Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 мамыр.  26 маусымнан бастап Ақтау мен Қытайдың Үрімші қаласы арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. Жаңа бағытты қазақстандық лоукостер әуе компаниясы FlyArystan Airbus A-320 ұшағымен орындайды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Ақтау халықаралық әуежайының мәліметінше, жаңа рейс Маңғыстау өңірі мен Қытай арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапарларды қолжетімді әрі ыңғайлы етпек. Рейстер аптасына екі рет орындалады. Ақтаудан Үрімшіге сейсенбі және жұма күндері орындалады. Ұшу уақыты: 20:10 Қону уақыты: 03:05 Ал, Үрімшіден Ақтауға рейстер сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты: 04:05 Қону уақыты: 05:40 Жаңа бағыт жолаушыларға Қытайға тікелей қатынауға…

Read More

CaspianLife, 8 мамыр. Қазақстан тумасы Санжар Әбішев Лондонның Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды. «Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern колледжін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықты. Құтты болсын» — деп жазды кәсіпкер Қанат Көпбаев. Айта кетейік, Сент-Джеймс ақсүйектер ауданы деген атауға да ие. Ол — Лондонның қақ ортасында орналасқан беделді аудан.

Read More

 Caspianlife, 8 мамыр. Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. 2023 жылғы наурыздан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Ал бұған дейін облысы әкімі қызметін атқарған Нұрлыбек Нәлібаев жуырда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 8  мамыр. Қазақстан құрамасы Balkan Mathematical Olympiad 2026 халықаралық беделді олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп, 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте 6-орынға ие болды. Зияткерлік жарыс 3–8 мамыр аралығында Салоники қаласында өтіп, математикалық білім деңгейі жоғары елдерден — Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, Түркия, Солтүстік Македония және басқа мемлекеттерден 148 қатысушыны жинады. Қазақстан құрамасы 100 пайыздық нәтиже көрсетті. Команда қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль бар. Халықаралық олимпиадада Атырау облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Орынбасар Бердібек күміс медаль жеңіп алды. Ал «алтын» медальды Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 12-сынып оқушысы Мұрат Тимур иеленді.

Read More

CaspianLife, 8 мамыр.  Отан қорғаушылар күніне орай 29011 әскери бөлімінің арнайы бөлімшелер ротасының бөлімше командирі, бас старшина Ербол Қалжанов 200 шақырымдық ультрамарафон жүгіріп өтті. Әскери қызметші аталған қашықтықты 33 сағат 21 минутта еңсерген. Бағыт Ақтау қаласынан Түпқараған ауданындағы Қызылөзен ауылына дейін және кері бағытта өтті. Ербол Қалжанов бұған дейін қала және облыс көлеміндегі сауықтыру марафондарына тұрақты қатысып келген. Алайда мұндай ұзақ қашықтықты алғаш рет бағындырғанын айтады. Ол спортпен бала кезінен айналысады. Қазіргі таңда дене дайындығы әскери қызметтің маңызды бөлігіне айналған. Әскери қызметші табиғат аясындағы жаттығуларға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. Оның айтуынша, Каспий теңізі жағалауының климаты мен жер бедері төзімділікті шыңдауға…

Read More

Caspianlife, 8 мамыр. Бейнеулік мұғалім Назгүл Салиева АҚШ-тың беделді жоғары оқу орындарының бірі – Бостон университетінде білім алып жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Қазіргі таңда ол отбасымен біргі АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында тұрады. Оқу орнына ол «Болашақ» бағдарламасы арқылы түскен. Көктемгі семестр аясында университет профессорының ұсынысымен ағылшын тілі мамандығында білім алып жатқан магистранттардың педагогикалық тәжірибесіне жетекшілік етеді. Назгүл Салиева практикум супервайзері ретінде студенттердің сабақтарына қатысып, оқу үдерісіне талдау жүргізеді. Сонымен қатар, сабақтардың өту сапасына қатысты қорытынды есептер дайындайды. – Мен кішкентай кезімнен ағылшын тіліне деген қызығушылығым зор болды. Қажетті тесттерді тапсырып «Болашақ» бағдарламасының грантына ие болдым. Басында Америкаға…

Read More

CaspianLife, 6 мамыр. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 6 мамыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Халық қаһарманы» атағы, ерекше ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені Мәденов Кенжебай Мәденұлына (қайтыс болғаннан кейін) берілді. Кенжебай Мәденов Батыс Қазақстан облысының Ақтай-Сай ауылында дүниеге келген. Ол майданға 18 жасқа толмай жатып аттанған. Әскери жаяу әскер училищесін бітірген соң, лейтенант шенінде Мәденов 5-ші соққы армиясының 1-ші Беларусь майданына қарасты 266-шы атқыштар дивизиясының атқыштар взводының командирі қызметіне тағайындалады. 1945 жылғы 16 сәуірде Ұлы Отан соғысы барысында кеңес әскері Берлин стратегиялық шабуыл операциясын бастап, неміс армия топтарының негізгі күштерін талқандап, Германия астанасын алуды мақсат етті. Ал…

Read More

CaspianLife, 6 мамыр. Қазақстанда такси нарығына бақылауды күшейту жоспарлануда. Енді тасымалдаушылар өз деректерімен қатар, жұмыс істейтін автокөліктері туралы толық ақпаратты алдын ала көрсетуге міндеттеледі. Тиісті өзгерістер такси тасымалдаушыларына арналған хабарлама беру қағидаларына енгізілді. Бұл бастаманы Ұлттық экономика министрі көтерді. Жаңартылған талаптарға сәйкес, такси жүргізушілері қызметін бастамас бұрын әкімдіктерге хабарлама жіберуі тиіс. Бұл ретте құжат нысаны кеңейтіліп, көлік құралы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды: автокөлік маркасы; мемлекеттік тіркеу нөмірі; шығарылған жылы. Бұл деректер қызметті тіркеу кезінде міндетті болады. Ведомство түсіндіргендей, мұндай шара жолаушылар қауіпсіздігіне жауапты тасымалдаушыны жылдам анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ нарықтағы заңсыз қатысушылар үлесін азайтады. Бұған дейін хабарлама беру жүйесі нақты…

Read More

Caspianlife, 5 мамыр. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайы әкімшілігімен терминал шатырының су басу дерегі бойынша шұғыл кеңес өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша Азаматтық авиация комитеті әуежайды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар әуежай басшылығы техникалық мәселелерге жауапты аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданды. Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою шаралары күшейтілген. Мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстарын толық аяқтау және су басу себептерін жою алты ай ішінде жоспарланып отыр. Көлік министрлігінде мұндай заңбұзушылықтар дереу тоқтатылатыны, ал азаматтық авиация саласындағы талаптардың сақталуы мен авиациялық инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмысына…

Read More