жүргізді. Атырау облысы прокуратурасы басқармасының бастығы Руслан Құлмұхановтың айтуынша, жалдау ақысы 40 пайызға дейін төмендетілген. Мәселен, бір кәсіпкердің ай сайынғы төлемі 71 мың теңгеден 45 мың теңгеге дейін қысқарса, жылдық төлем көлемі 850 мың теңгеден 550 мың теңгеге дейін азайған. Нәтижесінде түзеу мекемелеріндегі өндірістік ғимараттарды жалға алып…

Read More

CaspianLife, 22 маусым. «Әділет» партиясы өңірлік филиалдарды құру жұмыстарын толық аяқтады. Партияның аумақтықбөлімшелері еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ашылды. Филиалдарды тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін партия өңірлік деңгейдегі басқару органдарын жасақтау кезеңіне кірісті. Болашақта барлық филиалда төрағалар мен басшылық органдарды сайлау рәсімі өткізіліп, бастауыш партия ұйымдарын құру жұмыстары басталады. Аумақтық желіні қалыптастыру – партияның ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың маңызды кезеңі. Бұл қадам азаматтармен тікелей байланыс орнатуға және партия бастамаларын жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Еске салсақ, өңірлік филиалдарды құру туралы шешім «Әділет» партиясының ІІ съезінде қабылданып, тиісті Ережемен бекітілген болатын. Құжатта партияның өңірлік құрылымдарының құқықтық мәртебесі, жұмыс тәртібі,…

Read More

CaspianLife, 22 маусым. Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы Қазақстандағы туу көрсеткіштері туралы мәліметтерді жариялады. Елде демографиялық өсім қарқынды жалғасып жатқанымен, Атырау облысы үшемдердің дүниеге келуі бойынша көшбасшы өңірлердің бірі ретінде ерекшеленді. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 54 үшем дүниеге келген. Үшемдердің туу көрсеткіші өңірлер бойынша біркелкі болмағанымен, Атырау облысы бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы және Шымкент қаласымен бірге көш бастап тұр. Осы кезеңде Атырау облысында 3 үшем дүниеге келіп, өңір тұрғындарының қатарына бірден 9 сәби қосылды. Жалпы алғанда, елімізде төрт ай ішінде 99,4 мың бала дүниеге келген. Көпұрықты жүктілік бойынша көрсеткіштер төмендегідей: Егіздер: 1 926 жағдай…

Read More

CaspianLife, 19 маусым. Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін реформалаудың бірнеше жаңа моделін қоғамдық талқылауға ұсынды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлемдерді азаматтың еңбек өтілі мен медианалық жалақыға қатысты орташа айлық табысына байланыстыруды ұсынып отыр. Бұл жинақтаушы жүйенің тәуекелдерін азайтып, зейнетақы көлемін анағұрлым болжамды етуге бағытталған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) басқа тәсілді ұсынды: жұмыс беруші аударымдарының 4%-ын азаматтың жеке шотына, ал тағы 1%-ын өмір бойы төлемдерді қамтамасыз ететін ортақ сақтандыру қорына бағыттау. Сенат депутаты Амангелді Нұғманов зейнетке шығудың міндетті шарты ретінде 40 жыл еңбек өтілін енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, бұл межеден асқан бюджеттік сала қызметкерлеріне зейнетке шығу…

Read More

Caspianlife, 19 маусым. Жылыой ауданында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде 51 аумақта орналасқан 62 заңсыз қоқыс полигоны анықталды. Рұқсатсыз қоқыс үйінділері Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қара-Арна және Майкөмген ауылдық округтерінде, сондай-ақ Жаңа Қаратон кенті мен Құлсары қаласында жүргізілген визуалды бақылау барысында тіркелген. Заңсыз қоқыс үйінділерін уақытылы жоймағаны үшін ауданның жеті әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 227 мың теңгені құрады. Жылыой аудандық прокуратурасының прокуроры Әділбек Өмірзақтың айтуынша, рейдтік іс-шаралар республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген. Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде анықталған қоқыс орындарын жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін…

Read More

CaspianLife, 18 маусым. Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасының қазасына қатысты сот процесі жалғасуда. Жәбірленуші тараптың өкілдері күдікті Сұлтан Сарсемәлиевтен моральдық шығын ретінде 70 миллион теңге өндіріп беруді талап етті. Мұндай талаппен қаза болған Мақсот Қарабалиннің туған әпкесі сотқа жүгінді. Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін отбасы тыныштығынан айырылып, жақын туыстарының денсаулығына да елеулі зиян келген. Сұлтан Сарсемәлиев сотта тағы да Наурыз Мұқанғалиевті өзін қорғау мақсатында өлтіргенін, ал отбасының қалған үш мүшесін қасақана өлтіргенін мәлімдеді. Айыпталушы моральдық шығынды өтеуден және келтірілген залалдың орнын толтырудан бас тартпайтынын айтты. Алайда қазіргі уақытта оның атына тіркелген жылжымайтын мүлкі жоқ екенін және қаржылық жағдайының ауыр екенін жеткізді.…

Read More

Caspianlife, 18 маусым. Индер ауданындағы тұйық көлдің тағдыры тағы да қоғам назарын аударды. Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы Үкіметке депутаттық сауал жолдап, көлдің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселені көтерді. Депутат Серік Ерубаевтың айтуынша, Атырау облысындағы бірегей табиғи нысан саналатын Индер көлі 2024 жылғы Үкімет қаулысымен республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры нысандарының тізімінен шығарылған. Алайда жергілікті тұрғындарға бұл шешімнің қандай ғылыми зерттеулер мен экологиялық сараптамаларға негізделгені туралы нақты ақпарат берілмеген. Қоғам белсенділері мен тұрғындардың айтуынша, көл мәртебесін өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілмеген, ал мемлекеттік органдардың ресми жауаптарындағы қарама-қайшы мәліметтер күмәнді одан әрі күшейткен. – Жергілікті тұрғындар Индер көлін табиғи-қорық қоры нысандары…

Read More