CaspianLife, 2 маусым. «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпа күзетшісі Темірлан Анарбеков FlashScore статистикалық ресурсының дауыс беру қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы үздіктер құрамына (командасына) енді. Қазақстандық қақпашы әлемдік футбол элитасы — Харри Кейн, Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль және Хвича Кварацхелиямен бірге символикалық құрамға кірді. FlashScore сарапшылары Анарбековтің жоғары бағалануын оның бүкіл турнир бойы арқалаған орасан зор жүктемесімен түсіндірді. «Қайрат» топтық кезеңді соңғы орында аяқтағанымен, қазақстандық қақпашы команданы сан мәрте құтқарып қалды: алты кездесуде ол 34 соққыға тосқауыл қойып, күтілетін 4,39 голдың (xG) қаупін сейілтті. Соққыларды қайтару көрсеткіші 72,3%-ға жетті. Алты турдың қорытындысы бойынша қақпашының орташа балы 7,7-ні құрады…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 маусым. Атырау облысының Қызылқоға ауданында аса қауіпті зиянкес саналатын италиялық прус шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Биыл аудан аумағында жалпы көлемі 42 мың гектар жерді залалсыздандыру жоспарланған. Мамандардың мәліметінше, оның ішінде 10,9 мың гектар алқапта саяқ шегірткеге қарсы күрес шаралары жүргізіледі. Көктемгі фитосанитариялық зерттеу нәтижесінде Көздіғара ауылдық округіне қарасты Көкөзек жайылымынан, сондай-ақ Тасшағыл және Ойыл ауылдық округтерінің аумақтарынан италиялық прус шегірткесінің дернәсілдері анықталған. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Қызылқоға аудандық филиалының энтомологы Жанаргүл Өрдекованың айтуынша, зиянкес дернәсілдерінің алғашқы шығуы 12 мамырда тіркелген. Осыған байланысты тиісті дабыл хабарламалары облыстық инспекцияға жолданған. Қазіргі уақытта химиялық өңдеу жұмыстарын…
CaspianLife, 1 маусым. Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи «Алмалы» оңалту орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Әлеуметтік маңызы зор нысан Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмасы негізінде пайдалануға берілді. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік органдар өкілдері, ардагерлер мен өңір тұрғындары қатысты. Жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты орталықтың құрылысы 2023 жылы басталған. Бір мезетте 150 адамды қабылдай алатын мекеме балалар мен ересектерге кешенді оңалту қызметін көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылуы нәтижесінде өңірде көрсетілетін қызмет көлемі едәуір артпақ. Бұған дейін жыл сайын шамамен 1100 ерекше қажеттілігі бар азамат оңалту көмегін алса, енді олардың саны 2300 адамға…
Caspianlife, 1 маусым. Атырау облысында 1500 көрерменге арналған көпфункционалды «Атырау Арена» спорт кешенінің құрылысы бастау алды. Халықаралық талаптарға сай салынатын жаңа нысан “Нұрсая” шағынауданында 4,6 гектар аумақта бой көтермек. Іргетасқа уақыт капсуласын салу рәсіміне Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығы, спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты. Облыс әкімі жаңа спорт нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында салынып жатқанын атап өтті. – Бүгінде облыста тұрғындарды спорттық инфрақұрылыммен қамту деңгейі 71 пайызды құрайды. Өңірде спортты дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Былтыр сегіз спорт кешені пайдалануға…
CaspianLife, 1 маусым. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне сілтеме жасаған kapital.kz хабарлағандай, «Теңізшевройл» компаниясы 28 мамырда орын алған операциялық іркілістен кейін Теңізде мұнай өндіру көлемі біртіндеп қалпына келе жатқанын растады. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің өндіріс көлемі бұрынғы деңгейіне жетті ме деген тікелей сұрағына ТШО-ның баспасөз қызметі нақты жауаптан жалтарып, қалпына келтіру процесі жүріп жатқанын айтты. Кен орнындағы нысандардың бірінде нақты не болғанын оператор әлі де ашып айтқан жоқ, тек «болмашы операциялық іркіліс» деген түсініктемемен шектелді. ҚР Энергетика министрлігі өз кезегінде өндірістің уақытша төмендегенін бұған дейін мойындап, ТШО қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлаған болатын. Еске сала кетейік, 18 қаңтарда кен орнында трансформаторлар өртеніп, келесі күні-ақ ТШО…
CaspianLife, 1 маусым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қазақстандықтарды құттықтап, балалардың құқығын қорғау мен олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы…
CaspianLife, 1 маусым. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы – Ақорда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 оқушыны қабылдады. Арнайы ұйымдастырылған экскурсияға пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық және спорттық байқауларда топ жарған дарынды балалар қатысты. Экскурсия барысында оқушыларға Ақорданың салыну тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ олар ресми қабылдаулар өтетін залдарды аралап, Мемлекет басшысының кітапханасын көрді және резиденция аумағындағы бақта серуендеді. Кездесу аясында жеткіншектер Қазақстан тарихы мен Тәуелсіздік құндылықтары туралы жан-жақты мәлімет алып, елдің басты саяси нысандарының бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбиені нығайту болды. Экскурсия…
CaspianLife, 1 маусым. ExxonMobil компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» Қашаған кен орнындағы игерілмеген қорларды бірлесіп игеру мақсатында ортақ кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Агенттік мәліметінше, жоба толық жүзеге асқан жағдайда оның бүкіл өмірлік цикліне салынатын инвестиция көлемі 50-70 миллиард АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін. Америкалық мұнай алыбы Қашағандағы қазіргі консорциум жобасына кірмейтін ресурстарды игеру нұсқаларын қарастыруда. Алдын ала мәлімет бойынша жаңа бірлескен кәсіпорын Қазақстан тарапымен тең үлесте құрылуы ықтимал. Bloomberg бұл келіссөздердің Теңіз кен орнындағы газ өңдеу зауытын салу жоспарларымен де байланысы болуы мүмкін екенін атап өтті. Белгілі болғандай, Теңіз жобасының операторы — Chevron, ал ExxonMobil бұл…
CaspianLife, 29 мамыр. Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысында қаржылық алаяқтыққа байланысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Тергеу мәліметінше, қаза тапқан адамдардың атына мемлекеттен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақылар аударылып отырған. Сотта айтылғандай, Наурыз Мұқанғалиевтің шотына маусым мен желтоқсан айлары аралығында жалпы сомасы 520 мың теңге көлемінде жәрдемақы түскен. Сонымен қатар желтоқсан айындағы зейнетақы төлемдері Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваға аударылған. Ал Мейрамгүл Қарабалинаға мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындалған. Атырау облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Айгерім Беккалиева сотта нақты төлем көлемдерін жариялады. Оның…
Caspianlife, 28 мамыр. Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын екі жолақты трасса төрт жолақты магистральға айналады. Аталған жол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне кіреді және тәулігіне 15 мыңнан астам көлік өткізеді. Жоба жеті учаскеге бөлінген. Оның алғашқы 28 шақырымдық бөлігі былтыр басталып, биыл күзде пайдалануға беріледі. Ал жобаны толық аяқтау үш жылға жоспарланған. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Дархан Иманашев әр бағыттағы жолақтар бір-бірінен арнайы қоршаулар арқылы бөлінетінін айтты. Оның сөзінше, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырып, қыс мезгілінде трассаны күтіп ұстауды жеңілдетеді. Жоба толық аяқталғаннан кейін жол…
