Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 3 маусым. Каспий теңізінің Түпқараған ауданындағы жағалауынан өлі итбалықтардың өлекселері әлі де табылып жатыр. Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, 1 маусым күні Баутино ауылындағы тұщыландыру зауытынан «KCA» жағалауына дейінгі аумақтан 20 итбалықтың және бекіре тұқымдас 8 балықтың өлексесі анықталған. 2 маусымда зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласы маңындағы теңіз жағалауынан су сынамаларын алған. Зерттеу қорытындысы бойынша су құрамынан қандай да бір ластаушы заттар анықталмаған. – Соңғы екі айда Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны 368-ге жетті, – деді Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев. – Біздің тарапымыздан су сынамалары тұрақты түрде алынып жатыр. Зерттеу нәтижелері…

Read More

CaspianLife, 4 маусым.  Ақтаулық жастар Мемлекеттік рәміздер күнімен ерекше құттықтады. Олар Каспий теңізінің көгілдір толқындары үстінде серуен қайықпен сапарға шығып, көк байрағымызды желбіретті. Осылайша жастар отансүйгіштік қасиетпен ел рәміздеріне деген шексіз құрметін білдірді. Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Read More

CaspianLife, 3 маусым. Мәжіліс шетелдік интернет-дүкендерден тауар сатып алатындарға қатысты жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді шетелдік маркетплейстерден алынған тауарларды рәсімдеу тәртібі өзгереді. Бұған дейін шетелден тапсырыс берілген тауарлар үшін қосымша құжат рәсімдеу талап етілмейтін. Декларация тек бажсыз әкелу лимитінен асқан жағдайда ғана толтырылатын. Ал жаңа заң қабылданса, шетелдік интернет-дүкендерден жасалған сатып алулар жеке санатқа бөлінеді. Осыған байланысты «электрондық сауда декларациясы» атты жаңа құжат енгізіледі. Болашақта мұндай декларация әрбір шетелдік интернет-дүкеннен жасалған тапсырыс үшін рәсімделуі мүмкін. Жаңа талаптарға байланысты көптеген сатып алушылар Қытайдың танымал маркетплейстері бұғатталуы мүмкін деген қауіп білдірген еді. Алайда Қазақстанның Қаржы министрлігі басқа жолды…

Read More

Caspianlife, 3 маусым. Мәжілісте қаралып жатқан рақымшылық туралы заң жобасы аясында әкімшілік рақымшылықтың қалай жүзеге асырылатыны нақтыланды. Бұл тетік Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр және ол тек әкімшілік айыппұлдарға ғана қатысты болады. Заң жобасына сәйкес, әкімшілік рақымшылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін жаңа 889-1-баппен реттеледі. Құжатта рақымшылықтың қарапайым әрі қауіпсіз тәртіппен жүзеге асырылуы көзделген. Рақымшылық жеке тұлғалармен қатар жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттар мен заң консультанттарына да қолданылады. Мәжіліс өкілдерінің айтуынша, жеке кәсіпкерлерді тізімге енгізу олардың экономикалық белсенділігін қолдауға бағытталған. Алайда рақымшылық барлық айыппұлдарға бірдей таралмайды. Атап айтқанда, соттардың шешімімен салынған айыппұлдар, сондай-ақ қоғамдық…

Read More

CaspianLife, 3 маусым. Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған рақымшылық туралы заң жобасында рақымшылық қолданылатын азаматтардың санаттары нақтыланды. Заң жобасына сәйкес, қылмыстық теріс қылық жасағандар, онша ауыр емес қылмыс жасағандар, сондай-ақ келтірілген залалды толық өтеген немесе зиян келтіруге алып келмеген орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бұл санаттағы азаматтарға қатысты қылмыстық істерді, оның ішінде сот қарауындағы істерді тоқтату, жазадан толық босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін қысқарту көзделген. Сонымен қатар орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, тәртіп бұзушылыққа жол бермеген және жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына бір жылдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар келтірілген залалдың өтелуіне қарамастан мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Заң жобасында ауыр және…

