CaspianLife, 23 маусым. Атыраудағы «Marco» супермаркеттер желісінің қызметкерлері үш айдан бері жалақы ала алмай жүр. Сонымен қатар зейнетақы және әлеуметтік аударымдар олардың шоттарына жыл басынан бері түспеген. Қызметкерлер еңбек инспекциясы мен облыстық прокуратураға шағымданғанымен, әзірге нақты нәтиже болмаған.

