CaspianLife, 27 сәуір. Бүгін «112» пультіне Атырау қаласында Жайық өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен бір қыздың суға секіргені туралы хабар түсті. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жайық өзенінің жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен құтқарушылар Marlin жылдам қайығымен дереу жолға шыққан. Шамамен 4 шақырымды еңсеріп, олар оқиға орнына небәрі 4 минутта жеткен. Суда құтқарушылар ағыс алып кеткен қызды көпірден шамамен 800 метр қашықтықта тапқан. Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрған, кейін әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа көтерген. 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 27 сәуір. Атырауда туристік полиция қызметкерлері Швейцария мен Германиядан келген саяхатшыларға көмек көрсетті. Шетел азаматтарына қалада бағыт-бағдар алу үшін қажетті ақпарат беріліп, Қазақстан аумағында мобильді байланыс қызметтерін пайдалану, қауіпсіздік талаптары және туристерге маңызды өзге де мәліметтер түсіндірілді. Шетелдік қонақтар көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстандағы қонақжайлық пен қауіпсіздік деңгейін жоғары бағалады. – Бұл ел бізге үлкен әсер қалдырды, оны міндетті түрде өз елімізде ұсынамыз, – деп әсерлерімен бөлісті туристер. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, туристік полицияның негізгі міндеті – шетелдік және отандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсету.
Caspianlife, 27 сәуір. Биыл наурызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке дерегін заңсыз жинап, таратты деген күдіктілерді әшкереледі. Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іске қатысушылар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген. «Сатып алушылар қатарында микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ, жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрон ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді», — деп жазылған хабарламада. Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Caspianlife, 27 сәуір. Бұл жарыс Түркияның Стамбул қаласында 24–26 сәуір аралығында өткен Шотокан каратэден 16-шы әлем чемпионатында өтті. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында облыстық спорттық және дәстүрлі каратэ-до федерациясы вице-президенті Айбат Рахман хабарлады. Оның айтуынша, WKF каратэ нұсқасы бойынша ересектер арасында атыраулық спортшылар мынадай нәтижелер көрсетті: – ардагерлер (45–54 жас) арасында Марат Мурзиев 1-орын алды;– 75 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде Нұрберген Дамир 1-орын алып, әлем чемпионы атанды;– 75 кг-ға дейінгі салмақта Батырғали Әбілмансұр 2-орын иеленді;– 67 кг-ға дейінгі салмақта Батырғалиев Файзулла 2-орын алды. Ересектер арасындағы командалық кумите сайысында Марат Мурзиев, Нұрберген Дамир, Батырғали Әбілмансұр және Батырғалиев Файзулладан құралған атыраулық команда…
Caspianlife, 24 сәуір. Ақтауда 24 жастағы Маржан Сұлтанғалиеваның қазасына қатысты қылмыстық іс қайта жанданды. Марқұмның жақындары полицияның «суицид» деген нұсқасымен келіспей, істің жан-жақты тергелуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Биылғы жылдың 1 қаңтарында Ақтау қаласының тұрғыны Маржан Сұлтанғалиева өз пәтерінен өлі күйде табылған болатын. Құзырлы органдар оқиғаны бірден «өз-өзіне қол жұмсау» ретінде тіркеп, кейін істі тоқтатқан. Алайда, марқұмның анасы Гүлзира Демеуова бұл тұжырыммен үзілді-кесілді келіспейді. Анасының айтуынша, қызының мінез-құлқынан немесе іс-әрекетінен депрессия белгілері байқалмаған. Керісінше, Маржанның алдағы күндерге құрған жоспары өте тығыз болған: 1 қаңтар күні сұлулық салонына баруды жоспарлаған; 15 қаңтарға массажға жазылып қойған; 26 қаңтарда…
Caspianlife, 24 сәуір. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттары үшін Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Бұл шешім Қазақстанның жаһандық экологиялық және еріктілер қозғалысындағы көшбасшы елдердің бірі ретіндегі рөлін айқындай түседі. Аталған халықаралық бастаманы ілгерілету және Каспий теңізінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Мемлекет басшысы Каспий маңы елдерінің күш-жігерін біріктіріп, теңіз экожүйесін сақтау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Осы басымдықтарды іске асыру аясында 2026 жылғы 6-12 тамыз аралығында Маңғыстау облысында Caspian Sea Action Week 2026 ауқымды халықаралық іс-шаралар апталығы өтеді. Бұл шара Каспий маңы мемлекеттері кеңістігіндегі ең ірі экологиялық бастамалардың біріне айналмақ.…
CaspianLife, 23 сәуір. Қазақстан ІІМ қылмыстық істер бойынша іздеу салуда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Түркі мемлекеттері ұйымының (Organization of Turkic States) мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан үшін келесі елдерде іздеудегі тұлғалар табылды: — Қырғызстанда – 10 адам — Өзбекстанда – 1 адам — Түркияда – 3 адам Қазақстан аумағында әріптестердің сұрауы бойынша 51 адам анықталды: — Өзбекстан үшін — 38 — Қырғызстан үшін — 11 — Әзербайжан үшін — 2 «Бірлескен жұмыс жоғары тиімділік пен үйлесімділікті көрсетіп отыр», — делінген ТМҰ-ның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
CaspianLife, 23 сәуір. «Silleno LLP» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, құсты сапаны бақылау департаментінің мамандары байқап қалған. «Бірнеше күн бойы алаңдағы қызметкерлер экологтармен бірге аққуға күтім жасады. Кейін «Silleno LLP» қызметкерлері аққуды Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына тапсырды. Инспекция мәліметінше, мамандар құсты тексеріп, содан соң оны «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жіберді», — делінген хабарламада. Сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау және биоалуантүрлілікті сақтау жобаны іске асыру кезіндегі компания ұстанатын маңызды қағида болып қала беретіні атап өтілді.
CaspianLife, 23 сәуір. 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммит аясында Астанада Атырау облысы әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДCҰ) Еуропалық өңірлік бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ДДCҰ/Еуропа өңірлік директоры Ханс Хенри П. Клюге қол қойды. Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, «… меморандум Атырау облысы мен Каспий өңіріндегі қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсерін зерттеу бойынша ынтымақтастықты бекітеді». Сондай-ақ Атырау облысы мұнай-газ саласы дамыған ірі өңірлердің бірі екені, мұнда қоршаған ортаға түсетін жүктеме жоғары болғандықтан оның адам денсаулығына әсерін жүйелі түрде…
Caspianlife, 23 сәуір. Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайдың сақталуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға тұрақты рейстердің тоқтатылуын 31 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартты. Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтару немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдені қоса алғандағы рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Сондай-ақ жолаушылар тариф айырмасы мен әуежай алымдарын төлей отырып, Air Astana рейстері бойынша бағытты тегін өзгерте алады (ұшу мерзімі – 31 шілдеге дейін). Сонымен қатар «егер билет бұрын айыппұл ұстала отырып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды» деп нақтыланды. Әуе компаниясы өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап, өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды…
