CaspianLife, 17 маусым. Атырауда Жангелдин ауылындағы отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша атышулы сот процесі жалғасуда. Кезекті отырыста прокурорлар заттай дәлелдемелерді көрсетіп, басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыс жасалған сәт пен одан кейінгі оқиғаларға қатысты жан түршігерлік мәліметтерді айтты. Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы қаза болғандардың мәйіттеріне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшыны келесі отырысқа шақыру туралы өтініш білдірді. Бұл ұсынысты процеске қатысушылардың барлығы қолдады. Мұндай шешімге марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің басының денесінен бөлек табылуы себеп болды. Бұл жайт көп сұрақ пен түрлі болжамдардың туындауына негіз болған. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің айтуынша, мәйіт ұзақ уақыт бойы табылмай жатқандықтан, басы кейін ажырап кеткен болуы мүмкін. – Оның…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 маусым. World Population Review талдау порталы әлемнің 180-нен астам елін қамтыған жан басына шаққандағы алкоголь тұтыну көрсеткішінің жаңартылған рейтингін жариялады. Зерттеу әдістемесінің негізіне World Health Organization деректері алынған. Онда 15 жастан асқан бір тұрғынға шаққандағы таза этил спиртін жылдық тұтыну көлемі литрмен есептелген. Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан бір адамға шаққанда 5,4 литр көрсеткішпен әлемде 83-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіш бойынша ел Камбоджа және Зимбабвемен қатар тұр. Сонымен бірге Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында көшбасшы атанды. Өңірдегі көрші елдердің көрсеткіштері Қазақстаннан айтарлықтай төмен болды. Қырғызстанда бұл көрсеткіш 3,9 литрді (101-орын), Түрікменстанда 3 литрді (119-орын), Өзбекстанда 2,1 литрді (132-орын), ал Тәжікстанда…
CaspianLife, 17 маусым. Маңғыстау облысында қарақұрттардың белсенділігі күрт артты. Мамандар мұны биылғы мол жауын-шашынмен байланыстырады. Соның салдарынан улы өрмекшітәрізділер әдеттегіден ертерек және көптеп пайда болған. Бұған дейін қарақұрт шағу деректерінің шарықтау кезеңі шілде-тамыз айларына сәйкес келсе, биыл қауіпті маусым мамыр айының соңында басталған. Жыл басынан бері 23 адам медициналық көмекке жүгінген. Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы да мұндай жағдайлардың көбейгенін растады. Мекеме директоры Берік Қауынов өткен жылдың шілде-тамыз айларында небәрі төрт адам түскенін, ал биыл алғашқы науқастар мамыр айының соңында-ақ тіркелгенін айтты. Қазіргі уақытта ауруханада қарақұрт шаққан алты адам ем қабылдаған. Оның төртеуі сауығып, үйіне шығарылса, екі науқас дәрігерлердің бақылауында қалып…
CaspianLife, 17 маусым. Жылыой ауданында патрульдік полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, толғағы қысқан жүкті әйелдің перзентханаға уақытылы жеткізілуіне көмектесті. Соның нәтижесінде отбасы қуанышқа кенеліп, дені сау қыз сәби дүниеге келді. Оқиға 2026 жылғы 16 маусым күні жол қозғалысы қарқынды болып, көлік кептелісі қалыптасқан уақытта болған. Кептелісте қозғала алмай тұрған жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, көлікте толғағы қысқан жұбайының отырғанын жеткізген. Жағдайдың шұғыл екенін ескерген полиция аға лейтенанты Ильяс Аблаев пен полиция лейтенанты Ринат Наурызұлы уақыт оздырмай әрекет етіп, қызметтік автокөлікпен сүйемелдеу ұйымдастырды. Нәтижесінде жүкті әйел перзентханаға дер кезінде жеткізіліп, дәрігерлердің қарауына алынды. Көп ұзамай жас ана аман-есен босанып, дүниеге…
CaspianLife, 16 маусым. Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Құдіретті сауыт 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды. Түсірілім тобы өңірдің бірегей табиғи ландшафттарын пайдаланып, жұмысқа кірісіп кетті. Негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде Бозжыра шатқалы таңдалған. Қазіргі уақытта 35 адамнан тұратын топ фильмнің бірнеше маңызды көрінісін түсіріп үлгерді. Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай түсірілім тобының өкілдерімен кездесіп, бастамаға қолдау білдірді. Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі фильмнің түсірілуі өңірдің туристік әлеуетін әлемге танытып, ішкі туризмнің дамуына серпін береді. Жоба жетекшілерінің мәліметінше, Джеки Чан Маңғыстауға келесі айда келеді. Фильмнің түсірілімін…
