CaspianLife, 15 мамыр. Өзбекстан астанасы — Ташкент қаласында өткен U15 және U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында маңғыстаулық боксшы Нұржанат Бекназар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
37 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спортшы қыздар арасында күміс жүлдеге ие болып, ел намысын абыроймен қорғады.
Нұржанат Бекназар — 2012 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ол бокс спортымен үш жылдан бері тұрақты түрде айналысып келеді. Қысқа уақыт ішінде өзінің табандылығы мен спортқа деген ынтасының арқасында халықаралық додада үздіктер қатарынан көрінді.
Жас спортшыны жарысқа баптап жүрген жаттықтырушысы Нұрхан Ысықбаев Нұржанаттың болашағынан зор үміт күтетінін айтты. Оның сөзінше, жас боксшы алдағы жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінеді деген сенім мол.