Read More

CaspianLife, 3 маусым. Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжілістің мәліметінше, заң жобалары Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжаттың негізгі мақсаты – қылмыстық саясатты ізгілендіру және азаматтардың борыштық жүктемесін азайту. Рақымшылық жасау бастамасы Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңімен байланысты. Ата заңда әділеттілік, гуманизм, заң үстемдігі және адам қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттары бекітілген. Сонымен қатар құжатта рақымшылық жауапкершілікті толықтай алып тастамайтыны, тек заңда белгіленген жағдайларда қолданылатын ізгілік актісі екені атап көрсетілген. Бұл жолғы бастаманың ерекшелігі – Қазақстанда алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылықтың да…

Read More

CaspianLife, 2 маусым.  Бір кездері тәулік бойы жұмыс қайнап, мыңдаған арнайы жұмыс киімі тігілген өндіріс орны бүгінде тоқырау кезеңін бастан кешіп жатыр. Атыраудағы Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны ауыр дағдарысқа ұшырап, жүздеген қызметкердің орнына небәрі жиырмаға жуық адам ғана жұмысын сақтап қалған. Қалғандары ақысыз демалысқа жіберілген. Бұл кәсіпорын есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін жай ғана жұмыс орны емес, қоғаммен байланыс орнататын, әлеуметтенетін және өздерін қажет сезінетін ерекше орта болып келген. Есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ашық еңбек нарығында жұмыс табу оңай емес. Осы себепті Атыраудағы оқу-өндірістік кәсіпорын ондаған жыл бойы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды жұмыспен қамтып, олардың қоғамға бейімделуіне мүмкіндік…

Read More

CaspianLife, 2 маусым. Қазақстан қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ымырасыз саясатын жалғастыра береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президенттің айтуынша, қазіргі жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – кез келген реформаның табысты жүзеге асуының басты шарты. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары заң бұзушылықтың кез келген көрінісіне жедел әрі қатаң әрекет етуге міндетті екенін атап өтті. Президент өз сөзінде құқықтық тәртіп мәселесін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасымен байланыстырды. Оның пікірінше, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен елді мекендердің тазалығы қоғамның мәдениеті мен жауапкершілік деңгейін көрсетеді. Осы бағытта қалалар мен ауылдарды кешенді абаттандыру және көгалдандыру, тұрғындардың…

Read More

CaspianLife, 2 маусым. Теңіз кен орнындағы техникалық ақауға трансформатордың істен шығуы себеп болған. Оқиға ірі апат ретінде бағаланбайды, ал қалпына келтіру жұмыстары 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, орын алған жағдай қалыпты техникалық ақау ретінде қарастырылып отыр. «Шынын айтқанда, біздің тараптан ешқандай ірі апаттық жағдай тіркелген жоқ. Қолдағы мәліметтер бойынша трансформатордың жұмысында ақау болған. Сондықтан бұл оқиға кезекті техникалық ақау ретінде бағаланады. Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп, бекітілген кестеге сәйкес қызметін жалғастыруда», – деді Ерболат Садырбаев. Сондай-ақ ол Теңізшевройл компаниясының ішкі регламенті мен басшылықтың болжамына сәйкес, ақаудың…

Read More

Caspianlife, 2 маусым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City қаласын дамыту мәселесіне арналған жиында Үкімет пен әкімдерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асырудың маңызын тағы да еске салды. Президенттің айтуынша, жаңа қаланы тиімді жоспарлап, жан-жақты дамыту қажет. Барлық құрылыс нысандары халықаралық талаптар мен заманауи стандарттарға толық сәйкес болуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City жобасының негізгі мақсаты бизнеске қолайлы орта қалыптастыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және заманауи инфрақұрылым құру екенін атап өтті. Сондай-ақ қала төрт ауданға бөлініп, онда салынатын барлық нысандар халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талаптарға сай болуы керектігін айтты. Мемлекет басшысы қаланы абаттандыру, көгалдандыру…

Read More