CaspianLife, 16 маусым. Мақат ауданының Доссор кентінде апатты үйлерде тұрған 71 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Жаңа тұрғын үйлер «Болашақ» шағынауданында салынған. Әр үй екі пәтерге арналған, бөлмелері кең әрі қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған. Қоныс тойын тойлағандардың басым бөлігі 1947, 1954-1959 және 1990 жылдары салынған, тозығы жеткен үйлерде тұрған. Олардың қатарында панельді көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары да бар. Макат ауданының әкімі Азамат Мамбетов аудан бойынша апатты үйлердің ең көп саны дәл осы өңірде орналасқанын айтты. Оның сөзінше, жүзге жуық апатты нысанның, соның ішінде бес екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің басым бөлігі Доссор кентінде орналасқан. Бұл мәселені шешу мақсатында арнайы…
CaspianLife, 16 маусым. Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге арнайы сапармен барып, жерлестерімен бірқатар кездесу өткізді. Өнер иесін облыс әкімі Асхат Шахаров қабылдады. Кездесу барысында тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени бастамаларды талқылады. Димаш өзінің шығармашылық жоспарларымен бөліссе, облыс әкімі аймақта жүзеге асырылып жатқан маңызды жобаларды таныстырды. Асхат Шахаров ақтөбеліктердің әлемдік сахнада ел намысын асқақтатып жүрген жерлесінің жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті. Сапар аясында әнші өзі білім алған оқу орындары мен балалық шағы өткен лагерьге барып, бұрынғы ұстаздарымен және жастармен кездесті. Сондай-ақ жақын күндері Ақтөбе облысында Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаянының түсірілімі басталатыны хабарланды.
CaspianLife, 15 маусым. Алматы облысында Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтап, оның жұмысын тоқтатты. Заңсыз өндіріс Қарасай ауданындағы жеке тұрғын үйде ұйымдастырылған. Тергеу мәліметінше, 29 жастағы күдікті үйді есірткі өндіретін цехқа айналдырып, қажетті химиялық заттар мен арнайы жабдықтарды интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы сатып алған. Тінту барысында полицейлер 28 келіден астам α-PVP синтетикалық есірткісін, 880 литр прекурсорды және арнайы зертханалық құрал-жабдықтарды тәркіледі. Мамандардың қорытындысына сәйкес, бұл өндірілген алғашқы партия болған және оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында қауіпті өнім заңсыз айналымға жіберілмей, дер кезінде тәркіленді. ҚР ІІМ Есірткі…
CaspianLife, 15 маусым. Жылыой ауданында нөсер жаңбыр мен қатты дауыл салдарынан 1200-ден астам қой мен ешкі қырылды. 2-3 маусым күндері Сарықасқа және Желтау аумақтарында шамамен 15 сағат бойы толассыз жаңбыр жауып, кейін күшті желге ұласқан. Оқиға туралы хабар түскен бойда Жылыой аудандық ветеринариялық станциясының мамандары арнайы техникамен бірге оқиға орнына шұғыл шыққан. Тексеру нәтижесінде Қосшағыл ауылдық округі, Құлсары қаласы және Майкөмген ауылдық округіндегі 11 шаруа қожалығы зардап шеккені анықталды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, қырқылған қойлар мен ешкілер ұзақ уақыт жаңбыр астында қалып, кейін батпаққа батып кеткен. Шенеуніктердің пікірінше, малға арналған паналардың уақытылы дайындалмауы да мал шығынына әсер еткен. Атырау облыстық Ауыл…
CaspianLife, 15 маусым. Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық кино жобасының түсірілімі басталды. Жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асыруда. Қазіргі таңда түсірілім тобы Маңғыстаудың бірегей табиғи ландшафттарында алғашқы кадрларды таспаға түсіруде. Фильмнің негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында аталған аумақта 35 адамнан тұратын түсірілім тобы жұмыс жүргізіп, фильмнің бірқатар көріністерін түсірді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай шығармашылық топ өкілдерімен кездесіп, халықаралық ауқымдағы кино жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау білдірді. Кездесу барысында өңірде креативті индустрияны дамыту, кино және телевизиялық жобаларды…
