CaspianLife, 30 сәуір. ҚазТрансОйл АҚ Қазақстаннан тыс жерлерге экспортқа мұнай айдау қызметінің тарифін арттырады. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 29 сәуірдегі №27 бұйрыққа сәйкес, жаңа тариф ҚҚС-сыз 1000 км үшін 1 тоннаға 12 500 теңгені құрайды. «Тариф өсімі 10,6% немесе 1 200 теңгені құрады. Жаңа тариф 2026 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді», — делінген хабарламада.
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 30 сәуір. Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында өңір тарихында алғаш рет шала туған нәрестелерге ретинопатия диагнозы бойынша жоғары технологиялық офтальмологиялық ота жүргізіле бастады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Аталған мақсатта перинаталдық орталыққа заманауи медициналық диодты «АЛОД-01» лазерлік аппараты іске қосылды. Жаңа құрылғы шала туған нәрестелер арасында жиі кездесетін ретинопатия ауруын ерте кезеңде анықтап, дер кезінде тиімді ем жүргізуге және балалардың көру қабілетін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Заманауи қондырғы «Аяла» қайырымдылық қорының бастамасымен, сондай-ақ «Galamat» серіктестігі, Qazaq Oil компаниясы және «220 Вольт» компаниясының қолдауымен табысталды. Облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенованың айтуынша, бүгінде өңірдегі шала…
CaspianLife, 29 сәуір. Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы заңсыз беру схемасының жолын кесті. Анықталғандай, Ақтөбе қалалық «Тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, кезекте тұрмаған адамдарға пәтер бөлуді ұйымдастырған. Нәтижесінде тізімге заңсыз түрде 15 азамат енгізілген. «Схема жарамсыз тұрғын үйлерді беру, кейін оларды жайлы пәтерлерге ауыстыру және тұрғын үй комиссиясының заңсыз шешімдері арқылы жүзеге асырылған. Пәтерлер жекешелендіріліп, сатылған, бұл әрекеттердің пайда табу мақсатында жасалғанын дәлелдейді», — деп нақтылады Ақтөбе облысының прокуратурасы. 2026 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен кінәлі тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
CaspianLife, 29 сәуір. Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Ақтаудағы көтерме сауда базарларын тексерді. Ол Асар-С базары, сондай-ақ өңірге өнім жеткізетін ірі көкөніс қоймалары — KazFruit және Asia Fruit Aktau нысандарында болды. Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде құрылған комиссия Көк базар, «Асар-С» және Мағаш базарының ет секторында мониторинг жүргізген. Тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталған. Бес кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын рұқсат етілген үстеме бағадан жоғары сатқаны белгілі болды. Оларға әкімшілік шаралар қолданылды. «Сондай-ақ “Мағаш” базарында ет бағасының негізсіз көтерілгені анықталды. Комиссия араласқаннан кейін бір килограмм еттің бағасы 4 500 теңгеден 3 500 теңгеге дейін төмендеді», — делінген…
Caspianlife, 29 сәуір. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нариман Акбаров тағайындалды. Ол Ұлттық ұлан жүйесінде 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында түрлі жауапты лауазымдарды атқарып, өзін білікті әрі кәсіби басшы ретінде көрсетті. «Айбын» орденінің II дәрежесімен және бірқатар наградалармен марапатталған. 2022 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары — штаб бастығы қызметін атқарған.
CaspianLife, 29 сәуір. Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында газ/сепарация кешенінің (ГСК) құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. KMG PetroChem баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның келесі кезеңдеріне өткен сайын логистиканың маңызы арта түседі. Болашақ зауытқа қажетті жабдықтарды құрылыс алаңына уақытылы әрі қауіпсіз жеткізу негізгі міндеттердің бірі болмақ. «KMG PetroChem үшін қазақстандық қамту үлесіне басымдық бере отырып, тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыру маңызды», — делінген хабарламада. Осы мақсатта жұмыс тобы Маңғыстау облысындағы ERSAI порты мен Баутино порты теңіз порттарына көшпелі тексеру жүргізді. Онда айлақ инфрақұрылымының жағдайы, жүк өңдеу мүмкіндіктері, кірме жолдар және ГСК құрылыс алаңына дейінгі логистикалық бағыттар жан-жақты бағаланды. Мұндай тексерулер жеткізу нүктесін…
CaspianLife, 29 сәуір. Маңғыстау облысында мамыр айына арналған мерекелік іс-шаралар жоспары бекітілді. Биылғы шаралар жаңа Конституцияда көрсетілген құндылықтар аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Забира Сәрібасова мәлімдеді. Оның айтуынша, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өңірде 90-нан астам мәдени іс-шара жоспарланған. Сонымен қатар 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күніне орай 114 іс-шара өтеді, оның ішінде 91-і мәдени, 23-і спорттық бағытта. — Негізгі назар Ұлы даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы, мемлекеттің біртұтас сипаты мен аумақтық тұтастығы, «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң және…
CaspianLife, 28 сәуір. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бір күнде шетелдік инвесторлармен — АҚШ пен Қытай делегацияларымен екі кездесу өткізді. Бұл өңірге ірі халықаралық ойыншылардың қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің бірінші жартысында Chevron Direct Investment Fund Ltd. қорының өкілдерімен келіссөздер өтті. Делегацияны қайта инвестициялық жобалар жөніндегі менеджер Джон Уильям Дорффельд басқарды. Тараптар қор қызметі мен Қазақстанның батыс өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Өңір басшысы облыстың инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, басым бағыттар ретінде көлік-логистика саласын, туризмді, өңдеуші өнеркәсіпті, сирек металдар өндіруді және агроөнеркәсіп кешенін атады. Оның айтуынша, әкімдік өзара тиімді жобаларды…
CaspianLife, 28 сәуір. Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында кәсіпкер мен мемлекеттік органдар арасындағы мүлікті тәркілеуге қатысты даулы мәселе қаралды. Өтініш берушінің айтуынша, мүлікті алып қою ешқандай заңды негізсіз жүзеге асырылған. Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Әсел Тұяқбаеваның хабарлауынша, жеке кәсіпкер Азамат Тілепқалиев осы жылдың 3 сәуірінде қалалық әкімдік пен полиция өкілдері оған тиесілі балалар аттракционын — мобильді карусельді алып кеткенін айтады. Бұл ретте, оның сөзінше, ешқандай процессуалдық құжат толтырылмаған. «Карусельді жеке қаражатыма сатып алдым. Бүгінгі таңда әкімдік өкілдері мүлкімді әкімшілік хаттамасыз тәркілеп алды. e-Өтініш арқылы барлық жерге жаздым, бірақ нәтиже…
CaspianLife, 28 сәуір. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылған «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты өңірлік форум барысында айтылды. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды. Форумға облыс әкімі Серік Шәпкенов, «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығының тұрғын үй қатынастары және нормативтік-техникалық реттеу департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов, сондай-ақ мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері мен ПИК (Пәтер иелерінің кооперативі) мүшелері қатысты. Форумда баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев тұрғын үй-коммуналдық…
