CaspianLife, 22 мамыр. Атырау облысының Мақат ауданында өткен ауқымды экологиялық акция нәтижесінде әлемдік рекорд тіркелді. «Eco Steppe Fest Makat» фестивалі аясында бір мезетте 2000-нан астам тұрғын тазалық жұмыстарына қатысып, 21 шақырым аумақты қоқыстан тазартты. Үш сағатқа созылған сенбілік барысында 12 тонна қоқыс жиналды. Бұл жетістік Азия және Африка елдері бойынша Дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізілді. Дүниежүзілік рекордтар кітабының Азия және Африка елдері бойынша бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, мұндай форматтағы экологиялық шара бұған дейін әлемдік рекорд ретінде тіркелмеген. Таңғы сағат 06:00-де басталған фестиваль аясында тазалық жұмыстарымен қатар көрмелер, экологиялық сабақтар және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 мамыр. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға Ақтау қаласының 4А шағынауданында орналасқан «Ақбота» саябағын кешенді абаттандыру жобасы таныстырылды. Жоба тұрғындар мен қала қонақтары үшін заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған. Саябақ аумағында демалыс, спорт және мәдени уақыт өткізуге арналған инфрақұрылым жасақталады. Жобаны қаржыландыру «NCOC» компаниясының демеушілігі есебінен жүзеге асырылады. Жалпы инвестиция көлемі – 2,5 млрд теңге. Саябақтың жалпы аумағы 107 мың шаршы метрден асады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Конкурстық рәсімдер өткізілген. Қазіргі уақытта мердігер мекеме – «Оңдасын Строй» ЖШС-мен келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, автотұрақтар ұйымдастырылады.…
Caspianlife, 22 мамыр. Ақтөбеде 10 жастағы жеткіншек ойын алаңында ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр. Оқиға екі күн бұрын болған. Ойын алаңында ойнап жүрген баланың аяғы тайып кетіп, орындық астынан шығып тұрған үшкір темірдің үстіне құлаған. Салдарынан оның сан бұлшықеті жыртылып, қатты қан кеткен. Баланың туысы Данара Даришеваның айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері жеткіншекті дереу ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер шұғыл ота жасаған. — Баланың аяғы қатты жарақаттанды. Жедел жәрдем келіп, оны бірден ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасап, аяғын тікті. Бұл темірлер орындықтарды бекіту үшін пайдаланылған арматуралар болған, — дейді ол. Туыстарының…
Caspianlife, 22 мамыр. Атырауда қаладағы саябақтардың бірінің басшысына шабуыл жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы екі жігіт ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар әйелдің үйіне заңсыз кіріп, оған пышақпен жарақат салып, ақша мен бағалы заттарын алып кеткен. Зардап шеккен әйел аман қалып, бірнеше күн ауруханада ем қабылдаған. Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі де қамауға алынған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық», «Адам өлтіруге оқталу» және «Қарақшылық» баптары бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
CaspianLife, 22 мамыр. Атырау облысы полиция департаментінде қосымша жұмылдырылған күштердің қатысуымен гарнизондық саптық жиын өтті. Іс-шараға Астана қаласынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келген полиция қызметкерлері тартылды. 21-23 мамыр аралығында өңір аумағында рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Осы кезеңде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Негізгі мақсат — қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, жол бойында және халық көп шоғырланатын аумақтарда бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізеді.
CaspianLife, 21 мамыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда табысталды. Олардың қатарында маңғыстаулық ақын, драматург, әдебиеттанушы ғалым Оңайгүл Тұржан да бар. Ол жоғары мемлекеттік награда — «Парасат» орденімен наградталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Оңайгүл Тұржан — Маңғыстау ауданының тумасы. Бүгінде ол Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Телерадио және PR» кафедрасының доценті қызметін атқарады. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік телерадио комитетінде режиссер ассистенті болып бастаған қаламгер әр жылдары Қарағанды облыстық телерадиосында редактор-комментатор, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін…
Caspianlife, 21 мамыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасының негізгі мақсаты — сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіру және сайлау заңнамасының сақталуын күшейту. Қабылданған түзетулерге сәйкес, кандидаттардың сайлау қорларынан тыс қаржыландыру тартқаны немесе сайлау қорынан төленбеген өзге де материалдық көмекті пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар заң жобасындағы бірқатар өзгеріс конституциялық реформаларды іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, құжаттағы нормалар бір палаталы жаңа Парламент — Құрылтайдың құрылуына байланысты өзгерістерге сәйкестендірілген. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты конституциялық нормалар да ескерілген.
Caspianlife, 21 мамыр. Атырау облысында рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және жою бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Атырау облысы бойынша экология департаменті мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, рейдтік іс-шаралар өзге де құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар заңсыз қоқыс орындары Қазақстан Ғарыш Сапары ұлттық компаниясының ғарыштық мониторингі арқылы да анықталуда. Атап айтқанда, департамент мамандары Атырау қаласындағы Самал ықшамауданында орналасқан заңсыз қоқыс орындарына барып, жергілікті атқарушы органдармен бірге далалық зерттеу және зерделеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі уақытта аталған аумақты тазарту жұмыстары басталған. Сондай-ақ биыл мамыр айында Қазақстан Ғарыш Сапары жүргізген ғарыштық түсірілім нәтижесінде Құлсары қаласынан төрт рұқсатсыз қоқыс орны анықталған.…
Caspianlife, 21 мамыр. Атырауда өткен Әдеп кеңесінің отырысында бірқатар мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Caspian News. Жиында Қызылқоға, Мақат, Құрманғазы және Жылыой аудандары әкімдіктерінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік істер қаралды. Кеңес барысында мемлекеттік сатып алу саласында заң талаптарын өрескел бұзу деректері анықталған. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынас кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы да талқыланды. Динара Китенбаева мемлекеттік қызметшілер заң талаптары мен Әдеп кодексін қатаң сақтауға міндетті екенін атап өтті. — Мемлекеттік қызметші жұмыс барысында Конституциядан бастап барлық заң мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтауы тиіс. Сонымен қатар азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытып, бейәдеп сөз қолданбауы қажет, — деді ол. Әдеп кеңесінде…
Caspianlife, 21 мамыр. Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс орындарын анықтау бағытындағы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті тексеру барысында қаланың өндірістік аймақтарының бірінде белгіленбеген жерге төгілген қоқыс үйіндісі анықталды. Аталған дерек бойынша жедел шаралар қабылданып, қала әкімдігінің мердігер мекемесі аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық қоқыс қалдығы жиналып, арнайы полигонға шығарылды. Құрметті қала тұрғындары! Қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырамыз Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
