Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 21 мамыр.  22–23 мамыр күндері Атырау қаласында халықаралық «ШеберFEST – 2026» ұлттық қолөнер фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шараға Қазақстан өңірлерімен қатар Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қолөнер шебері қатысады. Бұл фестиваль өңірде 2024 жылдан бері өткізіліп келеді, ал биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылмақ. — Алғашқы екі фестиваль республикалық деңгейде өтсе, биыл халықаралық форматқа шығып отыр. Бұл қолөнерге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Біздің мақсатымыз – шеберлерді қолдап қана қоймай, Атырауды мәдени және туристік орталық ретінде дамыту, — деді Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің басшысы Төлеген Орынбасарұлы. Фестиваль аясында 4000-ға жуық авторлық бұйым көпшілік назарына ұсынылады. Олардың…

Read More

CaspianLife, 21 мамыр. Маңғыстау облысында алаңдатарлық статистика тіркелді. Өткен жылы бес кәмелетке толмаған жасөспірім суицид жасаған. Ал биылғы жылдың басынан бері тағы екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл мәліметтер облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысында айтылды. Жиын облыс әкімінің орынбасары Аббат Орысбаевның төрағалығымен өтті. Оған мемлекеттік органдар мен салалық басқармалардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің, буллингтің және құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды. — Бұл тек мемлекеттік органдар ғана шешетін мәселе емес, бүкіл қоғам болып назар аударатын маңызды проблема, — деді Аббат Орысбаев. Оның айтуынша, ведомствоаралық комиссиялар алдағы уақытта облыстың барлық…

Read More

CaspianLife, 21 мамыр. Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы өңір аумағындағы бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңнама талаптарының өрескел бұзылғанын анықтады. Тексеру барысында Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті қалдықтарды жинақтаудың рұқсат етілген лимитінен айтарлықтай асып кеткені белгілі болды. Атап айтқанда, бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген нормадан 513,2 тоннаға артық болған. Қадағалау шараларының қорытындысы бойынша компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияға 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Read More

Caspianlife, 21 мамыр. Ақтау қаласы Өмірзақ ауылына қарасты Ақжелкен елді мекені маңындағы Каспий теңізі жағалауында жаңа эко-парк бой көтермек, деп хабарлады Caspian News. Жобаның жалпы аумағы 67,5 мың шаршы метрді құрайды. Оны жүзеге асыруға 874 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде шамамен 35,5 мың шаршы метр жерде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 10 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылады. Жоба аясында жағалау бойымен жаяу серуендеуге арналған жолдар, сәулеттік нысандар мен демалыс аймақтары салу жоспарланған. Сонымен қатар футбол, баскетбол, workout және үстел теннисіне арналған спорт алаңдары ашылады. Әсет Басбаеваның айтуынша, эко-парк аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы шомылу аймақтары да қарастырылған. — Жобаны алдағы…

Read More

CaspianLife, 20 мамыр. Қазақстанда саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған маңызды реформалар қабылданды. Парламент Вице-президент қызметін енгізу және Құрылтай негізіндегі жаңа парламенттік модель құру туралы конституциялық заңдарды мақұлдады, деп хабарлады Caspian News. Ерлан Қошановнің айтуынша, қабылданған заңдар жаңа Конституция нормаларын іске асыруға бағытталған. — Бүгін Парламенттің қос палатасы Конституциялық заңдарды нақты жаңа Ата заңның ережелерімен сәйкестендірді. Бұл заңдар Мемлекет басшысының ауқымды саяси бағдарының іске асуының көрінісі, — деді Мәжіліс төрағасы. Жаңа заңға сәйкес, Вице-президентті Президент Құрылтайдың келісімімен тағайындайды. Ол Мемлекет басшысының негізгі өкілі ретінде қызмет атқарып, Президент өкілеттігі тоқтаған жағдайда елді уақытша басқаруы мүмкін. Вице-президент лауазымына қойылатын талаптар да айқындалды. Үміткер тумысынан…

Read More

CaspianLife, 20 мамыр. Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:   1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім; 5. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения…

Read More

CaspianLife, 20 мамыр.  Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар орталығының директоры Лазар Элунду Ассомомен кездесу өткізгенін хабарлады. Кездесу барысында тарихи-мәдени мұраларды ЮНЕСКО-ның халықаралық тізімдеріне енгізу мәселелері талқыланған. Мемлекеттік кеңесшінің мәліметінше, биыл шілде айында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында Қазақстан қатысатын екі ірі номинация қаралады. Алғашқысы — «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» атты ұлттық номинация. Оның аясында Бекет ата жерасты мешіті, Қараман ата жерасты мешіті, Шопан ата жерасты мешіті, Шақпақ ата жерасты мешіті және Сұлтан епе жерасты мешіті секілді тарихи нысандар ұсынылған. Екінші номинация — «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі» трансұлттық жобасы. Бұл бастаманы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бірлесіп ұсынып…

Read More

Caspianlife, 20 мамыр. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға берік негіз қалағанын айтты.   – Қарым-қатынасымызды дамытудағы күш-жігеріңіз ерекше маңызға ие. Сізді Қазақстанда сенімді дос және халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде таниды. Кенияны экономикалық тұрғыдан өркендетуге, елді жаңғыртуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды реформаларыңыз құрметке лайық, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Кения Президентінің Африкадағы бірлікті сақтауға, әлемдік қоғамдастықпен мазмұнды серіктестікті дамытуға ықпал ететін сындарлы диалогқа бейіл екенін атап өтті. – Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаныңызды ескере отырып, Сізге І дәрежелі «Достық» орденін тапсыруды зор мәртебе…

Read More

Caspianlife, 20 мамыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Республикасының Президенті Уильям Рутоны Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.

Read More

CaspianLife, 20 мамыр. Дүйсенбі күні АҚШ Сенаты 49 кандидаттан тұратын тізім аясында Асель Робертстің Словениядағы елші қызметіне тағайындалуын қарады. Дауыс беру нәтижесінде 46 сенатор қолдап, 43 сенатор қарсы дауыс берген. Бұл туралы  Mladina басылымы хабарлады. Хабарламада айтылғандай, Дональд Трамп Асель Робертстің кандидатурасын ақпан айында ұсынған болатын. Ал наурызда ол Сенат комитетіндегі тыңдаудан оң бағамен өтті. Наурыз айындағы тыңдау барысында Асель Робертс екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол Словенияны НАТО-дағы маңызды одақтас, АҚШ-тың досы әрі серіктесі деп атап, екі елді ортақ мүдде, демократиялық құндылықтар, экономикалық байланыстар және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық біріктіретінін айтты. Ал Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі Асель…

Read More