Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 мамыр. Атырау облысында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1998 жылы туған әйел адам ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады. Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторларымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті көпқабатты тұрғын үй ауласында қолға түскен. Тексеру кезінде одан психотроптық зат қатарына жататын «Тропикамид» препаратының 159 құтысы тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Полиция департаменті психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін ескертіп, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып…

Read More

Caspianlife, 19 мамыр. Бұл мәселе Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл рейстер мәселесі көптен бері айтылып келе жатқанын, алайда нақты нәтиже жоқ екенін жеткізді. «Жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте, билет бағасы бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын халықаралық әуе бағыттарына ерекше назар аударған жөн», — деп атап өтті Премьер-министр. Сонымен қатар халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге баса назар аударылды. Осыған орай Көлік министрлігіне осы жылдың соңына дейін елордамыздан Токио мен Нью-Йоркке, ал 2027 жылы – Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена сияқты Еуропа елдерінің астаналары мен басқа да…

Read More

Caspianlife, 19 мамыр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі.   Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысып отыр. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Read More

Caspianlife, 19 мамыр. Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға сәйкес келеді. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Ал Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында сағат 06:30-да басталады.

Read More

CaspianLife, 19 мамыр. Бүгін, 19 мамыр күні ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен Үкімет отырысы өтіп, авиация саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері талқыланды. Отырыс барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі «Кендірлі» курорттық аймағында салынып жатқан жаңа әуежай құрылысының барысы туралы баяндама жасады. Аймақ басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба Қарақия ауданында, Каспий теңізінің жағалауынан 13 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалпы аумағы 599 гектарды құрайтын нысан өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған. Жобаның жалпы құны 56,9 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда оның 19,9 млрд теңгесі игерілген. Құрылыс алаңында тәулік бойы 215 жұмысшы мен 122 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінде жұмыстардың…

Read More

CaspianLife, 18 мамыр. Бүгін Атырауда Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты сот процесі басталды. Айыпталушылар орнында 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев отыр. Ол төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінген. Сот процесіне судья Зарема Хамидуллина төрағалық етеді. Ол бұған дейін бірнеше резонанс тудырған қылмыстық істер бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Олардың қатарында Яна Легкодимованы өлтіру, NCOC менеджерінің өлімі және Құлсарыдағы қыз баланың қазасына қатысты істер бар. Аталған істер бойынша айыпталушылар өмір бойына сотталған. Еске салайық, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында отбасының жоғалып кету фактісі бойынша іздестіру шаралары басталды. 2026 жылдың 6 қаңтарында отбасының…

Read More

Caspianlife, 15 мамыр. Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында бокстан өткен U15 & U17 Азия чемпионатында қазақстандық жас спортшы Аманжан Жаңай 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жас чемпион 2012 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында дүниеге келген. Спорттағы алғашқы қадамын туған ауылындағы спорт мектебінде бастаған Аманжан бүгінде ел мерейін үстем етіп, халықаралық аренада Қазақстанның көк туын биікке көтерді. Спортшының бапкері Нұрлыхан Өтепбергеновтің айтуынша, Аманжанды спорт мектебіне алғаш рет 7 жасында әкесі алып келген. Алғашында дзюдо үйірмесіне қатысқан ол кейін өз қалауымен бокс спортына ауысқан. — Аманжанның спортқа деген ынтасы бала күнінен…

Read More

CaspianLife, 15 мамыр. Өзбекстан астанасы — Ташкент қаласында өткен U15 және U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында маңғыстаулық боксшы Нұржанат Бекназар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. 37 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спортшы қыздар арасында күміс жүлдеге ие болып, ел намысын абыроймен қорғады. Нұржанат Бекназар — 2012 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ол бокс спортымен үш жылдан бері тұрақты түрде айналысып келеді. Қысқа уақыт ішінде өзінің табандылығы мен спортқа деген ынтасының арқасында халықаралық додада үздіктер қатарынан көрінді. Жас спортшыны жарысқа баптап жүрген жаттықтырушысы Нұрхан Ысықбаев Нұржанаттың болашағынан зор үміт күтетінін айтты. Оның сөзінше, жас боксшы алдағы жарыстарда…

Read More

CaspianLife, 15 мамыр. Жасанды интеллект технологияларының жаппай таралуы Қазақстанның еңбек нарығына елеулі өзгерістер әкелуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді. Жұмыс күші ресурстары орталығының мониторингі мен болжамына сәйкес, алдағы он жылда 300 мыңнан 400 мыңға дейін жұмыс орны қысқару қаупіне ұшырауы мүмкін. Әсіресе көмекші қызметкерлер, бухгалтерлер, заңгерлер және адамның физикалық қатысуы міндетті емес салалардағы мамандар тәуекел аймағында тұр. Вице-министр мемлекет бұл мәселеге қазірден бастап назар аударып отырғанын айтты. Жыл басынан бері 186 мың адам жаңа мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өткен. Бағдарлама еліміздің барлық өңірінде қатар жүзеге асырылып жатыр. — Бұл үдеріс енді…

Read More

CaspianLife, 14 мамыр. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен келіссөз барысында екі ел көшбасшылары сауда, энергетика, қорғаныс өнеркәсібі және көлік логистикасы салаларындағы стратегиялық серіктестікті талқылады. Келіссөздердің басты экономикалық мақсаты — өзара тауар айналымын 15 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу болды. Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 5,4 млрд долларды құраған. Осы мақсатқа жетудің жол картасы ретінде сәуір айында өткен Үкіметаралық экономикалық комиссия отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын жоспар негізге алынбақ. — Түркия біздің негізгі сауда серіктестеріміздің бестігіне кіреді. Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 6 миллиард долларға жетті, ал Қазақстанның Түркияға құйған…

Read More